ҚОСЫМША Қартаева А.М. Қартаева Айжан Маратбекқызы (1975 ж.)-филология ғылымдарының
докторы, абайтанушы-ғалым, профессор. ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шілікті
ауылында дүниеге келген. ШҚМУ-дың филология факультетін кейін
магистратурасын аяқтаған соң, оқытушыдан профессорға дейін жеткен. ҚР БҒМ-
ның жас дарынды ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақысын,
«С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үздік оқытушысы» атағын иеленген
(Өскемен, 2011 ж.).
Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның
заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап
көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтың Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы,
киносценарийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған,
қорытылған ой-пікірлер. Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай
шығармашылығының, әдеби мұрасының Әуезовке әсеры қпалы туралы, әсіресе
«Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын
деректік тірек етуіне қатысты айтылатын жайлар. Мәселеге бұдан да кеңірек келсеқ
Абай мен Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың (яғни 19 ғасыр
мен 20 ғасырдың) аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр
жапғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін
байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айқынырақ
түсінуімізге себін тигізеді. Абай мен Мұхтар Әуезов екі заманның перзенті екені
рас. Алайда Мұхтар Әуезов өмір сүрген, әдебиетке араласып, шығармашылық
ғұмыр кешкен дәуірі Абай заманынан тым қашық емес, сипаты, мазмұны мүлде
өзгеше заман болса да, мерзімдік жағынан жалғас, өзектес. Әуезов жасы ұлғайған
Абайды бес жастағы кезінде бір ғана көріп, ол кезде оның кім екендігін, ұлы
екендігін біліп, түсіне алмаса да, ол кейінірек сол ортада, Абайды көрген, білген,
өлеңдерін естіген, сөздеріне әбден қанық адамдардың ортасында өсіп, ер жетті.
Мұхтар Әуезовтің Абайдың өлеңдерін, калдырған өнегесін осындай ортада жүріп
қабылдап, жасынан көңіліне құйып өскені, олардың арасында рухани жалғастық
тууына жағдай жасағанын толық ескеру қажет. Жалпы тарихи-әдеби зандылық
шеңберінде осылай бола тура, Мұхтар Әуезовтің Абаймен рухани жақындығының
сыры мен сипаты бөлек. Өзгені былай қойғанда, «Абай жолы» роман-эпопеясында
Абай заманы, дәуірі, халықтың тағдыры аса мол, терең бейнеленетінін ескерсеқ
осы мәселелерге Абайдың көзқарасы мен Мұхтар Әуезовтің көзқарасы, ұғым-
түсініктері арасындағы үндестіктер бар екені анық аңғарылады. Абай мен Мұхтар
сабақ бойынша алған білімдерін тест жүмысымен бекітіледі
Сұрақтар: