220
бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» «Абайдан кейінгі
ақындар деген мақалалар жазды.
Сабақтың
ортасы
1-
тапсырма.
Мәтінді оқып,
«Ашық микрафон» әдісі
арқылы сұрақтар құрастырыңыз.
Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын
әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі
«Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»,
т.с. әдеби-сын еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият
ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара
дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының мың
сан иірімдері терең танылады.
Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері арасында –
Абай әлеміне айрықша мән-маңыз беріледі. Айталық,
«Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласында ақын
өмірі мен шығармашылығына, ақындық мектебі мен оның
айналасына, басты ерекшеліктеріне мән береді. Абайдың
үлкен мақсат пен дарын иесі, ой мен сөзден сыр іздеген
бітімі бөлек талант екендігі танылады.
«Абайдан соңғы ақындар» атты мақалада ұлттық
поэзияның жай-күйі, даму бағыт-бағдарлары мен көркемдік
мұраттары, өзіндік өзгешеліктері сөз етіледі. Өлең сөзге
қойылатын талап-шарттар мен өлеңші төңірегінде
көзқарастар білдіреді. Қысқасы, «әдебиетімізге жақсы
өлең, шын ақынның сөзі көрік беріп, күшейте алады» деген
қорытындыға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: