Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С


«Абайтану» курсы қазақ және орыс тілде оқытатын білім беру



Pdf көрінісі
бет4/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   322
«Абайтану» курсы қазақ және орыс тілде оқытатын білім беру 
ұйымдарда (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) мемлекеттік тілде 
вариативтік сағат есебінен жүргізіледі. 
 
 



Түсіндірме жазба 
 
5-
сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулықта факультативтік курс негізінде
 
бекітілген тақырыптар бойынша қысқа мерзімді жоспарлар құрастырылған.
5-
сыныпта берілген бөлімдер: 
1-
бөлім. Абайдың өскен ортасы;
2-
бөлім. Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары; 
3-
бөлім. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!; 
4-
бөлім. Абайдың ақын шәкірттері. 
5-
сынып бойынша берілген тақырыптар жеңілден күрделіге қарай Ұлы Абайдың 
әр түрлі жанр негізінде жазылған шығармалары сәйкес берілген. Абайтану курсы 
бойынша құрылған қысқа мерзімді жоспардың мақсаты-оқушыларға шығармадағы 
автордың идеясын толық түсінуге, оны жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға 
және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне
шеберлігіне де байланысты екені даусыз. Бұл әдістемелік құралда жаңартылған 
бағдарламаға негіздеп Абайтану курсының оқу мақсаттарына бағындырылған 
сабақ үлгілері жоспарланған. Оқушылардың Абай шығармашылығын оқып, одан 
әсер алуына септігін тигізетін тиімді әдіс-тәсілдерді көрсеттік. 5-сынып 
оқушылары жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым, қызықты мазмұндық желісі 
бар прозалық шығармаларды оқығанды ұнатады. Оқушылардың осындай 
ерекшеліктерін ескере келе, олардың қабілеттерін, шабыттарын, белсенділіктерін 
арттыру мақсатында ойлаудың деңгейлерін дамытуға арналған тапсырмалары 
ұсынылды.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда топтық, жұптық және жеке 
жұмыстарға, оқушыларды танымдық, іздендіру, зерттеу бағытындағы жұмыстарға 
баулу әдістемесіне ерекше көңіл бөлінді. Оларды тәжірибеде пайдаланудың тиімді 
жолдары нақты мысалдармен көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет