78
2-
топ. «Жұлдыз» әдісі.
Мұнда топ оқушылары
кім?, қашан?, қайда?, неліктен?, қалай? деген
сұрақтарға жауап береді.
3-
топ. «Фиш-боун» әдісі.
Балық кейпінде
сызылған тірек-сызба арқылы ақын
шығармашылығын топтастыру.
Дескриптор:
1.
Дереккөздерден мағызды бөлігін
табады;
2.
Үзіндіден түйін шығарады;
3.
Бүгінгі күнмен байланыстырып
көзқарасын білдіреді.
Сабақтың соңы
Рефлексия
«Ақылдың алты қалпағы»
әдісі бойынша
сабақты қорытындылаймыз.
Ақ қалпақ – нақты деректер
Қызыл қалпақ – ішкі сезім,
эмоция
Сары қалпақ – пайдалы жақтары
Қара қалпақ – зиянды жақтары
Жасыл қалпақ – идея ұсыну
Көк қалпақ – қорытынды
ҚОСЫМША
Ақылшы торғай
Бір адам жүреді екен тұзақ құрып,
Бір торғай ұстап алды сүйтіп жүріп,
Балаларға сатайын деп ойлапты,
Торғайды жазып алып ұстап тұрып.
Сонда торғай сөйлепті адамдайын:
Босатсаң, үйретемін байлық жайын.
Азар болса сатарсың үш тиынға,
Мен саған бір пайдалы сөз айтайын.
Бұрын-дағы саттың ғой талай құсты,
Қане, сонан қаншалық пайда түсті?
Тоймақ түгіл бүйірің шыққан да жоқ,
Харекет деп ойлама мұндай істі.
Айтайын үш ауыз сөз,
ұғып алсаң,
Өз обалың өзіңе ұқпай қалсаң.
Соны білсең –есепсіз бай боласың,
Мал табуға айла сол, тілге нансаң.
Алғашқы сөзді айтамын қолда жүріп,
Онан кейін қораға қой қондырып.
80
Екінші – өткен іске уайым жеп,
Емі жоқ бос қайғыға қалма дедім.
Орынсыз өтірікке сонша нандың,
Өткен іске өкініп қайғыландың.
Үшінші сөзді саған үйретпеймін,
Алдыңғы екі сөзді ұқпай қалдың.
Соны айтып торғай кетті аспанға ұшып,
Шал қалды дел-сал болып қайғы қысып.
Сол торғай үшіншіде не айтпақ еді,
Соны тап, есті болсаң, ойға түсіп?
Шәкәрімнің Шығыс әдебиетімен шығармашылық
байланысын мысалдар
жазуынан да көруге болады. Адамгершілік сапаларды аллегориялық көркемдікпен
насихаттауды өз тәжірибесінде ақын «Бояушы суыр», «Қаншыр мен бөдене» ,
«Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Епті тышқан» сияқты мысалдар
арқылы жеткізеді. Арғы төркіні «Калила мен Димнадан» өрбіген мысал үлгілерін
Шығыс ақындары талай нұсқада дамытқан. Мысал
жанры қазақ арасына ауызша
да, ақындар арқылы жазбаша да ерте таралған. Абай дәстүрімен де, өздігінен іздену
және Шығыс әдебиеттерін оқу арқылы да Шәкәрім мысал жанрын жақсы игереді.
«Қасқыр, түлкі, бөдене» мысалындағы кейіпкерлер: өктем күш иесі-қасқыр,
айлакер түлкі, жазықсыз момын бөдене. Қасқырды түлкі алдап, зығырданын
қайнатса, түлкіні бөдене орға жығады. Қулықтың түбі
қазамен аяқталып, әділет
жеңеді.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»
Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
ISBN 5-7667-2949-9
Достарыңызбен бөлісу: