Қ,Бітібаева
45minut.biz
Слайд
А3
маркер
354
ҚОСЫМША
Алтын Адам
Қанағат ап қиялдың қанатынан
Асуында арманның таң атырған.
Ұлылық та ұлағат ұясында
Жанартаудың тасынан жаратылған.
Қанипа бұл, шыбыны шырқыраған,
Сай-сүйегі сау жүріп сырқыраған.
Аузын ашса,Алтайдың самалы есіп,
Жұпар иісі Сайханның бұрқыраған.
Қанипа бұл торғайдай шырылдаған,
Ұлты үшін жан сөлін сығымдаған.
Тораңғыдай тамырын терең тартқан,
Сексеуілдей дауылға жығылмаған.
Қанипа бұл, тәлімді жетелеген,
Асқарына білімнің төтелеген.
Алатаудай абырой жинаса да,
Биіктемей жүреді бетегеден.
Қаипа бұл, бет-жүзге қарамайтын,
Сөзбен өлшеп, санамен саралайтын.
«мың өліп, мың тірілген қазағының»
Тағдыры тек жүрегін жаралайтын.
Шалғайына оралып шалағай күн,
Қораласа кей кезде нала-қайғы.
Аруақтанып кететін Қанипа бұл,
Қарсы біткен бұтағы қарағайдың.
Тас бұлақтай санасы сарқыраған,
Ақ айдындай жүрегі жарқыраған.
Көктемедей көңілі мөлдіреген,
Табиғаттың тумасы-Алтын Адам !
С. Ғабдуллаұлы
«Алтай асу» жинағы. Алматы 2002 ж.
ойларының мәнін түсіндіріп, жоба жасаңдар және
қорғаңдар.
ІІ топ:
«Білім мен нәтиже» ұғымдары жөніндегі автор
пікірлерінен жоба жасаңдар және қорғаңдар.
Сабақтың соңы
5 мин
Рефлексия
«Бір+плюс, бір-минус»
Тапсырманы орындау барысында сәті шыққан бір
мезетті, сәтсіз, түсініксіз болған бір мезетті атайды
Қима қағаздар
355
Абайға
Бұл күнге лайық алыпсың!
Ол күнге қалай сыйғансың!
Бір өзің бүкіл халықсың,
Қалдырмай бәрін жиғансың.
Жарылып кете жаздапты-ау,
Жырламай тынсаң жүрегің;
Айтпаған сөзің аз қапты-ау,
Бөлек бір туған кім едің!..
Атаның ұлы емессің,
(Кешіре жатар Кеңгірбай),
Халықтың ұлы боп өстің
«Ибраһим» демей, - деді
«Абай». Абай десе Абайсың,
Абайладың жан-жақты,
Риза еттің жарайсың
«Қалың елің – қазақты».
Қасым Аманжолов
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында
1945 жылы 1-майда дүниеге келеді. Үйдегі 9 баланың тұңғышы, Атасы-Бітібай мен
әжесі-Насиханың еркесі, «әжесінің сарысы» атанады. Туған анасын «тәте», әкесін-
аға-дейді.
1968 жылы-Семей педагогикалық институтын бітірген.Қазақстанның еңбек
сіңірген мұғалімі. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1968-
1980 жылға дейін Ласты ауылында мұғалім болды.1980 жылы-Өскемен
қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернатында ұстаздық қызметі
жалғасады. Осы кезеңдерде еліміздегі ұстазға берілетін атақ, дәреже мен құрметтің
барлығын алды. Ұстаздардың ұстазы, халық мұғалімі аталды. Авторлық мектептің
жетекшісіне айналды. Қ.Бітібаеваның есімі, атағы Республика жұртшылығынан
асып, ТМД елдеріне дейін жайылды.
1980 жылы Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде оқу-тәрбие
жұмысын ұйымдастырудағы қалыптасқан тәжірибесінен Оқу министірлігі, Шығыс
Қазақстан облыстық оқу бөлімі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру
институтының ұйымдастыруымен арнайы бет плакат шығарылып, аудан
мектептеріне таратылды. Оқу министірлігі мен орталық білімін жетілдіру
институтының негізінде республика теледидарының «Шапағат» хабарында
«Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» атты хабар беріліп, іс-тәжірибесі
талқыланды. 1983 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі мен республикалық
мұғалімдер білімін жетілдіру институты тарапынан оның «Қазақ тілі мен әдебиетін
оқытудың тиімді жолдары» атты тақырыппен тәжірибесі арнайы бет плакат
арқылы шығарылып, республика ұстаздарына таратылды.
Сонымен қатар 6 оқу курсының авторы болып табылады. Олардың қатарында
«Абай мектепте», «10-11 сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту»,
356
«М. Әуезовты оқыту» атты кітаптары бар. Аталған кітаптар облыстағы қазақ
тіліндегі орта мектептерінде негізгі оқулық ретінде тұрақты түрде оқытылып
келеді. Республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарда жарияланған 50-ден
астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың да авторы болып табылады.
199
1 жылдан Өскемен қаласында Қ. Бітібаеваның республикалық атаулы
мектебі жұмыс істейді. Ұстаздың іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері
түсірілген.
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына қол жеткізуді мақсат етуі
еліміздің жаңа сапалық көрсеткіштерге көтерілуі қажеттілігін туындатып отыр.
Осыған орай білім беру саласында да өркениетті істер, өзекті ойлар мақсат
етілген кешенді іс – шаралар жүзеге асырылуда.
Білім-адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі,
прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы.
Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды
талап етеді.
Даму да, білім де ешбір адамға оңайлықпен беріле салмайды. Кімде кім оған
қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген
білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге
негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік
аясын кеңітеді. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте
жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы
нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп
саналады.
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана
қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби
құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-бүгінгі ғасыр
талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болып отыр.
Қ. Омарғалиқызының іс-тәжірибесіне қалай кіріктіріліп тұрғанын айтып
өтсем деймін. Бағдарламаның бүкіл мазмұнын ашатын модуль-сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету модулі. Қ.Бітібаеваның «өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы,
ойлану сабағы»-деп білетін әдебиет пәнін оқыту тәсілдері оқушыларды сыни
тұрғыдан ойлауға, оқу материалын саралауға, сараптауға, өзіндік көзқарастарын
қалыптастырып, оны қорғауға, ой қорытуға жетелейтінін байқамау мүмкін емес.
Шульман /2007/ «мұғалімнің үш көмекшісі» деп атап көрсеткен үш қасиет: бас –
кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек-кәсіби – өнегелілік
тұтастық Қанипа Омарғалиқызының толағай тұлғасынан көрініс тауып,
шәкірттерін табысты оқытуға жетелейтін құзыретті ұстаз екенін тағы да бір рет
дәлелдеп тұр. Бағдарламаның оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер немесе диалогтық
оқыту модулі Қанипа Омарғалиқызының әр сабағына қалай кіріктірілгеніне мысал
келтірудің қажеті де жоқ. Бағдарламада «диалог негізінде оқыту мен оқу
оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың
шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін
меңзейді» деп жазса, Қанипа Омарғалиқызы әр сабағын шәкірттерімен сырласа
отырып өткізетінін кім білмейді?
357
Талантты және дарынды балаларды оқыту модулін игеру жолдарын
Кембридждік тәсілден іздемей – ақ Қ.О.Бітібаеваның озық тәжірибесінен үйренсек
те ешкімнен кенже қалмас едік. Өйткені Қанипа Омарғалиқызы өткен ғасырдың
аяқ кезінде республикалық атаулы мектебінде интеллектуалдық дамуы басқаның
білімін қажет етпей, өз еншілігіне тиесілі іс – тәжірибесін жаңа заман сұранысына
сай өңдей білім беріп, талантты ұл – қыздарын қияға самғатқан ұлағатты ұстаз.
Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту модулі Қ.Бітібаеваның іс –
тәжірибесіндегі басты қағида десем қателеспеймін. Өйткені мұғалімнің оқу
материалын мәнерлетіп оқытудан бастап үйреткен шәкірті ғылыми-зерттеу
жұмысын орындау дәрежесіне дейін жетеді. Бұл оқытушының баланың жас
ерекшелігі ғана емес психологиялық, әлеуметтік мүмкіндіктерін ескере отырып
жүргізетін жүйелі жұмысының нәтижесі.
Оқытудағы басқару көшбасшылық модулінің Қ.О.Бітібаеваның іс-
тәжірибесінің құрамдас бөлігі. Ұстаздың шәкірттері арасында 6 ғылым докторы,
30-
дан астам ғылым кандидаттарының болуы көшбашылық көшінің қуаттылығын
көрсетеді.
Ұстаз «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «Әуезов шығармашылығын
оқыту», «Сабақ түрлері мен үлгілері», «Мектепте Абай шығармашылығын оқыту»,
«Әдебиетті оқыту әдістемесі», «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», «Абайды таныту»,
«Әдебиеттану» сынды 23 әдістемелік құрал мен оқулықтың, 70-тен астам
мақаланың авторы.
1990 жылы 4-18 қаңтар аралығында Кремльде Свердлов залында лауреаттың
алтын жұлдызын тақты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған
тұңғыш қазақстандық мұғалім еді.
1991 жылы желтоқсан айында шығармашылық сапармен Америкадағы Тусон
қаласына барады. «Менің іс-тәжірбиеме, әсіресе, әдебиетті оқыту әдістемеме Тусон
ұстаздары айрықша назарын аударып, таспаға жазып алды. Тусондық әріптестер;
Біз қазақша үйреніп жатырмыз, енді оқушыларға қазақша үйретеміз. Екі жылға
шарт жасасып, бізге қайтып келіңіз»- деп өтінген екен. Бірақ сол жылы Одақ тарап,
өтініш тек қиял болып қала береді. «Біздің қазекең қонақ келсе, шапан жауып,
көйлек кигізіп, қой сойып, абыр-сабыр болып, қазанның түбін қырады ғой. Қанша
бай ел бай болса да, олар доллардың құнын біледі. Дарақылыққа бармайды, бізге
ұсынған сыйлықтары қағазда ойылған жүрек суреті, қаламдар, жеңіл-желпі
сувенирлер»-деп Тусон қаласынан алған әсерлерімен бөліседі.
2004 жылдың желтоқсан елбсының қолынан «Құрмет» орденін алады.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасына еңбек
сіңірген мұғалім, Н.Крупская медалінің, «Құрмет»орденінің иегері, біртуар ұстаз
Қанипа Омарғалиқызы.
Қанипа Омарғалиқызының көлемді де құнды, бүкіл еліміз бойынша барша
оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мамандары арасындағы
қолданылып келе жатқан 15 монографиялық еңбектері бар. Солардың қатарына
республика ғалымдары, оқытушылары, мұғалімдері қауымынан қызу қолдау
тапқан «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М.Әуезов шығармашылығын
оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін
358
оқыту», «Абайды таныту», «М.Әуезов мектепте», «М,Әуезовті оқыту әдістемесі»,
тағы басқа шығармаларын іс тәжірибе барысында бағдаршам етіп, басшылыққа
аламын.Аталған еңбектерде,әсіресе,Абай және М.Әуезов шығармаларын оқытудың
келелі мәселелері қаралып, көптеген ұсыныстар ғылыми тұрғыда тұжырымдалып,
Абай және Әуезов заманы мен қазіргі кезең сабақтастығы біртұтас жүйе ретінде
қаралаған.
«Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы» (А, «Мектеп»), «Әдебиетті
тереңдетіп оқыту» (А, «Мектеп»), «Әдебиетті оқытудың инновациялық
технологиясы» (Өскемен, 2002), «Мектепте Абай шығармаларын оқыту» (Өскемен,
1994) еңбектері тұлғаның руханилығын байытуда маған және барша ұстаздар
қауымына зор көмек болып отырған әдістемелік құралдар. Қ.Бітібаеваның
инновациялық іс-тәжірибесі қазіргі таңда әдебиетті оқытудың бағдаршамы болып
отырғаны қуантарлық жәйт.
Мектепте Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазып, ақын
мұрасын шәкірттерінің жүрегіне бойлатып, рухани нәрін санасына сіңірген әйгілі
ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева өзінің көп жылғы ұстаздық еңбегі мен
тәжірибесінде саналы ғұмырын Абайды жас өскіндерге жеткізу, сұлулығы мен
тереңдігіне үңілту, қауыштыруды, рухани жан дүниелеріне бойлатуды алдына
мақсат етеді. Ұстаздың сөзіне жүгінсек: «Абай поэзиясының сұлулығынан
бойымызға нәр алып, жан дүниемізді тазартып, сұлу жанды жас ұрпақ тәрбиелеу-
адами да, ұстаздық та борыш», — дейді.
Абай шығармашылығын оқытуға арналған әдіскер ұстаз Қ.Бітібаеваның
4 еңбегі бар. Белгілі әдіскер ғалым Ә.М.Дайырова «Мектепте Абай
шығармашылығын оқытуды арнайы қарастырған әзірге бізге белгілі бірден-бір
еңбек – Қ.Бітібаеваның оқу құралдары. Қ.Бітібаеваның бұл зерттеуі оқушыны
Абаймен қауышу қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін пайдалы
да зәру еңбек екендігі сөзсіз», — деп бағалайды .
Ары қарай ғалым: «Қ.Бітібаеваның бұл зерттеуі оқушыны Абаймен қауышу
қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін пайдалы да зәру еңбек
екендігі сөзсіз»,-деген пікір айтады. Шынында да ұстаз Абай шығармашылығын
жаңаша оқытудың жүйесін, үлгісін береді. Ол үшін Кеңестік кезеңдегі ақын
шығармашылығын оқытудағы кемшіліктерге әділ пікір білдіреді. Саясат
құрсауында Абайды тап күрескері етіп, оны «әлеуметшіл Абай» дәрежесінде ғана
оқытылуын сөз ете отырып, автор оның саяси-әлеуметтік лирикасын ғана емес, ұлы
дана мұрасын толық, жан-жақты оқыту проблемасын қозғайды. «Абай поэзиясын
тақырып-тақырыпқа бөлшектемей, тұтастай қарастыру» мәселесін көтереді.
Әсіресе автордың Абай поэзиясының алтын арқауы – Адам, оған деген махаббат
екеніне тоқтала отырып, Толық Адам проблемасы айналасында ізденуді алдыға
тартады. Ақын поэзиясындағы баға жетпес үш асыл қазына: Алланы сүю, Алла
махаббатпен жаратқан Адамды сүю, хақ жолы деп әділетті сүю, яғни осы үш сүю
айналасында оқыту керектігін зерттеуінің басты ұстанымы етеді. Сондай-ақ автор
Абайдай әлемдік алыптың мұраларын оқытуда оқулықтағы беріліп жүрген
өлеңдерінің аздық ететінін, оны таныту үшін төменгі сыныптан бастап жаңа
бағдарлама жасау керектігін ұсынады.
359
«Абай шығармашылығын оқыту» атты іргелі еңбегінде автор «Адамзаттың
бәрін сүй, бауырым деп» тақырыбымен 5 сыныптан бастап 8 сыныпқа дейін Абай
шығармашылығынан оқылатын шығармалардың тақырыбын ұсынады. Төменгі
сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытудың өзіндік күрделілігін айта келіп,
оқытудың әдіс-тәсілдерін береді. Соның ішінде, 5 сыныптағы Абайдың Әбіш
туралы өлеңдерін оқытудың кейбір тиімді жақтарын атайды. Әбіш туралы
абайтанушы ғалымдар еңбектерінен шолу жасалады, «Абай жолы» эпопеясының
«Қарашығын», «Қапада» тарауларындағы Әбішке сипаттама беріліп,
салыстырылады. Әбіштің бейнесін шәкірттерге үлгі ете отырып, білімділік,
тәрбиелік жағынан оның маңызды екенін түсіндіреді. Әке мен бала проблемасы
айналасында оқушыларға пікір талас ұйымдастырады. Оқушыларды Әбішке
дәйектемелі шағын мінездеме беруге баулиды. 5-8 сыныптарда Абай
шығармаларын оқытудың тиімді әдістемесіне ұстаз мынадай мақсатты көздейді.
Өтілетін жаңа сабаққа байланысты мәтінді алдын ала оқыту арқылы көркем
шығарманы қалай қабылдағанын білу, өз беттерімен көркем мәтінді талдау
дағдыларын қалыптастыру; білімді өз еңбектері, ізденістерімен алу машықтарын
жетілдіру керектігін айтады. Осы мақсатына орай ұстаз сұрақ-жауап, мәтінмен
жұмыс, түсініктемені оқу әдістемесін ұсынады. Талдау кезінде мұғалім үнемі
оқушыны қозғап, ой тастап, өзімен бірге еңбектендіріп, олардың пікірлерін назарға
алып отырып қадағалайды. Жұптық жұмыс пен шағын пікір талас
ұйымдастырылуы үшін проблемалық сұрақтар береді.
1) Ақын өлеңді кімдерге арнап айтады? («Бір естіге», «өзіне», «бір әрі мың
наданға»)
2) «Неше түрлі жан», «даладағы аңдар кімдер?» Ақын неге оларды осындай
ауыр сөзбен сынайды?
Әдіскер ұстаз оқушыларды ойлантып қана қоймайды, оларды ақын сезіміне,
сонымен бірге өздерінің сезімдерін бақылауға арналған практикалық жұмыс түрін
береді.
Мысалы:
Бұндай жұмыстар лирикалық шығармаларды сезіммен талдауға
үйретеді. Оқушыларды адам сезімі мен жанын түсінуге баулиды.
Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға шығармашылық жұмыстар беруді
ұйғарады. Яғни ол жұмыстарға ұстаз көмек-карточкалардың «Болашаққа хат»,
«Арыз» атты үлгілерін дайындайды.
Абайдың поэмаларын, қарасөздерін оқытуда тиімді оңтайлы тәсілдер арқылы
оқушылардың түсінігіне сай берілгенін көруге болады. Қарасөздерді оқытуда ұстаз
мәнерлеп оқу, түсініктемелі оқу, сарамандық жұмыстарды пайдалануды жөн
көреді. Ақынның әр қарасөзін оқытуда оқушыларға берілетін білім мазмұнымен
таныстырады, оған талдаудың үлгісін кестелер арқылы көрсетеді. Пікірлесу
сұрақтары мен оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру бағытындағы
жұмыстар мен талаптарға көп көңіл бөледі. Сонымен қорыта келгенде, Абай
шығармашылығын оқушыларға жан-жақты тереңдетіп оқытуда бұл еңбектің
ғылыми әрі әдістемелік жағынан маңызы зор. Себебі адамзаттың Абайдай ірі
тұлғасының шығармашылығын жасөспірімдерге оқытып меңгертудің жан-жақты
жолдарын іздеп, оның түйінді дәнін тауып оқушылардың бойына дарытып,
360
адамдық қасиеттерге баулыған инновациялық технологияның талаптарына сай
нағыз гуманистік тұрғыдан жазылған ғылыми әдістемелік еңбек демекпіз.
ҚАНИПА БІТІБАЕВА - ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАСЫ
Қанипа Омарғалиқызы-қазақ педагогикасының көрнекті тұлғасы, ұстаздықты
абырой шыңына шығарған біртума тұлға. Ұстаз тұлғасы туралы көзі тірісінде
тұлғалы адамдар мен белгілі қайраткерлер өте жоғары баға беріп, жылы лебіздерін
білдірген болатын. Соның бірі тарих ғылымдарының докторы Ғани Қарасаев:
«Қанекең-қазақ педагогикасындағы ерекше құбылыс.
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның өмір мектебі жайлы сыр шерткен соңғы
жазған «Егіз иірім» атты кітабындағы өз сөзіне ұңілетін болсақ: «Таңымды
«мектеп» деп, тиімді «мектеп» деп жеріп өткізген 45 жылдың қалай еткенін білмей
де қалдым... 45 минуттан 45 минутқа жалғасып жатқан ғұмыр кешіппін. Сол 45
минуттарда жарқылдаған, жайнаған ару жастығым, арғымақтай арқыраған, тау
суындай сарқыраған, тау бұлағындай мөлдір, аққу көзінен айна айдынға
тамшылаған ұлпа сезімім жатыр.
Қанипа Омарғалиқызы-ғалым әдіскер, жаңашыл ұстаз. 200-ге жуық ғылыми-
әдістемелік мақалалардың, 40 кітаптың, 10 естеліктің авторы. Ол қазақ әдебиетін
оқыту әдістемесін, технологиясын дамытуға айрықша үлес қосты. Ежелгі дәуір
әдебиетінен бастап, бҥгінгі күнгі әдебиетке дейінгі оқу бағдарламасын, оқу
құралдарын жазды. «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» атты кітабында осы мәселелер
сөз болады. Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы» атты
оқулығы негізінен жоғары оқу орнына арналған.
Қанипа Омарғалиқызына 90-шы жылдардың басында-ақ халық «жаңашыл
ұстаз» деген лайықты бағасын берген болатын. Кеңестік кезеңдегі педагогиканың
аумағынан шығып, үнемі тың ізденістермен жаңа формадағы сабақтар өткізіп, жаңа
тәсілдерге құрылған сабақтарын 11 республикаға тарататын.
Қанипа Омарғалиқызы-қазақ педагогикасына реформа жасаған жаңашыл
әдіскер-ұстаз. Сол кездің өзінде-ақ былай деп айтатын: «Баға қайдан шығады,
оқушының білімі, іскерлік дағдысы, талабы, дарынын қалай бағалау керек деген
мәселе-кезек күттірмейтін мәселе. Сол «5» балдық жүйемен жүре береміз бе,
баланы бағаға жегіп қою дұрыс па, басқа да қандай жол бар деген сұрақтар да әлі
шешімін таба алмай келе жатыр», - деп оқушы білімін бағалау мәселесін көтеретін.
Бұл мәселе қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі критериалдық
бағалау жүйесінің бір бөлігі емес пе?! Елімізде білім беру саласында болып жатқан
тҥбегейлі өзгерістер жайын сол кездің өзінде-ақ ұстаз өте көрегендікпен айтып,
ұлттық мектептердің проблемасы жайлы қатты толғанатын. «Соңғы кезде еліміздің
білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны тұсінікті. Білім стандартының
жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы
белестерді ақырын-ақырын артқа тастап, алға жылжып келеді. Қай заманда, қандай
реформа болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да
осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті
міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру», - деп білім
361
беру саласына қатты алаңдап, мұғалім мен оқушы тұлғасына ерекше мән беретін .
Бүгінгі таңда айтып жатқан Рухани жаңғырудың бір негізі - ұлттық код мәселесі
Қанипа Омарғализы еңбектерінің негізгі арқауы болатын. «Рухани байлық ең
алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы, шыққан түп тамырында
жататыны белгілі», - деп ұстаз жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру үшін,
ең алдымен әр халық өзінің салт дәстүрі мен түп тамырын білуі қажет деп
ұқтыратын.
Ұстаз 1990 жылдары әдебиетті тереңдетіп оқытудың авторлық сыныптарын
ашты, бағдарламасын жасап, оқу құралдарын жазды. Республикалық атаулы
мектеп ашып, ұланғайыр еңбек етті. Айналасына дарынды ұстаздарды
шоғырландырып, оны Республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертханаға
айналдырды. Өмірінің соңғы сағатына дейін мектепте бала оқытып,
республиканың түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан мұғалімдерге кеңес беріп,
өзінің ғылыми-әдістемелік лабораториясындағы қыруар жүмыстарды атқара жүріп,
қаншама оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарын жазып
қалдырған жанкешті еңбегін айтып жеткізу мүмкін емес еді. Республикалық
бірнеше ғылыми-әдістемелік журналдардың ақылдастар алқасының мҥшесі болды.
Өзінің атаулы зертханасы ғылыми-әдістемелік лабораториясы негізінде
республика, облыста бірнеше филиалдары жұмыс істеп, олармен қызу жұмыстар
жүргізді. Ұстаздың педагогикалық еңбек жолындағы биік тұлғасы, әзіндік
ұстанымы, жаңашылдық шеберлігі, инновациялық әдістемесі мен ғылыми
еңбектері – ұлттық білім беру ісінде мәңгілік сарқылмас қазына.
Картаева А.М. ф.ғ.д., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры
Достарыңызбен бөлісу: