316
ҚОСЫМША
ХІХ ғасырдың соңғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының
дамуына өз үлесін қосқан ақын
Уәйіс Шондыбайұлының өмір жолы мен
шығармашылығын зерттеген-Еркебұлан Советұлы Мұқашев. Абай хакімнің
шәкірті ретінде белгілі болса да, әдеби зерттеуден кенже қалған
У.Шондыбайұлының мұрасын кең көлемде зерттеп жүрген ғалым. Ақынның
поэзиядағы лирикасы мен дастандарындағы ақынның тілі, стилі, тарихи танымы
ғылыми түрде талдап, қазақ ән өнерінің сұлу мәдениеті мен эстетикасын
насихаттап, халықтық үлгідегі мазмұнды да көркем ән мәтіндерін тудыруда зор
еңбек жасаған Уәйіс Шондыбайұлының сазгерлік-ақындық өнерін тұңғыш ғылыми
негізде талдаған.
Профессор А.С.Еспенбетовтың шәкірті, Қайым Мұхамедхановтан тәлім
алған бұл тақырыпта өзіндік сара жол салуына ұстаздарының да акыл-кеңесі,
тәлім-тәрбиесі зор. Е.С.Мұқашев Абайдың ақын шәкірттерінің ғылымына дендеп
бойлап, қажымай-талмай еңбек етіп келеді.
Уәйіс
-
Абай шәкірті
Уәйіс Шондыбайұлы Бақанас өзенінің жанабынан көп алыс емес, Үш Қызыл
биігінің бауырында, Жылтыр деген жерде 1873 жылы дүниеге келген. Жылтыр
ертеде Керей ішінде Көлібайдан шыққан бидің аты екен. «Жылтыр келсе - Томан
жоқ, Томан келсе-Жылтыр жок» деген ескі сөздің айтылуына қарап, ел ішінде бұл
екі би бірінің билігіне бірі кіріспеген деген аңыз бар.
Уәйіс өлең-сөзге бейім, ойын айтып салар өткір екендігін бала кезінде-ақ
танытқан еді. Қозы баққан, козы жасар өңкей бала ауыл шетіндегі үйдің тары
тазалап отырған Асығыс деген әйелден тары сұраған екен. Бергеніне риза болмаған
ойын балаларының арасында бала Уәйіс те бар. Сонда Уәйістің:
Айта бар, барсаң сәлем Асығысқа,
Іс түсті қиыншылық басымызға.
Берсең де бір пұт тары көп бола ма,
Кеп тұрмыз қозы жайып қасыңызға,-
деген бір ауыз өлеңі ауыл ішіне тарап кетеді.
Осындай алғыр үй баласының келешекте ел баласы, ел ағасы болып
жетілуіне өскен ортасы ықпал етті «...Ақындыққа баулынып үйренудің, талантын
калыптастырудың бірнеше кезеңдері, өсу сатылары бар. Жас баланы шүу дегеннен
ақындыққа, ән-күйге, өлең-жырға қызықтыратын өз үйінде, өзінің ауыл- аймағында
үлгілі ақындық дәстүр болады», дегендей, Керей ішінде де жас Уәйістің акындық-
әншілік өнерін танып, ортаға тартқан әншілер мен ақындар болды. Көлібайдан
Достарыңызбен бөлісу: