301
жазған өлеңі. Көлемі 20 жол. Жастарға ғибрат айтуға
бағытталған бұл өлеңін Абай Ысқақ Махмутов деген
татардың немерелеріне арнап шығарған деген дерек бар.
Ысқақ Абай аулымен араласып тұрған.
Өленде Абай шығармашылығына тән адамгершілік,
имандылық, сабырлылық пен кемелді ой мәселелері сөз
болады. Егер Абай «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінде
қазақ аулындағы жалқаулық пен арсыздықты,
мақтаншақтық пен парықсыздықты, еріншектік пен
арамтамақтықты ашына әшкерелесе, бұл өлеңінде
астарлы мысқылмен қатар
өнегелі ғибрат,
ақыл-кеңес
мол. Арзан күлкі мен пәтуасыз боссөзге ермей, шын
байлықты бағалай білудің қажеттігі алға тартылады.
Маңдай теріңді төгіп тапқан тиыныңды «сал да сақта
қап- шыққа» дей отырып, «сақтықта қорлық жоқ» деген
халық қағидасын уағыздайды.
Бұл бір
жағынан Абайдың өмірден алған өз сабағы. Оны «Елу
бесте біз дағы, Сенісер адам таптық па?» деп ақынның
өзі де сөздіреді.
Шығармада Абайдың гуманистік идеясы, имандылық
нысанасы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: