243
Сабақтың
басы
Психологиялық ахуал. «Алтын кілт» әдісі.
Оқушылар алтын түстес кілтті бір-біріне тілек айту арқылы
беріп отыра, жағымды ахуал туғызып бүгінгі жаңа
тақырыптың есігін ашады.
«Мозаика» әдісі.
Оқушыларға шегіртке мен құмырсқа суреттері шашыраңқы
түрде беріледі. Оқушылар суретті өздері құрастыра отырып
жаңа тақырыпты ашады.
Құмырсқа мен шегіртке туралы мағлұмат беру.
Құмырсқа – ұйымдасып, жабыла жұмыс істейтін жәндік.
Құмырсқалар өте кішкентай болғанымен өте ұйымшыл
келеді. Құмырсқалар шыбын-шіркейлерді жеп, қоршаған
ортаны тазартады. Құмырсқа Жер шарында кеңінен
таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана
кездеспейді.
Шегірткелердің Қазақстанда 271 түрі кездеседі.
Шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы
аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы
кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, желпуіш тәрізді артқы
қанаттары болады. Егістік пен жайылымдарға қатты зиян
келтіреді
А4 беттегі
алтын кілт
Қима суреттер
Достарыңызбен бөлісу: