§2. МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫП Көркем туындыларда өмірдің тұрақтылығы, оның іргетастық сипаттары (автордың өз
еркімен немесе оған тәуелсіз түрде) тұрақтылықпен айшықталады. Бұл ең алдымен
ғаламдық және табиғи бастау көздер (әмбебаптылық) хаос пен ғарыш, қозғалыс пен
тоқтау, өмір мен өлім, жарық пен қараңғы, от пен су т.с.с. Бұның барлығы өнердің
тақырыбының онтологиялық кешенін құрайды.
Көркем тақырыптаманың өнердің антропологиялық аспектісі өте маңызды, әрі өте бай
болып келеді. Ол өз бойына біріншіден, адам болмысының антиномиялы (шеттеу мен
араласу, паңдық пен мойынсұнушылық, туындыгерлік пен талқандаушылыққа бейімділік,
күнә мен пәктік т.с.с.с) рухани бастау көзін; екіншіден, жан-тәндік адам құштарлығымен
байланыстағы инстинкттер аясы болып табылатын либидо (жыныстық ая), билікке
ұмтылыс, материалдық игіліктерге, қымбат заттарға, сән-салтанатқа бой ұру т.с.с.с.;
үшіншіден, адамдар жыныстық (еркектік, әйелдік) және жас ерекшелігі (балалық, жастық,
ересектік) жағынан бөлінеді; ең соңғысы, төртіншіден, адам өміріндегі дәуірден жоғарғы
жағдайлар, адам тіршілігінің тарихи тұрақты формалары (еңбек пен демалыс, жай күндер
мен мерекелер; шындық өмірдің тартыстылық мен үйлесімдік бастау көздері, бейбіт
тіршілік пен соғыс немесе төңкеріс; туған жер және одан жырақтағы өмір немесе саяхат;
азаматтық және жеке бастық іс-әрекет т.с.с.) сыйдырады. Осындай жағдайлар іс-әрекет
пен талпыныстардың, кейде адамның ізденістер мен шытырмандыққа, белгілі бір
мақсатты жүзеге асырудың аясын құрайды.
Аталған (және сөз етілмеген) тіршіліктің бастау көздері өнерге келген шақта бай да, көп
қабаты кешенді мәңгілік тақырыптарды құраса, олардың көпшілігі "архетипті" болып
келіп, жоралғылық-мифологиялық ескіліктен (архаикадан) бастау алады. Көркем
шығармашылықтың бұл қыры барша ел мен дәуірлердің құндылығы болып табылады. Ол
не туындының түп қазығы, не оның бойындағы өз авторының санасы түйсінбеген
көлеңкелік (мифопоэтикалық астармәтін) ретінде байқалады.
Өнер мәңгілік тақырыптарға бет бұрғанда онтологиялық бағдардағы философия және
адам табиғаты туралы іліммен (антропологиямен) туыстасып жақындасады. Өнердегі
тіршілік тұрақтылығының сәулеленуі романтизм дәуіріндегі философтардың[114], сондай-
ақ, мифологиялық (Германияда – Гриммдер, Ресейде – Ф.И. Буслаев) және
неомифологиялық мектеп ғалымдарының (Н. Фрай) [115], Фрейд пен К. Г. Юнгтың
еңбектеріне бағдар ұстаушы психоаналитикалық өнертанудың зерделеу өзегіне айналды.
Соңғы кездерде бірқатар байыпты жұмыстарда (Г.Д. Гачевтің, Е.М. Мелетинскийдің,
Смирновтың, В.И. Тюпаның, В.Н. Топоровтың[116] еңбектерінде) бізге таяу дәуірлердегі
әдеби шығармашылықтың мифологиялық архаикаға қатыстылығы сөз етіле бастады. Ең
басты назар аударуға тұрарлығы Д.Е. Максимовтың теориялық жинақтаулары. Түп төркіні
архаикаға кететін әмбебаптықтың маңызы зорлығын бекемдей отырып, ғалым сонымен
қатар, XIX-XX ғғ. әдебиетіндегі "мифопоэтикалық дәстүрді" бәрін қамтымайтын,
жергілікті құбылыс деп ой түйеді. Бұл дәстүр деп тұжырымдайды Д.Е. Максимов,
Дантенің "Құдіретті комедиясынан" бастау алып, Мильтон поэмаларынан Гетенің
"Фаусына" және Байронның мистерияларына созылды; оның өзектенуі Вагнерден кейін
символизмде ішін ара орын алды. Ғалым кең тараған өнер мен әдебиеттегі тоталды
мифологизм турасындағы ұғыммен мүлде келіспейді: "заманалық көркем туындыны
мифологиялық түсіндіруде <...> жөнсіз көкке көтеріле айтылатын әдебиеттанудағы
қиялдауға байыпты және өрелі ғалымдар жиі беріліп жүргендігін мақұлдауға
болмайды"[117]. Бұл ой түю біздің көзқарасымыз бойынша әбден дұрыс. Көркемдік
33
таным мен игеруде мифологиялық пен мифопоэтикалық бастау көз және тіршіліктің
әмбебап аясы (өзінің барынша маңыздылығына қарамай) өз бетінше бәрін қамти алмайды.
Бұл тек өнер тақырыптамасының бір қыры ғана.