Перспективалық жоспар қыркүйек айы Өтпелі ай тақырыбы: «Балабақша» Апталық тақырып: «Менің балабақшам» Кіші топ 2021-2022 оқу жылы Мақсаты



бет33/48
Дата16.05.2023
өлшемі113,85 Kb.
#93971
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
кіші топ перспективалық жоспар

1.Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Телефон».
Мақсаты:балаларға байланыс құралы туралы түсінік беру,көркем сөзге деген көңіл-күй деңгейлерін дамыту,кейіпкер бейнесін сомдауда,түсінікті сөйлеуде мәнерлі дауыс ырғағы арқылы сөйлеу көркемдігі мен рөлді орындау қабілеттерін қалыптастыру,әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,
сұрақ-жауап

1.Құрастыру.
Тақырыбы:
«Атқа арналған шана»
Мақсаты: балаларға құрылыс материалдарын пайдалана отырып шана құрастыра білуге үйретуді жалғастыру.Қол ұсақ бұлшық еттерін ересектің көрсетуі бойынша құрастыра алуын дамыту.
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,
сұрақ-жауап.


2. Жаратылыстану:
Тақырыбы: «Қысқы ағаштар.Шырша».
Мақсаты:Ағаштардың түрлерімен таныстыру.Оның ішінде шыршаның әдемі болып өсуі үшін адамдардың көмегінің қажет екендігін балаларға түсіндіру.Шыршаны суару,түбін тазалау сияқты жұмыстар туралы түсіндіріп,қарапайым еңбек іс-әрекетіне дағдыландыру.
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,
сұрақ-жауап

1.Музыка(пән маманы жоспары бойынша).


2. Сурет салу.
Тақырыбы: «Түрлі түсті сақиналар».
Мақсаты:Қол,саусақ қимыл-қозғалыс икемділігін бейімдей отырып дөңгелек пішін салуға үйрету,бояу түстерін ажырату дағдыларын қалыптастыру.Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын,кеңістікті бағдарлай білу қабілетін дамыту.


Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,
сұрақ-жауап .


3. Жапсыру
Тақырыбы: «Құрақ көрпе»
Мақсаты:құрақ туралы түсінік беру,геометриялық пішін-үшбұрышты қолдана отырып құрақ көрпе жасауды үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Төзімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,
сұрақ-жауап




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет