242
деп санаса[910], басқа беделді мамандар Ренессансты батысеуропа (ең бастысы
итальяндық) мәдениетке тек қана тән ерек және төлтума құбылыс деп қарастырады:
"Итальян Ренессансың бүкіл әлемдік маңызға ие бола алмауының себебі, басқа орын
алған ренессанстар арасында өл өзінше типтік, әрі үздік еді, ал басқа ренессанстар болған
жоқ. Сондықтанда ол жападан жалғыз еді"[911].
Оның үстіне замана ғалымдары батысеуропалық Қайта Өрлеуді апологетикалық
дәстүрлі бағалаудан бойларын аулақ салып, оның қосарлылығын айқындады. С одной
стороны, Ренессанс бір жағынан – мәдениетті толық еркіндік және тұлға тәуелсіздігі
концепцияларымен, адамның шығармашылық мүмкіндігіне көзсіз сену идеяларымен
байықтырса, екінші жағынан – қайта өрлеулік "табыс философиясы <...> авантюризм мен
аморализмнің рухынан нәр алушылық" болып табылады[912].
Қайта Өрлеудің географиялық шекарасының проблемаларын талқылау барысында
негізінен "еуротектілік" деп атауға болатын тек қана батысеуропалық мәдени-тарихи
тәжірибеге бағдар ұстанған әлемдік әдеби процестің дәстүрлі кестесінің қол байлаулығы
мен шектеулігі анықталды. Және де ғалымдар соңғы екі-үш онжылдықтар көлемінде (бұл
ретте көшбасшылық тізгіні С.С. Аверинцевқа тиеді) әдеби дамудың кезеңдері
турасындағы дәстүрлі ұғымдарды толықтырып, әрі оны белгілі бір мөлшерде қайта
қарастыратын концепцияларды ұсынып, әрі негіздендірді. Бұл жерде, біріншіден, сөз
өнеірнің өздік ерекшелігі, екіншіден, еуропалық емес аймақтар мен елдердің
тәжірибелерін есепке алушылық бұрынғыға қарағанда зор ауқымда қарастырушылықпен
орын алды. 1994 ж. қорытындылаушы сипаттағы "Әдеби дәуір алмасуындағы поэтика
санаттамалары" ұжымдық малаларда бүкіл әлемдік әдебиеттің үш сатысы бөліп
көрестіліп, сипатталды.
Бірінші саты – бұл фольклорлық дәстүр сөзсіз ықпалдылыққа ие "архаикалық кезең".
Бұнда мифтіпоэтичкалық көркемдік сана басымдыққа ие болып келіп, әрі сөз өнерінен
үстем рефлексия жоққа тән, сондықтан, не әдеби сынға, не теориялық штудияға, не
көркем шығармашылық бағдарламаларға орын жоқ. Бұның барлығы тек Ежелгі Грекиядан
б.з.д бірінші мың жылдықтарда басталып, XVIII ғ. ортасына дейін жалғасқан әдеби
өмірдің әдеби процесінің дамуының екінші сатысында пайда болды. Осы бір өте ауқымды
дәуір көркем сана мен "стиль және жанрлар поэтикасындағы" дәстүршілдіктің кеңінен
орын алушылығымен аталып өтті: қаламгерлер риториканың талабына жауап беретін
алдын ала дайын сөздік формаларға бағдар ұстанып, жанрлық канондарға бағынышты
болып келді. Осы екінші кезеңнің аясында, өз кезегінде, екі этап бөлініп шығады да,
олардың шегі болып Қайта Өрлеу (бұл жерде, бір байқайтынымыз сөз басым жағдайда
еуропа көркем мәдениеті турасында болып) табылады. Осы орта ғасырлықтың орнына
келген этаптардың екіншісінде әдеби сана тұлғасыздық бастау көзден тұлғалыққа қарай
(әлі де дәстүршілдік аясынан қол үзіп кетпесе де) қадам жасайды; әдебиет біршама
мөлшерде зайырлана түсті.
Және де, ақыр соңында Ағартушылық дәуірі мен романтизмнен бастау алған үшінші
кезеңде авансценаға "индивидуалды-шығармашылық көркем сана" шығарылды. Бүгіндері
риторика жазып сызып берген жанрлық-стильдік билеп төсеушіліктің шынжырын үзген
"автор поэтикасы" үстемдікке ие. Бұнда әдебиет бұрындары ешқашан болмаған "адам
болмысына тікелей және нақтылай өте жуықтап келіп, оның шаруасына, ойларына,
сезімдеріне тереңдей еніп, сол қалпында өмірге әкеледі"; индивидуалды-авторлық
стильдердің дәурені басталады; әдеби процесс "бір мезетте әрі жазушы тұлғасымен, әрі
оны қоршаған шындық болмыспен" тығыз ілік-шатыстыққа түседі[913]. Осының бәрі XIX
жүз жылдықтың романтизмі мен реализмінде және бір шама мөлшерде біздің
ғасырымыздағы модернизмде орын. Әдеби процестің осы құбылысына біз назар
аударатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: