Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет35/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   322
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Үш жақты күнделік толтыру»
Жүзеге асыру қадамдары: 
1-
қадам: 
«
Абай және батыс әдебиеті» тақырыбында 
мәтінмен танысады. 
2-
қадам: 
Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке 
күнделік толтырады.
 
3-
қадам: 
Жұмыс нәтижесін жұпта, топта 
талқылайды. 
Мәтіннен 
ерекше әсер 
еткен немесе 
ой салған 
дәйексөз 
келтіру 
Жеке түсінік 
беру: осы 
дәйексөзді жазуға 
не мәжбүр етті? 
Қандай ой 
тудырды? Осыған 
байланысты 
қандай сұрақ 
туды? 
«Мұғалімге 
хат» - 
сұрақтар 
Сабақтың соңы 
 
 
«Сабақ бойынша ойыңды білдір» әдісі 
Қандай жаңа 
білім ал- 
дың? 
Алған біліміңді 
қолда- 
на аласың ба? 
Саған қиындық 
тудырған 
түсініктер? 
А 
Ә 
Ә 
А 


44 
ҚОСЫМША 
Абай және батыс әдебиеті 
Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым-батыс, батысым-шығыс боп 
кетті» деуі ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу 
жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс 
Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін 
нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған. Бұл жайында М.Әуезов: 
«Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп 
өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы 
ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі
Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі 
білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың 
ақындары ғана емес, неше алуан философ білімпаздарын да зерттейді. Европа 
философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрінен де 
Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі» деп 
жазған. 
Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, 
жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай-дүниенің осы екі бөлігінің 
бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне
әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, 
қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты. 
Абай мұрасының батыс европа әдебиетімен байланыстары әртүрлі тұрғыдан, 
бірнеше арнада қаралуға лайық. Ол байланыстардың негізгі салмағы, өзекті 
сабақтары, салалы ұштары, әрине, 19 ғасырдағы қазақ қоғамының даму 
ерекшеліктерінде, ағартушылық, демократтық ақыл-ой ізденістерінде, көркем 
әдебиеттің реалистік бағыт-бағдарларында, ақынның дүниеге көзқарастарында, 
қоғамдық, әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық толғаныстарында 
жатыр, «таза» әдебиеттік қыры, көріністері де солармен үйлесімде, сәйкестікте. 
Абай мен батыс европа әдебиетін сөз еткенде бүл атаудың шартты түрде 
алынғанын ескеру керек. Өйткені, дүниенің бір бөлігі-Европада толып жатқан 
халықтар әдебиеттері ішінен негізінде жалпы әлемдік, адамзатқа ортақ ежелгі грек, 
рим мұраларының жекелеген нұсқалары, ағылшын, француз, неміс, поляк ақын-
жазушыларының туындылары қазақ ақынының шығармашылық жолында жақсы 
игерілген, олармен үндестіктер, сырластықтар, көркемдік ой ізденістердегі 
сабақтастықтар тапқан, ал бірқатары қазақша аударылған. Батыс Европа халықтары 
көркем мұраларын Абайдың игеру ерекшеліктері, қазақша аудармалары, ақын 
шығармаларының кейбір европалық тілдерге аударылуы, шетелдік жылы лебіздер - 
бүгінгі абайтану ғылымындағы терең зерттеуді, байсалды тұжырым жасауды қажет 
ететін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әдебиетінің басқа елдер әдебиетімен, оның 
ішінде, Европа халықтары әдебиетімен қарым-қатынас, байланыс тарихында Абай 
Құнанбаевтың орны ерекше. 
Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, 
мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның 


45 
кітапханасы сақталмаған, күнделік, не басқа да жазба деректер жоқ, жазылды ма, 
жоқ па - ол жағы да беймәлім. Алайда Абай өмір сүрген кезде Қазақстанда, 
Семейде болып, осы аймақты, әсіресе, оның тынысын жан-жақты зерттеген, Семей 
кітапханасының қорын тәптіштей сипаттап, ақын туралы жазба мәліметтер 
қалдырған американ жазушысы, публицист Дж. Кеннанның деректеріне және Орыс 
географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің Семейдің кітапханасы каталогінің 
(1902-
1910) тізімінде көрсетілген мәліметтерге қарағанда Абай білген Батыс 
Европа кітаптары едәуір қомақты болған. Сол кезде Семей кітапханасында 
Спенсер, Спиноза, Р. Декарт, Д. С. Милль, Дрэпер, Чарлз Дарвин, У. Шекспир, И. 
В. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Д. Байрон, О. Бальзак, А. Мицкевич, А. Дюма т. б. 
авторлардың шығармалары жинақталыпты. Семей кітапханасының тұрақты 
оқырманы болған Абайдың рухани өрісінің кеңейе түсуінің бір қыры – осы. Бұл 
хақында Әуезов: 
«Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, 
тексеріп етеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық 
етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның 
Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол 
кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол 
жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. 
«Европаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да 
сол Батыс Европа ғалымдары арқылы оқып-біледі. Европа философиясын зерттеу 
ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге қызығады. Қиыр 
шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі», - деп жазды.
(М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 253 б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет