311
Негізгі ақпарат
Маңыздылығы
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Мәтінді түсінеді, ақпаратты
қолданады.
мәтін мазмұнын түсінеді;
ақпаратты қолданады;
дерек картасын толтырады;
үлестірмелі
материал
Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлемдер»
Мен бүгін .... білдім.
Мен бүгін .......... сезіндім.
Мен келесі сабақта ........ туралы білгім келеді.
ҚОСЫМША
1-
топ
Музыка саласында жазба мәдениетінің
болмауына қарамастан, Абай
әндерінің бізге толық жеткен себебі олардың халықтың жүрегінде сақталуында.
Композитор болғанымен, нота білмеген Абайдың әндері ауызша таралды. Абай
әндерінің халыққа кең таралуына,
біріншіден, ән табиғатының халыққа
жақындығы, тыңдаушысын баурап алар тосын әуен мен терең мазмұн болса,
екіншіден, сол әндерді үлкен сахна-сахарада нағыз күміс
көмей әншілердің
орындауы еді. Абай әндерін орындаушылар ән өнерінің хас шеберлері-тін.
Ақынның өзі айтқандай: «Адам аз мұны біліп ән саларлық, тыңдаушы да аз ол
әннен бәһра аларлық»,- деп, Абайдың жаңа әндерін тосырқап қабылдаушылар да аз
болмады. Сол кезде әнші шәкірттер
тек әнді таратушылар ғана емес, терең
мазмұнға құрылған ғибратты әндердің насихатшысына айналды. Бұл арада сазгер
Абай өз бойындағы барлық құндылықтарды әнге деген ыстық ықыласын, өзі
шығарған әндерін орындап халыққа таратушы әнші
шәкірттеріне сол уақыттың
жырын жырлап, мұң мұқтажына араласуына өз бойларындағы таланттарын
шыңдап, көрсете білулеріне жол ашты. Әнші-музыканттар Абай үйіне жиналып,
өздері шығарған, біреуден үйренген ән, күйлерін
Абай алдында ортаға салып,
сыннан өткізіп отырған. Абайдың Татьянасын әнші шәкірттердің автордан үйренуі
тұсын Әуезовтен тыңдап байқайық: «...Мұхамеджан домбыраға жаңағы әннің бас
қайырмасын тыңқылдатып көрді. Келмей жатыр. Абай бұл кезде өз кезегін жүріп,
сәл босап отыр еді.
-
Жоқ теріс тартып отырсың,- деп домбыраны қайта алды. Жаңағы әнін үш-төрт
қайырып тартып өтті. Мұхамеджан енді домбыраны қайта алғанда, іркілместен
қатасыз тарта жөнелді. Сол арада жаттап алған алғашқы
екі ауыз өлеңді әнге де
салып жіберді» [1, 574-б.].
Достарыңызбен бөлісу: