Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет134/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

2-
мәтін 

Ертеңіне Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді. 

Жүрмеңдер. Асықпай әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер,- деді. Бұл - 


163 
Абайдың тілегі. Абай бұрын тағылым, үлгі - кітапта; білім, өнер - медреседе ғана 
деп түсінетін. Оған, дастан шебері - Низами, Науаи, Физулиде; мұң нәзігі-Шайх-
Сағди, Хожа-Хафизде батыр жыры-Фердаусиде көрінетін. Қазақта нелер «Баян-
Көрпеш», талай «Ақбала-Боздақтар» барын анық білмеуші еді. Тілі ұғымды, өмірі 
таныс болғаннан ба немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының 
кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете 
желген әнінен бе? Бебеу қаққан қоңыр, майда баяу домбырадан ба? Қалайда болса 
Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан
жырларға барабар еш нәрсе есітпеген сияқты болды.
Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Екі ақын Ұлжан үйін 
барлық осы үлкен ауылға қанбазардай қалың жиын үйі қып жіберді. Бие байлап 
болғаннан кейін, түске жақын, ауыл қымызға жиылады. Қыза отырып жыр 
тыңдайды. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады. Немесе, әредікте шешендер, 
ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады. Ал ел айығып оңаша 
қалғанда, Барлас өз жырларына Асанқайғы, Бұхар жырау, Марабай мен Жанақ
Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Балта, Алпыс ақын - бәрін қоса, өзі құрбы өзге 
ақындар айтқан жырларды термелеп кетеді. Бұлардың ішінен заман зарын, көп 
мұңын шертетін сөздерді, әсіресе бөліп айтады. Барлас біреуді мақтап, біреуден 
сұрап жырлайтын ақын емес. 
Абай мен шешелерінің кешкі уақытта тыңдаған жырларының көбі: 
Барластың өзі сүйген құлақ күйі сияқты термелер болады. Мұндай кезде Барлас 
Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді Қызықты, қызуды, қыздырманы 
ғана айтатын күлкіші, сауықшыл Барлас емес. Кешкі кездерде, ол бір үлкен 
өсиетші кейде шерлі қарт сияқтанады. Сондай-сондай кездерде өзінің де ішін 
ашып: 
Құлағың сал жырыма, 
Ойлана қара сырыма. 
Шат-шадыман емеспін, 
Құр құландай жортқанмен, 
Құбылтып күй тартқанмен, 
Қайғыдан, Барлас, құры ма?!- 
деп, өз жайын термелеп кетеді. 

Қайғысы не?- деп Абай кейде шешесінен сұрайды. 

Әйтеуір үлкен қасиеті - болымсызды дардай ғып мақтай беретін әдеті жоқ 
екен. Ел ақтаған ақын емес қой. Сөзін ұғып ал осының!- деп қоюшы еді Ұлжан. 
Тыңдай келе Абай Барластан тағы бір соны сөздер есітті. Ол осы заманның ұлығы 
мен бегін айтқан, сынап-мінеп айтқан сөздер. Бір терменің ішінде Барлас: 
Аға сұлтан ұлық бар, 
Елге мәлім қылықтар, 
«Өл» дегенде өлмесең, 
«Жүр» дегенде жүрмесең, 
Малы құрым құрықтар 
Кісен салып құлыптар!- 
деп бір кетті. 


164 
Абай әкесінің үйде жоғын еске алып: «келмей-ақ қоя тұрса екен», «қыдыра 
түссе екен» деуші еді. Шынында да Барластар келгелі Құнанбай бұл үйіне кеп 
қонған емес. Ол бір топ үлкендермен ел аралап, жолаушылап кеткен. Ұлжанның 
Барласты жібермегені де сол. Ақын мен әнші Құнанбай жоқта болмаса, мұның 
ауылына онша үйір боп, бой жазып жата алмайтын. 
Барлас «ұлық пен бек» дегенде кімді айтады? Онысын ашпайды. Бірақ, Абай 
оның мұндай жырларын ылғи өзінше ұғады. Мысалдың көбін жақыннан іздейді. 
Бірақ, бұл бала да сырын, ойын ешкімге ашпайды. 
Старшын дейтін әкім бар, 
Пайдасын көрер жақындар. 
Қалың елі тек жемі 
Боранды күн тиіскен 
Аш қасқырдай тақымдар... 
Бұл - «старшын Майбасар» деп ойлайды Абай. 
...Жарлы, зарлы демейді, 
Кеңінен ашып көмейді 
Түгіменен түйесін 
Жұтам десе қай сорлы 
Қалтқы болып бөгейді? 
Соны көріп ақынның 
Аса түсіп ағы да 
Әжімі де көбейді,- 
деп «аһ ұрғандай» боп кеткенде, Абай Барластың қайғысын да танығандай 
болады. 
«Ел ұйтқысы шайқалды» дейді. Бұрын Абайдың естімеген зар-шері сияқты. 
Беті-түсі айқын болмаса да, әр заманда, әр жерде күңіреніп, қайғы шеруін 
тартып жатқан кәрі әжесі сияқты, көп жасаған, көп қайғыны көрген, үлкен бір шері 
бар. «Ол кім?..» дәлін, барын Абай біле алмайды (42-44 бет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет