Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет290/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

2-
жұп
: Зерттеушінің «Өлеңнің керемет көркемдік 
қуаты табиғаттың таңқаларлық сұлулығы мен адам 
жан сезімінің сұлулығының ұштасуында»,- деген
пікірінің заманауи жаңашылдығын дәлелде.
Дескриптор:
1.Пікірлерді негізге ала отырып өз ойын жазады.
2.Берілген пікірдің жаңашылдығына баға береді.
 
 
 
 
 
Сабақтың 
соңы 
5 мин 
Рефлексия 
«Сұрақтары бар қорап»
Қорапқа бүгінгі тақырып бойынша сұрақтарыңды 
салыңдар. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында 
талқыланады.
 
 


352 
пайдалануда Абайдың ақындық ой-сезімі барынша жатық асқан шеберлікпен 
шебер қиюластыруын, ондағы ой тереңдігі мен бейнелілік сипатын көркемдік 
шеберлікпен қалай сәтті ұштасқанын нақты дәлелдермен ұсынған. Зерттеуші 
ақынның «жүрек» сөзін эпитеттік тұрғыда пайдаланумен қатар метафоралық 
сипатта Абайдың өзі тудырған «жүректің көзі», «жүректің оты» сияқты 
тіркестердің де ақын шығармашылығының тіл кестесіндегі барынша көркемдік 
шеберлік танытып тұрғанын да нақтылай түседі: «Мұнда ақын «жүрек», «көңіл» 
деген ұғымдарды кейіптеу бейне ретінде алып, ой-сезімін соларға қаратып 
айтқандай болады. Міне, бұл оның жан-дүниесін асқан лирикалық нәзіктілікпен, 
әсерлі етіп жеткізуіне мүмкіндік береді»-деп талдау жасайды. Абай шығармаларын 
поэтикалық тұрғыдан талдай отырып, автор сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын 
арттырып тұрған нәрсе өлеңдердегі ой тереңдігі екендігіне басты назар аударады. 
З.Ахметов: «Өлеңнің айрықша құндылығын-ақын аға, алысқа көз жіберіп, 
келер заман адамдарына сыр ашқысы келеді. Осындай күйге түсіп, толғана 
отырып, ол өзінің өмір жолы, алдына қойған мақсаты жайлы түйінді ойларын 
атқарады. Өлеңдегі әр сөз бейне шынайы терең мағыналы, шығарманың зор 
әлеуметтік философиялық мәнін жеткізуге атсалысып тұр»-дейді. Жоғарыда өзі 
айтқандай, әр сөздің шынайы терең мағынасына зер аударған академик «өткір тіл» 
мен «ұялшақ қыз» бейнесін шендестірудің күрескер. Ақынның тұлғасын шебер 
танытады,-дей келіп, тағы да адамның жүрегі мен мұзды қарсы қою ақынға ерекше 
жалындылықты, албырттылықты аңғартады»-деп зерделейді. Ал осы өлеңдегі 
«Асау жүрек аяғын шалыс басқан» деген Абайлық тіркестің «асау жүрек» тіркесі 
күйінде өзге өлеңдерде де қолданылатындығын, бірақ мұнда тереңірек мәнге ие 
екендігін, өлеңнің бүкіл идеялық мазмұнын ашып тұрғанына зер аударады.
З.Ахметов дәстүрлі образды Абайдың қалай құлпырта пайдаланғанын одан 
әдемі поэзиялық ассоциация тудырғанын мына тіркестерді келтіре отырып 
дәлелдейді. «Өтірік пен өсекке, Бәйге атындай аңқылдар» - деген тіркестің 
бейнелілігі жайлы З.Ахметов: «Әдетте бәйге атымен қандайда бір жүйрікті, 
озаттылықты, артықшылықты салыстырады. Ал Абай бұзықтықты, өтірік, өсекке 
әуестікті айтады. Жақсы ұғымда айтылатын бейнені жексұрын мінезді сипаттауға 
қолданып, сол арқылы ойын әсерлі етіп жеткізеді» дейді. Зерттеуші және Абайдың 
халықпен бірге қанына сіңген дәстүрлі түсінік образды ойлаудың биік шыңы 
«тұлпарды», «талаптың мініп тұлпарын» деп «талап» сөзімен қиюластырып
халықтың дүние танымына сай әдемі эстетикалық образ жасау шеберлігін де терең 
үңіле зерттейді.
Өлеңнің ішкі мазмұнына терең үңілген зерттеуші түгел әдеби-мазмұндық 
талдау жасап, поэзияға тән көркемдік суреттеу әдісіне кең тоқталады. Мұнда 
табиғаттың әсем көрінісі мен аулақта жолыққан қыз бен жігіттің типтік қасиет 
ерекшеліктері үлкен талғампаздықпен сұраптап алуды танытады дейді де, 
зерттеуші: «Өлеңнің керемет көркемдік қуаты табиғаттың таңқаларлық сұлулығы 
мен адам жан сезімінің сұлулығының ұштасуында», - деп таниды. Өлеңді жете 
қарастырған автор мұнда басы артық жай айтыла салған бірде-бір эпитет 
анықтамалардың жоқтығына терең зерделеу арқылы көзімізді әбден жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет