196
Тақырыбы, идеясы жағынан ол ақынның «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...»,
«Біреудің кісісі өлсе, қарапы ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...»,
«Адамның кейбір көздері...» сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең
Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы.
Өлең 7,8,9 буынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б) жазылған. Алғаш рет 1909 ж.
Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі»
атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық
өзгерістер кездеспейді. Тек 1957 жылғы жинақта жазылу мерзімі 1896 ж. деп
көрсетілген. Абайдың бұл өлеңіне компoзиторлар С. Мұхамеджанов, А. Гурьев ән-
романстар жазған.
Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады. Орыс ақынының шығармасы 20
жол. Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімөлеңіп
алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы. Осымен байланысты
Абайдың басқа да еркін аударма деп көрсетілген шығармалары, мысалы, «Қайтсе
жеңіл болады жұрт билемек?..», негізі аударма болғанымен, асылыңда тың
шығарма екенін айта кету керек. Бұлар өзгертпей берілген, тура мағынасындағы
аударма емес, шығармашылық жолмен жазылған тума өлеңге айналған
шығармапар. Бұл-Абай аудармаларының басты бір ерекшелігі, ұлы ақын орыс
әдебиетінен шығармашылық жолмен үйренуді мақсат еткеңдіктен туып отыр.
Абай. Энциклопедия.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы,
«Атамұра» баспасы
Достарыңызбен бөлісу: