Күні: Мұғалім: Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: Бөлім атауы Ғылым оқып, ой тапқан
Сабақ тақырыбы А. Құнанбаев «Күз» өлеңі, А.С. Пушкин «Болдинская осень»
Сабақ мақсаты А. Құнанбаев «Күз» өлеңі шығармасындағы көтерілген мәселенің
әлуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау арқылы өзіндік ой-
пікірін қорғайды.
Құндылықтарға баулу -
«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Өмір бойы білім алу, құрмет,
ынтымақтастық пен ашықтық
-
Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласы, «Туған жер» бағдарламасы, Абай шығармалары
негізінде оқушылар рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырады.
Құндылықтарға баулу адамгершілік, төзімділік, еңбекқорлық,
адалдық, жауапкершілік, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған
адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз
болады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз,
олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымызды және
мінез-құлқымызды анықтайды.
Пәнаралық байланыс өзін-өзі тану, орыс әдебиеті
Алдыңғы білім Абай дың табиғат лирикасы
Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы Сабақтың ортасы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
«Алтын күз» бейнематериал арқылы
тақырыпты болжайды, сабақтың мақсатын
ашады.
Абай Құнанбаев «Күз» өлеңін тыңдау.
1- тапсырма: Т. «Конверттегі сұрақ»
Өлеңнің мағынасын аша отырып, өзіндік
сыни ой -пікіріңізді білдіріңіз.
1- топ. «Күз» өлеңі қандай суреттермен
берілген?