Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет264/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Сабақтың соңы 
5
мин 
2.Кері байланыс: «Зерде»
Білім ....... (тақырып бойынша алған 
ақпараттарым)
Эмоция ........ (сабақтағы көңіл 
күйім)
Баға ......... (өз 
жетістігіме беретін бағам)
Сын 
.......... (өз бойымда нені дамытуым керек)
Идея ......... (маған келген жаңа ой) 
Қима қағаздар
 


317 
шыққан аузы дуалы, сөзі ел есінде қалған сондай жандардың бірі - Уәйістің әкесі 
Шондыбаймен бір туған Нүрке Ыбрайымұлы. Оның өмірдегі ақындығы мен 
өнердегі алғырлығы ел ішінде бүгінге дейін айтылады. 
Ақынды көзі көргендер де оны ұзын бойлы, сұлу, өңді, жігіттің көркемі 
болғанын айтады. Тумысынан дарын иесі Уәйіс бала шағында ел ағасы Абайдың 
шешендігі мен парасаттылығын Нүрке, Қабаш сияқты осындай ақын туыстарынан 
естіп, қанық болады. 
Ал, жас ақын, әнші өнерпаздың өнерін бағалаған жандардың бірегейі Бегеш 
Сабанұлы болды. Абайдың. «Керей маған Бегешін берсе, Тобықтының игі 
жақсыларының бәрін берер едім»,- деген сөзі ел арасына тарап, даңқты асқақтай 
түскен Бегеш досы Абайға: 
Халықтың құлымын, 
Сабанның ұлымын. 
Сенен басқа казақтан 
Анағұрлы ірімін. 
...Ойыңнан шықпай лақсам- 
Көп қазақтың бірімін. 
Уәйістей ұлдың пірімін, 
Алты алаштың жырымын, -деген екен. 
Уәйістің Абайға дейінгі өнердегі өмір жолы осындай ортада өтеді. 
Сөйтіп, бала кезден ән-жырға жақын талапты жас Уәйіс әншілігімен, сөзге жүйрік 
өткірлігімен Керей еліне ғана емес, көрші қонған елді-мекендерге де танымал 
болып, ел аузына ілігеді. Көлібайлардың ескі қонысы Жылтыр Шыңғыстауға алыс 
емес. Жас ақынның дақпырты Бегеш, Бодау, Құрымбайлардың бағалауымен Ұлы 
Абайдың да құлағына жетеді. Әннің тылсымын қадір тұтатын Абай Уәйісті де 
жаздың күні жайлауына алдырып, өнері мен дарынын бағып, сүйсініп, жас 
талаптың шабыты мен білімін шыңдайды екен. Бертінге дейін өмір сүрген, 
Абайдың көзін көрген Уәйіспен тұрғылас жандардың естеліктері Уәйістің жас 
кезінен Ұлы ұстаздың игі ықпалын көріп өскенін баян етеді. 
«Марқұм Төлеу Көбдіковтің айтуынша, ұлы Абай Бақанас, Байқошқар 
жайлауында Көкбай мен Уәйіске кезек ән салғызып, өзі оларды сүйсіне тыңдайды 
екен. 
Құлақтан кіріп, бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй... -дейтін өлеңнің осындай рақатты жайлау кештері әсерінен 
тумағанына кім кепіл?», - дейді Төлеу акынның әңгімесін еске алған Қалихан 
Алтынбаев. 
Уәйіс Ұлы Абаймен қашан кездесті, неше жасынан немесе қандай шағынан бастап 
үстаздың алдын көрді деген сұрақтарға жауапты дөп беру қиын. Ғалым 
Қ.Мұхамедханов: «1894-95 жылдар Абайдың шақыруымен келген Уәйіс, ұлы 
ақынның таланты, білімді шәкірттері Мағауия, Ақылбай, Көкбайлардың тобына 
қосылды. Абайдың өсиетін тыңдап, ұғып, еңбекші халық мүддесін жырлайтын 
азамат акын болады. Бұл айтқанымызды оның жаңа табылған өлеңдері де 
дәлелдейді. 
...Жан құрбан халық үшін қылайық та, 


318 
Бұл істен не боламыз қашқанымыз. 
Ақылын айтып-айтып Абай кеткен, 
Қазақта сол емес пе асқанымыз», -деп жазады. Ақын мұрасын ел ішінен іздестіріп, 
оның көзін көрген жандармен кезінде тілдесіп, Уәйіс жайында есте қалған 
дүниелері болса, қағазға түсірген Өкітай Ахметовтің Абай қорық-мұражайының 
кітапхана қорына өткізген Уәйістікі саналатын мына бір ауыз өлеңі көңіл 
аудартады: 
Атақ-даңқ өзі келді іздемей-ақ, 
Кезіктім Ыбырайға он үш жаста-ақ. 
Дауылдай өртке тиген өлең шықты, 
Аман болсын абырой, тіл менен жақ. 
Уәйіс өз өлеңдерінде үлы ұстазды бірде Абай десе, бірде Ыбырай деп, азан 
шақырып қойған атымен де атайды. П.П. Ершовтың «Конек-горбунок» дастанынан 
аударған «Иванушке» аудармасында да ол: 
Орыстың ертегі екен Иванушке, 
Ойландым өлең қылып ерте-кешке. 
Ыбырай жазып бер деп бұйырған соң, 
Дей ме деп тіл алмайтын неткен кеще -,
демей ме? 
Жоғарыда табылған өлеңге көңіл аударсақ, Уәйіс Ұлы Абайды ғалым 
Қ.Мұхамедханов айтқандай, 20-21 жасында емес, одан да ертерек - үлкеннен бата 
сұрар бала кезі - «он үш жаста-ақ» біліп, ұстаз тәрбиесінің алдын көрген. 
Уәйіс те Абай шәкірттері Шәкәрім, Мағауия, Ақылбай, Көкбай, Әсет, 
Әріптермен бірге ұстаз өнегесін көріп, өз өлеңдерінде Абай тағылымын мысалға 
алып отырады. 
Аңсарың ауып кетіпті, 
Момындарды жемекке. 
Жарай ма деп ойлайсың, 
Осы маған керекке. 
Адамдықтан айырылып, 
Байлардың сөзін көмекте. 
Келеке кылып шілікті 
Мерт болған жоқ па терек те. 
Осы да мәлім емес пе, 
Зейіні бар зерекке-деп өлеңге қосады. Ұлы Абай өз мектебінің дәстүрі 
бойынша, Уәйіске де шығармашылық тапсырма беріп отырған. Соның бір мысалы 
«Иванушке» аудармасы болса, Абай мен оның балаларын қызықтырған тарихи 
жыр - «Қозы Корпеш-Баян Сұлуды» да Уәйіс үздік бір нұсқасын бүгінге жырлап 
жеткізген. Осы Уәйіс нұсқасы негізінен сонау Жанақтан бастау алғандықтан, 
Мұхтар Әуезов оны «Жанақ-Бейсембай» варианты деп, 1936 жылы жеке кітап етіп 
шығарды. 
Ақын да әнші Уәйіс сал-серілік дәстүрден ада болмай, қазақ жерінің түкпір-
түкпірінде болып, барған жеріне Абайды дәріптеп, өзі де жаңа ән, жаңа 
дастандармен сусындап кайтатын болған. Жетісу жерінде «Уәйіс пен үш келіншек» 


319 
деген сөз қағысы, «Жамбылдың Уәйіске айтқаны» деген бір ауыз өлеңі сияқты 
ақынға қатысты және оның мұрасына тиесілі дүниелер сақталған. 
Бодау, Бақтыбай, Жамбыл сынды жыр сүлейлерімен де сұхбаттас, таныс 
болған Уәйіс ақын, Кеңес халық ақындарының атасы, жиырмасыншы ғасырдың 
Гомері атанған Жамбыл Жабаевпен кездескенде: 
Екі Емелдің ортасын қостым әнмен, 
Салдарша салтанатпен жүрдім сәнмен. 
Артым жазық, алдым тау өрге шаптым, 
Табиғат аямай-ақ бәрін берген, - 
деп жырлапты. 
У. Шондыбайұлы өзінің замандасы, жерлесі қазактың халық ақыны Төлеу 
Көбдіковпен бала кезінен дос-жар болды. Т.Көбдіковпен жүздесіп, 
У.Шондыбайұлы жайлы дерек жинамақ болған ғалым Қайым Мұхамедханов: 
«Төлеу марқұмнан Уәйіс жайын сұрағанымызда, оның ақындығын асыра мақтап, 
ақындығы менен басым еді»,- деп айтып отырушы еді. Уәйістің өлеңдері көп 
болушы еді және өзі ірі әнші, Абайдың алдын көрген, Абайға ұнаған ақын болатын, 
деп Төлеу ақын Уәйіс туралы ұзақ-ұзак әңгіме айтатын»,- деп жазады. 
Абай Құнанбайұлының көзін көрген ақындардың бәрін Абай мектебін көрген 
деп айта алмаймыз. Ол кезде ұлы ақынның беделін ғана сыйлап, оның халық 
мүддесі үшін жүргізген идеялық күресін рушылдық салт-сана түрғысынан 
бағалаған ақындар да болды. Сондай кері ойлы рушыл ақындар да Абайдың 
беделін жағалап қасынан табылуға тырысты. Абайдың реализімі мен ақындық 
мүддесін жақсы ұғынған Уәйіс сондай жарамсақтарға арнап: 
Бәрің де Ыбырайды жағалайсың, 
Қылт етсе әкеңді де табалайсың. 
Әкеден ұл азғанды кім көріпті, 
Жақсыны қашан сендер бағалайсың. 
Мал десе, алды-артыңа қарамайсың, 
Сақал сатып жүректі жаралайсың. 
Әділдік пен арамдық бірге жүрмес, 
Сүрінсе ағаң, інілікке жарамайсың,- 
деген. Уәйістің осындай өр мінезі төменде ақын өмірінің келелі тірлігінен де, өткір 
жырларынан да көрініп қалып жатады. Патша заманыңда, ел басына күн туғанда 
халықты күреске шақыруы, әділдікке бой ұсынбай, ел ішіндегі жуандармен кетісуі 

ақынның осындай ерен мінезінің айғағы. 
Жансарайы ән мен жырдан тұратын дархан қазақтың өрелі өнеріне өлмес 
үлес қосқан халық перзенттерінің бірі болып, өз заманының оқыған зиялыларымен 
қатар жүріп тілдесіп, ойыменен үндесе білген ақынның тағдыры тылсым. 
Е.Мұқашев 
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет