1.Көркем әдебиет Тақырыбы: "Жазда" Мақсаты:Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту,жайқалған жаз,жазғы қызықтар туралы түсінік бере отырып,сөздік қорларын байыту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері.
Өлең мазмұнын түсіндіру,жыл мезгілдері бейнеленген суреттер.
1.Құрастыру. Тақырыбы: «Біздің саяжай» Мақсаты:«Біздің саяжай» сюжеттік тақырыбында үй салуға үйрету.Зейінді көрсетілім бойынша үй тұрғыза алу қабілетін дамтыу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап.
2.Жаратылыстану Тақырыбы:"Алақай,жаз келді"
Мақсаты:Жаз айларының атауларын атау,олардың ерекшелігін ұғындыру.Жазғы табиғат өзгерістерін бақылап,жаз байлығын,әсемдігін,сұлулығын сезіне білуге үйрету.Табиғатты аялауға,қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап,
әңгімелесу, ойын
1.Музыка (пән маманының жоспары бойынша)
2.Сурет салу Тақырыбы: «Адамның бейнесін салу». Мақсаты:а)балалардың дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш пішіндерді саусақпен салуға және өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету. ә)іс-әрекет арқылы қимыл-қозғалыстарын дамыту: б)құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері:Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, суреттер.
3. Жапсыру Тақырыбы: « Алаңқайдағы балапандар». Мақсаты:Балаларды үй құстарымен таныстыруды жалғастыру. Бейненің жеке бөліктерін құрау арқылы композиция жасауға үйретуді жалғастыру. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері:сұрақ- жауап,әңгімелеу,түсіндіру.