309
етесің?» өлеңімен мазмұндастық, ойсабақтастығы сезіледі. Абай лирикасына тән
ішкі динамика, ой терендігі, сөзім мелдірлігі мүнда да айқын көрінеді. Оқырман
лирикалық қаһарманның жүрегін жаралап, жігерін жасытқан ыстық сағынышқа
шүбәсіз иланады. Оның кейіпкері ғашығының бірауыз сөзіне зар болып,
қаншалықты қамықса да егілмейді, үмітін ұзбейді. Абай өлеңдерінен ара кідік
көздесіп қалатын тағдырға мойын ұсынушылықтың, жақсы-жаман атаулыны
тағдырдың ісі деп санаушылықтың да нышаны байқалады. Өлеңнің сыртқы
пішінінде жаңалық бар. Оның шумақ, буын, үйқас өрнектері қазақ өлеңінің
дәстүрлі үлгілерімен үйлеспейді. Шумақтардың алгашқы 4 жолы шалыс (-а, -б, -а, -
б) ұйқасады да, негізгі ойдың түйіні өзара ұйқасқан соңғы 2 тармақта беріледі. Өр
тармақтағы буын сандары да әр қилы: тармақ бойынша алғанда ол 5/7, 5/7, 6/6
түрінде аралас буын болып келеді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте
жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта
жарияланды. Өлең өзбек, қырғыз, орыс, тәжік, турікмен, қарақалпақ, ұйғыр
тілдеріне аударылған.
Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Әнді А.В. Затаевич 1930 ж. жазушы
С. Мұқановтан Москва қаласында жазып алып нотағатұсірген. Әннің бұл үлгісі
Осман Қашағановтан жазып алынған түріне ұқсас. А.В. Затаевич: «Музыка
тұрғысынан қарағанда, осы ұсынылып отырған «Татьяна хаты»-өте сәтті,
ойдағыдай шыққан қазақ авторының шығармасы»,- деп, жоғары пікірін білдірген.
Композитор Л. Хамиди жазып алған ән үлгісі А.Э. Бимбоэстің нотаға хаттаған
түрімен өте ұқсас. 1939 жылы профессор Б.Г. Ерзаковичте белгілі әнші
Қ. Лекеровтен осы әннің тағы да бір түрін жазып алған болатын. Әннің 3-4 және 6-
түрлері бір-бірімен өте ұқсас. Ал, 1-, 2 және 5- түрлері әуендік болсын, екпіндік-
ырғақтық жағынан әлгі жоғарыда аталған ән үлгілерінен өзгеше, алшақтау. Себебі,
Қашағанов пен Мұқановтан және Лекеровтен жазып алынған әндер дәстүрлі қазақ
әуен-саз арнасында айтылады. Әннің 1-, 2- түрлері бірқалыпты 2/4 ырғақ-елшем
кестесімен ерекшеленетін болса, әннің қалған түрлері-аралас музыкалық
елшемдермен сипатталады. Композитор Ғ. Жұбанова ақынның бұл әнінің
вариациясын жасады, С. И. Шабельский 4 белімді фортепионалық триосына бір
бөлім етіп енгізді, А. А. Гурьев романс жазды.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Достарыңызбен бөлісу: