167
Соңғы ширек ғасырда біз таңбалап келе жатқан дағдылы мәтін туралы ұғымды тәрік
ететін мәтін концепциясы туындап, өз буынын бекітті. Оны жағалаусыз мәтін теориясы
немесе реалдылықтың тұтасқан мәтінделу (текстуализациялану) концепциясы деп атауға
болады.
Бұл
жерде
көшбасшылық
тізігіні
қолына
тиген
француздық
кейігструктурализмнің серкесі Ж. Деррид таяу уақытта: "Мен үшін мәтіннің құны беш
тыин. Бұл абсолюттік тұтастық. "Мәтінен тыс еш нәрсе жоқ" (бұл арада ғалым өзін-өзі
қайталап, дәйек сөз келтіріп тұр. - В.Х.). Бұл мәтін дегеніміз – қарапайым емес тілдік акті
дегенді білдіреді. Егер де, үстел мен үшін мәтін болса, онда, мен өзі үшін өзі үстел болып
тұрғанды – дейіглингвистикалық қабылдаудағыдай – қабылдаймын" деп айтты[625].
Көрініп тұрғандай, бұл арада
мәтін деп адам қабылдайтынның бәрі аталып тұр.
"Мәтін" сөзімен сондай-ақ объективтік реалдылықта бар нәрселердің жалпы
жиынтығын таңбалайды. Одному из участников тарту-мәскеу мектебінің қатыстылардың
бірі Р.Д. Тименчикаға мына фраз тиселі: "Егер біздің өміріміз мәтін болмаса, онда оның не
болғаны?"[626]. Әлемнің қітап тәріздестігі туралы ұғым, яғни, мәтін ежелгі метафоралық
образдарға тамыр тартып кетеді. Інжілдік Моисей әлемді Құдайдың кітабы деп атады
(Исх. 32, 32-33), "Иоанн Құдай сөзін жеткізушіде" де өмір кітабы туралы бірнеше мәрте
сөз болады. Кітап тіршіліктің символ ретінде көркем әдебиетте тікелей емес, жанама
түрде "астар мәтінмен" көрініс береді. Осылайша, лермонтовтың "Расул" өлеңінің
кейіпкері "адам көздерінен" "зұлымдық пен іріп-шіруді" оқиды. Бірақ та діни және көркем
символиканы ғылыми танымның аясына енгізудің заңдастығы байыпты күмәнданушылық
тудыруда: егер әлдебір сөз бәрін танытса, шын мәнісінде оның ештеңені білдірмейтіндігі.
Әлем келбетінің "Жағалаусыз мәтінденуі" өзінің байыпты (болмыс әуелден жаратушының
еркімен жаратылып, әубастан ретке түскен) философиялық онтологиясына ие, бірақ та, ол
жеке ғалым саласында жемісті бола қоймайды.
Оның үстіне, соңғы еік он жылдықтар аясында филологияда мәтінді шекараны білмеуші
деген ұғым орнықты. Бұған дәлел – Ж. Дерридтің пікірлесі, әрі ізін қуушы Р. Барттың
төлтума еңбектері. Осы бір филолог-эссеист көркем мәтін мен көркем туындыны бір-
біріне қарама-қарсы қойып, әдеби мәтінді екі текке межеледі. Белгілі бір мағына мен автор
позициясын жүзеге асырушы классикалық (беймодернистік) туындылардың мәтіні
ирониялық-шеттемемен сипатталады. Барт бойынша, "классикалық мәтін аярлық пен екі
жүзділікке бой алдырып, құқысы болмаса да, белгілі бір анықтылық пен мақасттылыққа
қарай арбайды. Және де ең тұздықтысы – бұндай мәтіндердегі көшіріп алушылық
негізінде туындаған өмір жоққа шығарылатын пікірлер мен тұншықтырылған
астарлардың құсқыңды келтіретін қойырпағына айналады"[627]. Ал, заманалық
мәтіндерде тілдік өзі-ақ ақтарыла сала береді деп тұжырымдайды ғалым. Бұнда
персонаждар мен автордың үніне орын жоқ; белгілі позицияны ұстанудың өкілі болып
табылатын соңғысының орнына тек қана хат процесінде көрініс беретін, мәтін туындап
болысымен өз өмір сүруін тоқтатын Скриптор (жазғыш) келеді. Тап осындай Мәтін
(Бартта бас әріппен беріліп отырады-Ә.Ә.) туындыны шетке қағады. Ол өз негізіне
әлдекімнің (тұлғалық) сөзін емес, оқырманға ләззат сыйлай алуға қабілетті ойындық
сипаттағы бейнесіз хатты алады: "Мәтін оқырманы мырза жандай еш нәрседен қам жемей;
қыдырымпазданады"[628]. Оның үстіне мәтін өзінің дағдылы тұрақтылық және өзіне-өзі
теңдік сияқты нышан-белгілерінен айырылады. Ол қабылдаудың әрбір актісінде қайыра
туындап отырушы, басы бүтін автор еркіне қарамай туындаушылығы оқырман ырқында
болушылық ретінде ойға оралады. Ғылыми және көркемдік дәстүрлерден қол үзуді
қаламайтын ғылым "мәтін" терминінің бұндай өңін айналдырушылықпен еш қабыса
қоймасы анық.
Достарыңызбен бөлісу: