Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет83/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

2-
топ
Абай өмірі мен творчествосының білгірі Қайым Мұхамедханов: «Абайдың 
көзі тірісінде, оны орыстың оқырман қауымына тұңғыш рет таныстырған адам – 
Әлихан Бөкейханов» екенін айтады. «Россия. Полное географическое описание 
нашего отечества» атты көп томдық кітаптың 1903 жылы «Киргизский край» деген 
18-
томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Әлихан Бөкейханов «Абайға 
ерекше тоқтап, қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы» атаған»,-дейді. 
1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде, 1907 жылы басылып 
шыққан «Записки Семипалатинского Подотдела, Западно-Сибирского отдела 
Императорского Русского географического Общества» деп аталатын кітапта Абай 
өмірбаяны басылып шыққан, авторы Ә. Бөкейханов. 
Абай туралы және бір мақала 1908 жылы татар тіліндегі «Уақыт» газетінің 
393-
шы санында жарияланды. Мақала авторы Міржақып Дулатов болатын. 
Абай творчествосын тану мен танытуда өзіндік орны бар мақаланың бірі – 
Міржақыптың «Абай» атты мақаласы. Ұлы Абайдың қайтыс болуына 10 жыл 
толғанына орай жазылған бұл мақаланың мынадай басты құндылықтары бар. 
Бірінші-Абай ақындығын, Абай мұрасын, Абайдың ұлылығын ұғынудың алғашқы 
соқпағын салушылардың еңбегін көрсетіп, зерттеушілер есімін нақты атаумен 
бағалы. Қашанда әділдік жақтаушысы, өзгенің еңбегін бағалауда тура жолдан 
таймайтын Міржақып осы мақаласында Абайды алғаш елге танытушы Әлихан 
Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов екендігін айтып, оларды тұңғыш 
Абайтанушылар ретінде бағалайды.
3-
топ 
Абай шығармашылығы туралы түйіндеулерінде әдебиеттің халық өміріндегі 
орны жайында айтқан Ахметтің қадау-қадау пікірлерін дамыта отырып, «Тарихы, 
әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап, ілгері басуы қиын. 
Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып, жоқ болады. Қай 


102 
жұрттың болса да жаны әдебиет. Жансыз тән жасамақ емес»,-деп түйеді. 
Сондықтан да ол Абайды қазақ әдебиетінің асқар шыңына балап, Абайдың 
ұмытылуы-қазақ әдебиетінің ұмытылуы, жоғалуы деп санайды. Абайдың қазақ 
әдебиетінің алтын діңгегі екендігін, одан көз жазып қалу болашақ ұрпақ алдында 
кешірілмес күнә екендігін ескертеді. Ақын Міржақып Абай ақындығын терең 
түсініп, «Әдебиетіміздің негізін қалаған бірінші кірпіш-Абай сөзі, Абай ойы 
боларға керек. Абайға шейін қазақ қолға алып, оқырлық шын мәніндегі қазақ 
әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. …Бәлки мұнан кейін, Абайдан үздік 
ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ 
халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жұлдыз-Абай»,-деп, Абай ақындығының әділ 
бағасын береді. 
Автор осы мақалада Абай есімін ұмытпау тұрғысында істеліп жатқан 
шараларды қуана қарсы алып, сол жолда ізденіп жүргендердің ісін құптайды. 
Семейдегі Абай кешін өткізген оқыған қазақ жастарының ісінен игіліктің 
бастамасын көреді. Сөйтіп, Абайды болашақта жан-жақты таныр, Абайды жаттап 
өсер күннің туарына сенім білдіреді. 
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B7%D0%B5%D1%80%
D1%82%D1%82%D0%B5%D1%83_%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D1%96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет