РЕФЛЕКСИЯ: «Блоб ағашы» әдісі
Оқушыларға блоб ағашы көрсетіліп, оқушылар өздерінің
сабақтан алған әсерлерін блоб ағашымен байланыстырып,
өз ойын білдіреді.
ҚОСЫМША
«Шегіртке мен құмырсқа» (И. А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
245
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы»,
ІІ том, Алматы, «Жазушы» 2002 ж.
Күні:
Мұғалім:
Сынып: 7
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Бөлім:
Абай аманаты- адал еңбек
Сабақтың тақырыбы
А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақ мақсаты:
Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің
тақырыптық-идеялық мазмұнын түсінеді. Ақынның саятшылық,
құсбегілік, аңшылық туралы ойларын бүгінгі күнмен
байланыстырды.
Достарыңызбен бөлісу: |