Петропавл қаласы.
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Даниярова Айнұр Шахметқызы
«Денсаулықты нығайту жолдары»
Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын өалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.
Салауаттану дегеніміз не?
«Салауаттану» орыстың «валеология» сөзінен шыққан. Ол денсаулық ғылымы деген мағынаны білдіреді. Бұл ғылым қалай салауатты болудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйретеді. Ол қоршаған ортаның зиянды әсерінен, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі. Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
• белсенді және көңілді бол.
Денсаулық - біздің басты байлығымыз. Өз денсаулығын сақтау — әр адамның парызы.
Дұрыс тамақтану
Ағзаны шынықтыру
Гигиенаны сақтау
Денсаулыққа зиянды заттар
Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі
1) Суды аш қарынға ішіңіз
2) Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3) «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
6) Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
7) Барлық аурулар тістерден
8) Тамақты жақсылап шайнаңыз
9) Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
10) Салауатты өмір сүру салты - ұзақ өмір сүрудің жолы!
Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау үшін:
1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ әзірлеу және сақтау кезінде шикі, пісірілген және пайдалануға дайын тағамдарды бір - бірінен бөлек ұстаңыздар.
3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздырыңыздар.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар.
5) Мыналарды пайдаланудан алшақ болыңыздар:
• шикі (пастерленбеген) сүттен және құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;
• шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан
• шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
• пастерленбеген шырыннан.
Бала тәрбиелеуде балдырғандардың денелерін шынықтыру - балабақша жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мектепке дейінгі жаста қаланған дене тәрбиесі - адамның жалпы дамуының іргетасы. Адам өмірінің ешбір кезеңі алғашқы алты жылдағы дене тәрбиесіне тең келмейді. Мектепке дейінгі жаста бала денсаулығының негізі қаланады, қимыл - қозғалыс дайындығы мен үйлесімді физиологиялық дамуының іргетасы салынады.
Бүгінгі күні дене шынықтыру - сауықтыру жұмысын ұйымдастыру мәселесі әрбір мектепке дейінгі мекемедегі өзекті проблема болып саналады. Әсіресе мектепке дейінгі мекемедегі дене тәрбиесі баланың физиологиялық денсаулығының нығаюына, сақталуына бағдарланған білім берудің базалық аймағы, салауатты өмір салты негізінің қалыптасуының кепілі. Баланы неғұрлым белсенді өмірге тартсақ, оның физиологиялық, психологиялық денсаулығының дамуы қызықты әрі бай болады.
Қоғамдық тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады.
Дені сау, ішкі жан дүниесі кең адам - бақытты адам, ол өзін өте жақсы сезінеді, істеген ісінен, жұмысынан ләззат алады, өзін - өзі одан әрі жетілдіруге, дамыта түсуге тырысады, жан дүниесінің сұлулығын аша біледі. Физиологиялық тәрбиені ұйымдастыру қазіргі кезде бала өмірінің барлық жағын қамтиды: танымдық белсенділігі, әр баланың физиологиялық
дамуына бағытталған сауықтыру қызметі, оның денсаулығын қолдау және салауатты өмір салтына шақыру.
Мектепке дейінгі мекемелерде физиологиялық даму бойынша білім беру қызметін ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Дене шынықтыру сабағы 3 критерий бойынша әзірленеді: тәрбиеленушінің денсаулық жағдайы, қозғалыс белсенділігінің деңгейі, физиологиялық дайындығы. Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтарында балалардың өздері ұнатқан қозғалыстарын жасауына мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру сабақтарында сабақтар жүйесі әзірленеді. Онда емдік сауықтыру дене тәрбиесі әдістері қолданылады. Емдік сауықтыру дене тәрбиесі органдар мен жүйелердің тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі де жетілмеген, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет. Мысалы сабақта емдік сауықтыру дене тәрбиесі кешен түрлері қолданылады, оның әсіресе тыныс алу гимнастикасы, жалпы дамыту жаттығулары, шағын батуттағы жаттығулар, өз - өзіне нүктелі массаж жасау түрлері жиі қолданылады. Әсіресе, дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстарында балаларды жүзуге үйретудің маңызы зор. Жүзу көптеген ауруларды алдын алу үшін пайдалы. Жүзу бойынша балалардың демалысын жыл бойы дұрыс ұйымдастыру - олардың денсаулығын нығайтумен қозғалыс белсенділігін арттырудың кепілі. Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы – тұлғаны дұрыс қалыптастыру.
Балалардың денсаулығына қамқорлық жасай отырып, оларды тазалыққа, тәртіпке үйрете аламыз. Әсіресе, мәдени - гигиеналық ұғым мен практикалық біліктің бала тәрбиесінде орны зор. Мектепке дейінгі мекемелерде балалармен жұмыста салауатты өмір салты мен денсаулық құндылығын қалыптастыруда арнайы ұйымдастырылған жұмыстар жүргізіледі. Тәрбиешілерде балаларға өз дене мүшелері, ағзалары жайлы білім алуға бағытталған әңгімелер мен сабақтар әзірлейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдардан тұрады: дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық әлеуметтік – тұрмыстық факторлар.
Денсаулықты нығайту
Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтының негізгі талаптарын білу керек. Оларды күн сайын орындап отыру қажет. Бұл қимыл белсенділігі, күн тәртібін орындау, дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулардан сақтану, жағымсыз әдеттерден бас тарту. Осы әрекеттердің бәрі денсаулықты сақтауға, нығайтуға көмектеседі.
Ағзаны әлсірететін негізгі себептер:
• күн тәртібін бұзу;
• жеке бас гигиенасын сақтамау;
• аз қозғалу;
• мазасыздану;
• жағымсыз әдеттер (темекі шегу, т. б.)
• қоршаған ортаның қолайсыздығы.
Осы себептерді жою үшін балабақшада күн тәртібі дұрыс жүргізілу керек. Барлық тәртіп кезеңдері (тамақтану, оқу іс - әрекетінің ұйымдастыруы, серуен, ұйқы, еңбек, шынықтыру шаралары, ойын) уақытында және дұрыс тәртіппен орындалу керек.
Баланың тәрбиесінде балабақшаның күн тәртібінің маңыздылығы
Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда маңызы зор. Сонымен қатар, ол бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруға, ерік - жігерін нығайтуға, ұстамдылық, ұқыптылық сияқты басқа да маңызды қасиеттерді жетілдіруге көмектеседі. Күн тәртібі – балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс ойластыра жасалған еңбекке дағдыландыру, демалыс, тамақтандыру ережесі.
Сәбиді белгілі бір уақытта ғана тамақтандыру қажет. Кейбір аналар бұл талаптарды сақтамайды. Сөйтіп, бала тәрбиесіне белгілі дәрежеде қиындық келтіреді.
Жас нәрестенің жүйке жүйесі сыртқы ортаның әртүрлі әсеріне өте сезімтал болып келеді. Балалар тез шаршайды, сондықтан жиі әрі ұзағырақ тынығуды қажет етеді. Демалыстың ең басты түрі – ұйқы. Егер ұйқысы шала болса, ағза толық тынықпайды. Бұл денсаулыққа зиян келтіреді. Денсаулығы нашар балалар жасына қарамастан көбірек ұйықтаулары қажет. Сәбилерді белгілі бір уақытта ұйықтауға, белгілі бір уақытта тұруға үйрету де маңызды. Ұйықтар алдында алаңсыз ойнағаны жөн, ал жарты сағат серуендеу тіпті пайдалы. Жатар алдында бала беті - қолын, мойнын, аяқтарын жылылығы үй температурасымен бірдей сумен жуғаны дұрыс. Мұның тек гигиеналық қана емес, сонымен бірге, ағзаны шынықтыруда маңызы бар, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, неғұрлым тез ұйықтауға көмектеседі. Кешкі тамақты ең аз дегенде жатардан 1 - 1, 5 сағат бұрын
ішу керек. Баланың өзіне арналған таза, бірақ онша жұмсақ емес төсегі болғаны жөн. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алу қажет.
Бала таза ауада мүмкіндігінше ұзағырақ: жазда күні бойы, көктемде, күз бен қыста бірнеше сағат бойы болуы керек. Ауа райы қолайсыз күндерде серуенге ұзақ болмаса да жиірек шыққан жөн. Таңертеңгі, түскі, бесіндік және кешкі тамақтану мерзімдерін бұзбай сақтау қажет. Бейберекет ішкен тамақ та денсаулыққа зиян.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салумен, қағаз қиюмен, санақ есеппен, илеп мүсіндер жасаумен және басқа да істермен айналысуына арнайы уақыт бөлінеді. Мұндай істермен 3 - 4 жастағы балалар 15 - 20 минут, ал 5 - 6 жастағы балалар 30 - 40 минут қана айналысуы тиіс. Іс - әрекеттерді алмастыра отырып, әрбір 20 - 25 минут сайын үзіліс жасаған жөн. Балалардың жоғарыда аталған жаттығуларын таңертеңгі тамақтан кейін ұйымдастырған дұрыс. Ал қалған уақыт ойынға арналады.
Балабақшаның күн тәртібі баланың даму және өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Бала бірінші күннен сол тәртіпке үйреніп алса, өскен сайын барлық істерін де уақытпен орындауға тырысады.
Балабақшаның күн тәртібінің үлгісі: таңғы қабылдау, шаттық шеңбер, таңғы ас, оқу іс - әрекеттері, серуен, түскі ас, ұйықтау, кешкі ас, өзіндік жұмыс, кешкі серуен, үйге бару.
Ағзаны шынықтыру
Денсаулықты нығайтуда, жұмысқа қабілеттілікті арттыруда және суық тиюден сақтандыруда ағзаны шынықтырудың пайдасы зор.
Шынығуда табиғи күштер – Күн сәулесі, су және ауа пайдаланылады. Шынығу ауа райының жағымсыз себеп - шарттарына ағзаның қарсылығын арттырады. Денсаулыққа пайда келтіруі үшін шынығуды жүйелі түрде біртіндеп жүргізу керек. Шынығудың 3 түрі болады. Олар сумен шынығу, күн сәулесімен шынығу, ауамен шынығу.
Сауығу жүйесі
Сауығу – адамның денсаулығын шынықтырып ңығайтуға арналған тәртіптер. Адам өз денсаулығын шынықтырып, сыртқы зиянды әсерінен қорғау рефлексін қалыптастырады. Табиғаттың, ауаның әсерінен әр ағза өзгеше қабылдайды. Қалада тұрған адамдар денсаулығына көбірек зиян әсері тиеді. Өйткені, қалада фабрика - зауыттар жұмыстарын жүргізеді. Ал осы ғимараттардан денсаулығымызға өте көп зиян тиеді. Осы мәселеге қарай көп түрлі сауығу жүйесі дамытылған.
Балаларға арналған сауығу жүйесінің бірнеше түрлері бар: ауа арқылы сауығу, су арқылы сауығу және тағы басқа түрлері.
Ауа арқылы шынығу:
- таза ауада қабылдау: жылы күндері балаларды далада қабылдау, балалар таңертеңгі таза ауамен демалады.
- ауа ванна жаттығулары: тыныс алу жаттығуларын жасап, дұрыс демалуға үйрету.
- демалу қалпында ауа ваннасы: қимылдамай отыра, ауамен демалу.
- таза ауа жұтып ұйықтау: жылы күндері мүмкіндік болғанша таза ауада немесе терезеден таза ауа жіберіп ұйықтау.
- күн ванналары: күннің көзінде денені жылыту.
- жыл мезгіліне қарай жеңіл киіну: әр мезгілге сәйкес киіндіру.
Су арқылы сауығу:
- салқын сумен жуыну: бет - қолдарын, содан кейін денесін салқын сумен жууға.
- салқын сумен ауызды шаю: ауыз қуысын, тіс - иекті салқын сумен шаюға.
- аяқты сумен мезгілді жуу: жыл мезгіліне қарай аяқты салқын сумен жууға.
- бассейінде жүзу: жылы суда балалар жүзеді, мүмкіндік бойынша жылы күнде таза ауада бассейінде жүзу.
Басқа процедуралар:
- саусақ гимнастикасы.
- жалаң аяқ жүру.
- бұдыр тақтаймен жүру.
- өзіндік массаждың элементтері.
- пижамасыз ұйқы.
- тыныс алу.
Шынығу процедураларының түрлері
Шынығу жүйесі
Су арқылы шынығу
Салқын сумен жуыну
Салқын сумен ауызды шаю
Аяқты сумен мезгілді жуу
Бассейінде жүзу
Басқа процедуралар
Саусақ гимнастикасы
Жалаң аяқ жүру
Бұдыр тақтаймен жүру
Өзіндік массаждың элементтері
Пижамасыз ұйқы
Тыныс алу гимнастикасы
Ауа арқылы шынығу
Таза ауада қабылдау
Ауа ванналары жаттығуларымен
Демалу қалпында ауа ванналары
Таза ауа жұтып үйықтау
Күн ванналары
Жыл мезгіліне қарай жеңіл киіну
Дене белсенділігі
Дене белсенділігі – бұл шипалы күш. Әйгілі ғалым Н. М. Амосов былай деген: «Ден сау болу үшін қозғалу керек, денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы жетуге болады!»
Дене белсенділігі адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.
Қимыл белсенділігінің негізгі түрлері мынадай:
• таңертеңгі гимнастика;
• денебап;
• қимыл ойындары;
• сауықтыру жаттығулары;
• спорт секцияларына қатысу;
• серуендеу.
Гигиена – денсаулық кепілі
Гигиена – бұл гректің салауатты, денсаулық әкелуші деген сөзді білдіреді. Гигиена медицинаның бір саласы.
Гигиена бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Солардың бірі жеке бас және мектеп гигиеналары. Жеке бас гигиенасы – бұл денені, ауыз қуысын, киімді, іш киімді, аяқ киімді таза ұстау.
Мектепалды балаларының гигиенасы оқу орындарды, оқу үрдісін, оқушының тамақтануын, кестенің дұрыс құрылуын талап етеді. Мысалы, сынып бөлмесі кең, жарықпен жақсы қамтамасыз етілген, желдендірілген болу қажет.
Гигиеналық талаптарды орындау сенің деніңнің сау болып, дұрыс өсіп, дамуыңа мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |