Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет72/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

 
 
 
ҚОСЫМША 
Көкбай ЖанатайұлыСабақтың жоспары: 
Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы туып, 1927 жылы өлген. Жасында 
мұсылманша оқуды едәуір өндіріп оқыған соң, Көкбай әншілік, ақындыққа көп 
ауысады. Басында айтыс өлеңдерге де жиі араласып, ақындыққа ерте жеткен 
талапкер жастың бірі болады. Бірақ жігіттікке жете бере қырдағы ән-өлең 
өнерін,сауығын тастап, Семей қаласына келіп Кәмали хазіреттің медресесіне 
түседі. Ұзақ жылдар сонда жатып мұсылманша оқу оқиды. Кейін Абай оны әзіл 
етіп молдалық пен сопылыққа беріліп, әсем әнін, бозбалалықтан кетіп қалды деп 
сынайды. Көкбай туралы: 
Сорлы Көкбай қор болды-ау, 
Осыншадан құр қалып… – 
дейді. 
Жас өнерпаздың діндар медреседе имам, халифелердің алдында мүлгіп 
жүргенін жақтырмай айтқан.Бірақ Көкбай медреседе өзінше көп оқып, үлкен 
молдалыққа жетіп алғаннан кейін, Абайға келіп қосылады.Ел ортасындағы бір 
сайлаудың үстінде Семейдің сол күнгі оязыКөкбай берген бір арыз бойынша оны 
жазаламақ болды.Сонда өнерлі, оқуы бар жігітті Абай аяп, кепілдікке алады. 
Осыдан соң Көкбай өмір бойы , Абай өлгенше оның іні-досы, шәкірті боп кетеді. 
Абай өлгеннен кейін бірталай жылдан соң, жасы ұлғая бастағанда, Көкбай 
қайтадан бұрынғы молдалығына ауысады. Ел ішінде медресе салып, бала 
оқытады.Бірақ молдалыққа ауысуымен, Көкбай ақындық еңбекті тастамайды. 
1909 
жылы Кәкітай бастырып шығарған жинақ Абай еңбектерінің жарым 
көлеміндей ғана еді. Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің 
жадында жүрген, біржола жоғалып кетуге мүмкін болған Абайдың өлеңдері мен 
кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіріп, ұлы ақынның өзге мұраларының 
қатарына қосты. 
Онан соң Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген 
материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. 1933 жылы құрастырып 
жазған алғашқы толық өмірбаянның көп фактілері Көкбайдың аузынан 
алынған.Абайдың көп өлеңдеріне кейінгі толық жинақтарда беріліп жүрген 
қосымша түсінік, деректердің көптен-көбі және де сол Көкбайдың айтуынан 
алынған-ды. Міне, Көкбайдың қазақ әдебиет тарихына келтірген осындайлық кесек 
пайдасы бар. Ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, 


90 
импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, 
Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады. Тек бертін 
келіп, «Жаз» өлеңін жазған соң ғана Абай барлық өзі шығарған өлеңдерін өз атына 
ауыстырып алады. 
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»
Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 
ISBN 5-7667-2949-9
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет