306
ҚОСЫМША
«Есіңде бар ма жас күнің..?» - Абайдың 1899 жылы жазған өлеңі. Ақын есік
пен төрдей ғұмырдың қас қағымда өте шығатын мейірімсіз ақиқатын тілге тиек ете
отырып, табиғаттың осынау бір құбылысына философиялық түйін жасайды.
Тіршілік атаулының үш мезгілі - көктемі, жазы, күзі - адам баласына жастық, есею,
тоқтау болып оралатыны; әр мезгілдің өзіне лайық сыйы бар екені өлең арқауын
құраған. «Үміт жақын, көңіл ақ», адам атаулының бәрі дос көрінетін жастық
шақтың «махаббат, қызық мол жылдары» сағынсаң қайтып бұрылмай өтіп кететіні,
«махаббат кетсе, дос кетіп», жөңкіле көшкен керуенге ілесе алмай тоқтайтының,
өмірдің өз заңдылығын амалсыз мойындайтының поэзия тілімен әсем өрнектеледі.
«Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызық, мол жылдар... Ақырын, ақырын
шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар» деп өкси өкінген ақын «Көзіме жас бер,
жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын, Жаралы болған жүрекке, Дауа бер, жамап
сынайын» деген тоқтамға келеді, сөйте отырып «жамаулы, жаралы жүректің»
өмірмен қоштасуды қимай, шаршай соққан сабырлы дүрсілін аңғартады. Ақынның
бұл өлеңіне композитор С. Мұхамеджанов, Т. Базарбаев ән-романстар шығарған.
Өлең 7 буынды еркін және қара өлең ұйқасымен жазылған. Туынды алғаш 1909
жылы
Санкт-Петербургте
жарық
көрген
«Қазақ
ақыны
Ибраһим
Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең басылымдарында бір
ғана текстоликалық өзгеріс ұшырасады. Абайдың бұл өлеңіне 1899 жылы ән
жазылған. Абайдың немересі Мәкен Мұқамеджановадан музыка зерттеушісі
Қ. Жүзбасов 1984 жылы магнитофон лентасына осы әнді жазып алып, нотаға
түсірген. Мәкен орындауындағы ерекшелік - ол әнді толық екі шумақ өлеңмен
айтады, әрбір өлең шумағында жеті буынды өлең өрнегі төрт тармақ бойыңда
өзгеріп, алмасып отыратындықтан, әуен жүйесі де соған сәйкес келеді. Ән әуезінде
секіртпелі кварталық екпіндер жиі кездеседі де жалпы әуенге өзіндік тұрпат береді,
сөйтіп, ән дәстүрлі әндерден сәл өзгешелеу естіледі. Демек, әннің әуен-саз және
музыкалық-ырғақтық құрылысы осы жоғарыда атап өткен бунақ өзгерістерімен
тікелей байланыста, сол өзгерістерге сай әннің де өзгеріске, әсіресе ырғақтық
құбылысқа ұшырайтыны байқалады. Өлең кестесі 8, -7; 8, -7, -8; 7, -8 және тек қана
8 буынды шумақтан құрылса, ән өлшемі -4/4, 4/4, 2/4, 4/4, 4/4, 4/4, 3/4, 4/4, 4/4, 4/ 4,
6/4, 3/4, 4/4, 3/4, 4/4 болып қалыптасады. Әннің екінші шумағында басталатын
сарынды Біржан-сал әндерінен де кездестіруге болады, тіпті, жел сырнай аспабына
тән музыка екпіндерді де естуге болады. Сонымен бірге бұл ән «Қараңғы түнде тау
қалғып» әніне жақындығын байқатады. Мұндай ұқсастық бекер емес, жаңашыл
Абай «музыка тілінің», қазақи қалалық жанрдың қалыптасқанын аңғартады.
Композитор Ғ. Жұбанова, Т. Базарбаев Абайдың бұл өлеңіне ән, романстар жазған.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Достарыңызбен бөлісу: