Перспективалық жоспар «Ақбота» мектепалды даярлық тобы. 2021 – 2022 оқу жылы Қыркүйек айы І -апта



бет64/75
Дата11.04.2023
өлшемі244,72 Kb.
#81581
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75
Байланысты:
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР МАД

Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Д дыбысы және әрпі»
Мақсаты: сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, Д дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстай алады.
Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Д дыбысы және әрпі» қайталау.
Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Ғажайып ертегілер әлемі»
Мақсаты: балалар ертегілерді қайталап, ойнау барысында, кейіпкерлердің жүріс-тұрысын, дауыс ырғағын, дұрыс жеткізе алады.
Орыс тілі.
(Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша)

Математика негіздері.
Тақырыбы: «Таразы»
Мақсаты: заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі-масса жайында түсінікті меңгеріп және оның бірлігі килограммен танысып, таразының көмегімен заттың массасын өлшеудің ерекшеліктерімен, бір амалмен шығарылатын есептер құрастырып шығарып оның мәнін таба алады.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Пайдалы қазбалар дегеніміз не?»
Мақсаты: туған Республикамыздың жер көлемі, ондағы пайдалы қазбалар туралы мағлұматты меңгеріп қолданыстағы байлықты ұқыпты, үнемді пайдалана алады.
Құрастыру.
Тақырыбы: «Мысық»
Мақсаты: балалар сіріңке қораптарын пайдалану арқылы желімдеп, қағазды қия отырып мысықтың бейнесін үлгіге қарап жапсыра алады.

Сурет салу.
Тақырыбы: «Таразы»
Мақсаты: балалар таразының қызметімен танысып, үлгіге қарап таразыны сала алады. Мүсіндеу. «Қуыршаққа арналған ыдыс»
Мақсаты: ұлттық бұйымдарды тамашалап, қуыршаққа арналған кесе мен ожауды үлгіге қарап мүсіндей алады.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»
Мақсаты: геометриялық пішіндерден (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек), түстер (көк, жасыл,қызыл-сары) түрлі бұйымдар ойлап тауып, қағаз бетін бағдарлай отырып өз ойларынан әдемі бұйымдар жапсыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет