Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет16/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

3-
тапсырма Топтық жұмыс.
«DEAL»
Берілген үзінді бойынша топпен жұмыс. 
1 топ D – Describe – 
баяндау, суреттеу (оқығанды, 
көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). 
2 топ E –Explain – 
түсіндіру (құбылыс немесе оқиға 
бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). 
3 топ A – Anallуse – 
талдау (ақпаратты талдау, 
қорытынды жасау, себептерін атау). 
4 топ L – Links – 
байланыс (болжамдар немесе 
қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру). 
Дескриптор: 

Мәтіннің негізгі мазмұнын баяндайды.

Мәтін бойынша не білгендерін түсіндіреді.

Мәтінге талдау жасап себептерін түсіндіреді.

Қорытынды жасап, өмірмен байланыстырады.
Сабақтың соңы «Попс» әдісі 
Менің ойымша,.... 
Мен мұны былай дәлелдеймін... 
Дәлел ретінде мысалдар келтіремін.... 
Мынадай қорытынды шешімге келдім..... 
ҚОСЫМША 
Елге оралу 
М. Әуезовтің «Абай жолы»роман-эпопеясы шәкірт Абайдың оқудан қайту 
шағынан басталады. Абайдың көңілі жай, алаңсыз. Тезірек еліме жетсем дейді, 
туған жерін,өскен ортасын, бауырларын сағынып келеді. Әжесі Зере мен анасы 
Ұлжанды, туған бауырларын көріп, құшақтасқанша асық. Абаймен бірге келе 
жатқан Байтас пен Жұмағалидың осы маңда ұры-қараның болатынын айтқанына 
сенбей, қайта оларды Абайдың өзі қорқытып, біраз әуреге салады. Міне, осы бала 
Абайдың ойында ештеңе жоқ. Алаңсыз балалық шақ. Жүрегі шайдай ашық. 
 
Әке тәрбиесі 
Қарашоқыдағы қанды оқиға. Қодар мен Қамқа өлімі.
Өзі сүйген әкесінің осындай сұмдық қатыгездікке барады деп Абай үш 
ұйықтаса түсіне де кірмеген, ойламаған.Қазақ даласындағы қатыгез заң-дәстүрдің 
құрбаны болған Қодар мен Қамқа өлімі жас Абайды теңселтіп жібереді. Сол 
қатыгез үкімнің әміршісі-өз әкесі, өзінің туған әкесі-Құнанбай. Ешкімге басын 
имеген Тобықты руының шонжары, сұлтаны-Құнанбай. 
Романда Абайдың «тас аттық жасағандарға»деген ызасы да, қарғысы да бар. 
Сонымен қатар Қодар мен Қамқаға деген аяушылық пен мейірбандылық та 
бар.Әсіресе өзінің туған әкесі Құнанбайды осы жаман іске қимас қиналыс та бар. 
Енді бір жағынан өзінің туған әкесі Құнанбайдан қорқу, шошу, үрку де бар. 


21 
Романда М.Әуезов Абайды қиянатшыл заманның сұмдығымен беттестіреді, сол 
сұмдықтың бас пәлеқоры Құнанбай екенін ашып көрсетеді. Осы Қарашоқы 
оқиғасынан кейін Абай шошып, ауырып қалады. «Абай жолы»романы ескілік пен 
жаңаның арасындағы тартылысты, сол ескілік шоғырланған жексұрын көрініс –
міне Қодар мен Қамқа трагедиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет