Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет260/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

2-
топ 
Абай қасындағы аса талантты әнші-музыканттарды атағанда алдымен 
Мұқа Әділханұлы есімі айтылады. Сонау Халиолла қаладан келіп жүрген кездерде 
Абай ауылының ән мен күйін келтіретін Мұқа келе-келе Абай ауылындағы әншілер 
мектебінің ұстазына айналды. Музыка өнерін қаладан арнайы үйреніп келген 


312 
Мұқадан «Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Тұрағұл, Әлмағамбет, 
Мұхамеджан, Өтегелді тағы бірнеше жастар домбыра, гармон, скрипка тартып, 
музыка тілін үйреніп шығады. Абайдың қызы Күлбадан, Ысқақтың қызы 
Рахималар да гармон ойнауды үйренеді». Бүгінгі тілмен айтсақ, Мұқанікі музыка 
үйірмесі іспетті. Абайдың Мұқа сияқты талантты ауылына алғызуы сияқты өнегелі 
ісі өз шәкірттерінің өмір жолында да жалғасқан. Мәселен, Мағауия інісі 
Тұрағұлдың ән-күйге әуестігін біліп Семейден Яков деген скрипкашыны алдырып, 
ақы төлеп, Тұрағұлға скрипка үйреткен. Мұқаның талантын аса жоғары бағалаған 
Абай оны музыка саласында оқыту үшін Мәскеу, Петербор сияқты үлкен қалаларға 
жібермек болып, арнайы киім тіккізіп, жол жабдығын да дайындаған көрінеді. Ел 
арасындағы көп кикілжіңнің бірі қолбайлау болып Мұқа бұл сапарға бара алмай 
қалған екен Музыкант Мұқа домбыраны да өзі жасайтын шебер болған. Ең 
өкініштісі-Мұқаның музыкалық мұрасы нотаға түспей, жасаған домбыралары бізге 
жетпей қалғандығы. Абайдың немересі, Ақылбайдың ұлы Исраил Мұқаның 
күйлерін сақтап, тартып жүргенмен, дер кезінде нотаға түспеген музыкалық 
мұраның қазір көбінен көз жазып қалдық. Мұқа скрипкада ойнап орыс күйлерін 
қазақ даласына әкелді. Австрия композиторы И.Штраустың «Көгілдір Дунайда» 
вальсін скрипкада тамылжыта орындағаны соншалық, сол күйдің әсерінен «Он 
саусақ бірі басып, бірі қаға» деп басталатын лирикалық күйге толы өлеңін 
шығарады. Әнші шәкірттердің көшбасшысы ғана емес, Мұқа солардың ішіндегі 
үздігі-тін. Қ.Мұхамедханұлы былай дейді: «1909 жылы Семейде «Народный дом» 
деп аталатын орында қазақ, татар өнерпаздары домбырашы, скрипкашы, әнші-
күйшілердің жарысы болғанда, оған Абай шәкірттері Мұқа Әділханов, Әлмағамбет 
Қапсалямов, Мұхамеджан Майбасаровтар да қатынасады. Осы өнер салыстыру 
жарысында бас бәйге Мұқаға беріледі» Абай дүниеден өткен соң, ұлы ақынды еске 
алу кештерінде Мұқа, Әлмағамбеттер ұстаз әндерін айтып, күй орындаған. 
Абайдың талантты шәкірті деп таныған М.Әуезов Мұқаны ертеден біліп, араласып, 
кейіннен Мұқа образын эпопеясында ең жарқын бейнелердің бірі ретінде сомдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет