Сабақтың ортасы
Тыңдалым «Ойлан-жұптас-бөліс»
Тапсырма
1.
А.Құнанбаевтың «Отыз екінші қарасөзін»
мұқият тыңдаңыз
2. Дәптерге 1 минут
уақыттың ішінде өз
түсінгеніңізді жазыңыз, оны
жұбыңызбен бөлісіңіз (1
минут). Топта
талқылаңыздар (1 минут).
«
Түсіндірме күнделік»
Тапсырма. А.Құнанбаев «Отыз екінші
қарасөзінің» мәтіні бойынша төмендегі
кестені толтырыңыз
Қарасөзден
үзінді
Түйіні
Оқушы
пікірі
Дескриптор:
•
Қарасөз мәтінінен маңызды үзінділерді
табады
•
Үзіндіден түйін шығарады
•
Өз көзқарасын білдіреді
https://youtu.b
e/8BiASx7BJ9
Y
Қ.Бітібаева
«Абай
шығармашыл
ығын оқыту».
Электронды
кітап
(қарасөздерді
ң аудио
нұсқасы)
Абай
(Ибраһим)
Құнанбайұлы.
Шығармалар
ының толық
жинағы.
Алматы:
жазушы, 2004
Сабақтың соңы
«Ой таразысы»
Қарасөз мәтіні бойынша
адамның
қасиеттерін
саралап жаз
Рефлексия «Смайлик»
Сабақ барысындағы іс-әрекетіңізді талдап,
смайликтермен көрсетіңіз
167
ҚОСЫМША
Абай Құнанбаев «Отыз екінші қарасөз»
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың
өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен
табылмас.
Әуелі-білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек болар
еді деп іздемеске керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық
болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең, һәм әр білмегеніңді білген уақытта
көңілде бір рахат хұзур хасил[1] болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап,
білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда
болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен
ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ
үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі асырап алған шешеңнің мейрімі
секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді,
тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші-ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес,
көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі әрбір бахасшыл адам
хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай
бахас хүсідшілікті[2] зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бәлкім азайтады.
Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған
сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура
жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға
кетсін! Бахас-өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хірслану[3] жарамайды. Егер
хірсланса, өз сөзімшіл ғұруырлық[4], мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе,
ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-
төбелесуден де қашық болмайды.
Үшінші – әр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең
айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің
құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі –
мұлахаза[5], екінші – мұхафаза[6]. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болмақ керек.
Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші – осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген
төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық
деген бір нәрсе бар зинһар[7] жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуел құданың,
екінші – халықтың, үшінші – дәулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – ақылдың,
ардың бәрінің дұшпаны. Олар бар жерде бұлар болмайды.
168
Алтыншы-ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез
бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез
келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып
үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың?
Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын
ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін
болсын!
[1] Тыныштық, рахатшылық
[2] Күндеу, күндеушілікті
[3] Ашқарақтану, қомағайлану, сараң болу[
4] Менмендік, ірілік
[5] Ойласу, пікір алысу
[6] Сақтау, қорғау
[7] Қалайда, әйтеуір
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының толық жинағы.
Екінші том. Алматы: Жазушы баспасы, 2002 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |