Перспективалық жоспар «Ақбота» мектепалды даярлық тобы. 2021 – 2022 оқу жылы Қыркүйек айы І -апта


Тақырыбы: «Һ дыбысы мен әрпі» Мақсаты



бет41/75
Дата11.04.2023
өлшемі244,72 Kb.
#81581
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Тақырыбы: «Һ дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: сөз ішінде һ дыбысын тауып, Һ дыбысы бар сөздер мысалға келтіре отырып, сөйлем құрай алады.
Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Жануарлар әлеміне саяхат»
Мақсаты: аңдардың қысқы тіршілік ету ортасымен таныса отырып олардағы өзгерісті әңгімелеп айта алады.
Орыс тілі.
(Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша)

Математика негіздері.
Тақырыбы: «Заттар тобын салыстыру және санау»
Мақсаты: заттарды салыстыра отырып, заттардың үлкен және кіші санын анықтап, салыстыру арқылы "қаншалықты артық немесе кем?" деген сұраққа жауап бере алады.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар жауынан қалай қорғанады?»
Мақсаты: балалар аңдардың жауыннан қорғануы туралы айта алады.

Сурет салу.
Тақырыбы: «Тымақ»
Мақсаты: балалар ер адамға арналған бас киімнің түрлерімен, олардың жасалу ерекшеліктерімен таныса отырып, үлгіге қарап тымақты бейнелей алады.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Түлкі»
Мақсаты: түлкі оның тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастырып, меңгеріп, бірнеше бөліктерден түлкі бейнесін қиып жапсыра алады.
Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қысқы орман»
Мақсаты: балалар қыстағы орманның бейнесін ондағы ағаштардың, шыршалардың бейнесін мүсіндей алады. Музыка.
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Музыка.
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)

Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: балалар орман тіршілігіндегі өзгерістер туралы танысып орман иелерін сипаттап айта алады.
Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: «Жақсылыққа, жақсылық»
Мақсаты: балалар «қайырымдылық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерді меңгеріп жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін өз сөздерімен әңгімелеп айтып бере алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет