109
күйінде ішпей, салқындаған кезінде жұта салушы еді.
Қызықтанып ойнайтұғын ойыны-тоғызқұмалақ еді. Таңертеңгі шайды ішкен
соң құмалақ басталады. Менің әкем көйлекшең күйінде, басында тақиясы,
бауырында ақ жастығын басып, құмалағын ойнап жатады. Күндіз келген ел
арасының ретті адамдары да ойынға кірісіп кетеді. Құмалақтан кезек тимегендер,
ойнай алмайтын балалары өз алдына дойбы, иә картаның дүкенін ашады.
Құмалақтан әкемді жеңген адам көргенім жоқ.
Шаруа жағына көзін сирек салады. Күндіз-түні босатпайтын елдің
жұмысынан қолы да тимейді. Шаруаның үш түрін ескеруші еді: жақсы қонысты
таңдап қону, жақсы малшыны іздеп тауып, ақысын қымбатсынбай алу, жылқының
аса ер етіп кеткені бар ма, соны ғана қараушы еді.
Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, иә өзі айтып отыру әдеті бар еді.
Біреуге айтқызғанда, бұрын есітпеген кісіше ынтасын сала тыңдап, әбден айтып
болған соң, айтушының адасқан жері болса айтып, түзеп береді. Қазақ ертегісінде
есітпеген, білмеген ертегісі кем шығар, «Қазақтың ертегісінен бұрын қай жерлерде
жүргенін, көршілесі, күндес елдері кім екенін, қарекеті не екенін, елдің арманы,
білімінің қаңдайлық кезінде шығарғандығы көрінеді» деуші еді.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B7%D0%B5%D1%80%
D1%82%D1%82%D0%B5%D1%83_%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D1%96
Достарыңызбен бөлісу: