II апта 11.04. – 15.04.2022ж. Өтпелі тақырып: «Ғарышқа саяхат» Мақсаты: балалардың ғарыш, зымыран, спутник, ғарышкерлер туралы түсініктерін қалыптастыру, балалардың ғарышқа қызығушылықтарын тәрбиелеу, оның құпияларын білуге ұмтылу, Жерді қоршаған планеталар, Күн, Ай, олардың қозғалысы, Күннің Жерге адам, өсімдік пен жануарларға қажетті жылу мен жарық беретіні туралы дұрыс түсіндіру.
Міндеттері: -ғарыш айлағын бейнеролик арқылы көрсету;
-түрлі тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;
-үлкендер еңбегін бағалауға баулу.
ІІ апта
1.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
2.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
3.Қауіпсіз мінез-құлық негіздері. Тақырыбы: «Мен жүрек туралы не білемін?»
Мақсаты: жүрекке арналған жаттығуларды орындай отырып, шынығудың денсаулыққа әсерін сезініп, салауатты өмір салтып сақтай алады.
Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» әңгімелесу.
Мақсаты: ғарыш, ғарышкер туралы мағлұмат ала отырып, сөйлем құрау арқылы ғарышкерлер өмірі олардың ғарышқа сапары туралы өз ойымен айтып бере алады.
Сауат ашу негіздері Тақырыбы: «Ц дыбысы және әрпі»
Мақсаты: Ц әрпін танып, Ц әрпі бар сөзді оқып, жазуды үйреніп, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту мақсатында сөйлемдер құрап айта алады.