Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет153/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   322
Дескриптор

Өлеңнің жазылуы туралы ақпараттарды 
табады 

Ақпараттарды ықшамдап жеткізеді 
2-
топ «Әдебиетшілер»
Өлеңнің тақырбы мен идеясына талдау жасаңыз 
Дескриптор: 
Мәнерлеп 
оқу 
қағидалары 
қабырғада 
ілінген 
https://kitap.
kz/audio-
book/olengde
r_men_audar
malar_birins
hi_kitap 


190 

Өлеңнің мазмұны туралы деректерді 
табады 

Деректер негізінде тақырыбы мен 
идеясына талдайды 
3-
топ «Қаламгерлер» 
1.Өлең туралы көзқарасыңызды білдіріңіз 
Дескриптор: 

Өлең туралы өз ойын жазады 

Өз көзқарасын 
пайымдай алады 
«Кесіндеме» 
1.
Өлең мазмұны бойынша 
қазақ қыздарына тән 
сұлулықты бейнелеңіз
 
 
 
«Караоке» 
1.Бауыржан 
Исаевпен бірге әнді айтыңыз.
2.Бастапқы тыңдаған 
сезіміңізбен салыстырыңыз 
 
Буклеттер
«Көзімнің 
қарасы» 
өлеңі 
туралы 
деректер А-

парақтарда 
Қазақ 
қыздарының 
суреттері 
https://youtu.
be/AZm_Nd
1rJRM 
 
Сабақтың соңы 
 
 
«Табыс баспалдағы» 
Әр баспалдаққа сабақтағы 
іс-әрекетіңізді қорытып 
жазыңыз 
 
ҚОСЫМША 
«Көзімнің қарасы» 
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді ішімде,
Ғашықтың жарасы. 
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
Бар демес сендей бір
Адамның баласы. 
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын. 
Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,


191 
Көп сөйлеп созбайын. 
Тереңдеп қарайсың,
Телміріп тұрмайсың.
Бихабар жүргенсіп,
Бек қатты сынайсың. 
Сан кісі мұңайсын,
Сабырмен шыдайсың.
Күйемін, жанамын,
Еш рахым қылмайсың. 
Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Жүректе оты жоқ,
Адамда ми болмас. 
Шын ғашық сый болмас,
Сый болса, сыр болмас.
Арызымды айтайын,
Құй болар, құй болмас. 
Кең маңдай, қолаң шаш,
Я бір кез, я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз,
Қарағым, бетіңді аш! 
Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал, қызыл гүл,
Ақ тісің кір шалмас. 
Қыр мұрын, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.
Ақ етің үлбіреп,
Өзгеше біткен гүл. 
Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңілің бөл,
Қалқамның нұсқасын,
Көр, көзім, бір кенел. 
Қайғың – қыс, жүзің – жаз,
Боламын көрсем мәз. 
Күлкіңіз бойды алар,
Бұлбұлдай шықса әуез. 
Кісімсіп дүрдараз,
Бұраңдап қылма наз.
Мал түгіл басымды,
Жолыңа берсем де аз. 
Иісің – гүл аңқыған,
Нұрың – күн шалқыған.
Көргенде бой еріп,


192 
Сүйегім балқыған. 
Қаяусыз қалпынан,
Өзі артық даңқынан.
Қызыл тіл шыға алмас,
Мақтаудың шартынан. 
Сенсің – жан ләззәті,
Сенсің – тән шәрбәті.
Артықша жаратқан,
Алланың рахматы. 
Көрік – тәңірі дәулеті,
Қылса ұнар құрметі. 
Сұлуды сүймектік —
Пайғамбар сүндеті1. 
Не десем саған еп?
Ғашығың да қайғы жеп. 
Өртенген жүрекке,
Бір көрген болар сеп. 
Біздердей ғашық көп,
Қайсысы саған дөп?
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп. 
Назыңа кім шыдар?
Бұраңдап жүр шығар.
Қасқая күлгені,
Қылады тым құмар. 
Ер емес қымсынар,
Әркім-ақ ұмсынар.
Құдай-ау, бұл көңілім,
Күн бар ма бір тынар? 
Сүндет, сүннәт (арабша) – Мұхаммедтің істеген ісі мен айтқан сөзі 
1891-
ші жыл 
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының толық жинағы. 
Бірінші том. Алматы: жазушы, 2003 ж. 
1-
топ Өлеңнің тарихы 
«Көзімнің қарасы...»-Абайдың 1891 ж. жазған өлеңі.Өлең бұрын-соңды 
ешқандай қазақ ақыны қолданбаған 6 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. 
Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим 
Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлеңнің басылымдарында 
текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1909, 1933 жылғы басылымдарда алғашқы 
шумақтың соңғы жолы «Ғашқыңның жарасы», 1939, 1945, 1954 жылғы 
басылымдарда «Ғашықтың жарасы» болып берілсе, 1957, 1977 жылғы 
басылымдарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Ғашықтық жарасы» ретінде 


193 
түзетілген. 1945, 1954 жылғы жинақтарда 7-шумақтың жолы «Кең маңдай, қолаң 
шаш» түрінде жазылса, бұл жол 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт 
қолжазбалары мен 1909, 1939 жылғы басылымдар негізінде «Кең маңдай, қалың 
шаш» деп жөнделген. Мүрсейіт қолжазбаларында 10-шумақтың 2-жолы «Қараса 
көз тоймас», 14-шумақтың 4-жолы «Жолыңа берсем аз» делінсе, басылымдарда 
«Қараса көз тоймас», «Жолыңа берсем де аз» болып берілген. Сондай-ақ 1933, 
1939, 1945, 1977 жылғы басылымдарда кездесетін 17-шумақтың «Артықша 
жаратқан, Алланың рахматы» деген соңғы 2 жолы мен 18-шумақтың «Көрік - тәңір 
дәулеті, қылса ұнар құрметі» деген алғашқы 2 жолы Мүрсейіт қолжазбалары мен 
1909, 1954, 1957 жылғы басылымдарда ұшыраспайды. Мүрсейіт қолжазбалары мен 
1909 жылғы жинақта 20-шумақтың 4-жолы «Жүрегім лүпілдеп» деп жазылған. 
Әйтсе де мағынасына нұқсан келмейтін болғандықтан, жұртшылық арасында 
түсінікті қолдануын ескеріп, кейінгі басылымдарда «Жүрегім лүпілдеп» түрінде 
алынған. 1954, 1957 жылғы жинақтарда, 8-, 9-шумақ берілмеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет