77
2. Ол – жеті жасында әкесінен жетім қалған.
3. Ол – өзінің алғашқы өлеңін де жеті жасында
жазады.
4. Ол – 20 жасында болыс болған.
5. Ол – ГПУ қызметкері Абзал Қарасартовтың
қолынан қаза табады.
6. Ол – 30 жыл қараусыз қалған құдықта
жатқан.
7. Оны 1961
жылы ұлы Ахат құдықтан
шығарып, Абай зиратының қасына арулап
жерлейді.
8. Ол – 30 жасында сал ауруына ұшырап,
сөйлей алмай қалады. Соның салдарынан жеті
жасынан бастап жазған өлеңдерін өртеп
тастайды.
9. Ол – Париж, Стамбұл кітапханаларына
болған.
10. Оның Меккеге барудағы ең алғашқы
мақсаты «қажы» болу емес, Құнанбай атасының
«тәкиясын» көру болатын.
11. Оның өз еңбектері арасында үш
шығармасына көңілі толмаған. Жарамсыз деп
таныған.
12. Оның тағы бір ұлы Зият әкесіне жабылған
жаланың салдарынан елден кетуге мәжбүр
болған.
13. Ол – 19 жасында Абай ағасының
нұсқауымен «қазақ халқының шежіресін»
жазып бастаған.
14. Ол – халқын, «өнерлі, білімді елден» - орыс
халқынан тағылам алуға шақырған.
15. Оның шығармалары ең алғаш 1912 жылы
Семейде «Қазақ айнасы» деген атпен жарық
көрген.
16. Ол – «Абай жолындағы» Шұбар
есімді
кейіпкердің протатипі.
17. Ол – 1985 жылы жарық көрген «Бес ғасыр
жырлайды» жинағына енбей қалған.
18. Ол – 1958 жылы 2 қазанда халқымен қайта
қауышты.
Біз бұл сөйлемдер арқылы бүгінгі
сабағымыздың кейіпкері кім екенін біліп
отырмыз. Яғни бүгінгі біздің сабағымыздың
тақырыбы «Шәкәрім Құдайбердіұлы және оның
өмірі мен шығармашылығы». Кейіпкер туралы
шағын бейне жазба көрсетіледі және слайд
арқылы ақын өмірі мен шығармашылығы
туралы тағы біраз мәлімет беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: