Сауат ашу негіздері.
02.05.22ж
Тақырыбы: «Й дыбысы және әрпі»
Мақсаты: Й дыбысы мен әрпін танып, Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасап, сөз құрап, буынға бөле алады.
Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Достық мерекесі»
Мақсаты: балалар «достық» сөзінің мәнін, мағынасын түсініп, достар арасындағы сыйластық, достық қарым-қатынас көрсете алады.
Орыс тілі.
(Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша)
|
Математика негіздері.
Тақырыбы: «Апта күндері»
Мақсаты: цифр мен заттың санын сәйкестіндіруді үйреніп, сандық және реттік санау дағдысын жетілдіріп, апта күндерінің атауын жатқа айтып бере алады.
Жаратылыстану.
02.05.22ж
Құрастыру.
Тақырыбы: «Киіз үй»
Мақсаты: балалар киіз үймен танысып, киіз үйдің құрылысын атап, үлгіге қарап қағаздар арықыл киіз үйді құрастыра алады.
|
Сурет салу.
Тақырыбы: «Сырмақты әшекейлейміз»
Мақсаты: Қазақтың сәндік қолданбалы өнер бұйымдарымен танысып, үлгіге қарап сырмақты әшекейлей алады.
Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Дән шоқыған құстар»
Мақсаты: балалар ермексазды домалақтау, ысу, созу әдістері арқылы құстардың дене бөліктерін дұрыс орналастырып, өзіндік сипатын ерекшелеп үлгіге қарап мүсіндей алады.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Көгершіндер»
Мақсаты: балалар түрлі-түсті майлықтарды ұсақтап жыртып қағаз бетін бағдарлай отырып, көгершін бейнесін үлгіге қарап жапсыра алады.
Музыка
02.05.22ж
Музыка
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
|