Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§3.ТАҚЫРЫПТАМАНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ АЯСЫ (АСПЕКТІСІ)



Pdf көрінісі
бет21/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

§3.ТАҚЫРЫПТАМАНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ АЯСЫ (АСПЕКТІСІ) 
Ғаламның, табиғаттың және адам тіршілігінің (онымен тығыз байланыстағыларды) 
әмбебаптығымен бірге өнер мен әдебиет көп қырлы және кең ауқымды түрде мәдени-
тарихи болмысты да айшықтайды. Адамзат біртұтас, оны сан саққа жүгіртуге еш 
болмайды. Адам тіршілігіне кеңістік-уақыттық түрлі сипаттылық тән болып келіп, 
әмбебаптық сияқты өнер туындысын сәулелендіреді.
Әдебиет арқылы тайпаның, халықтың, ұлттың, діни конфессияның нышан белгісін, 
өзіндік мәдени-тарихи ерекшелікке ие мемлекеттік құрылымның және ірі географиялық 
аймақтардың (Батыс және Шығыс Еуропа, Таяу және Қиыр Шығыс, Латын Америкасы 
әлемі және т.с.с.) сипатын танытуға қол жеткізіледі. Осындай ортақтыққа тән сана типі 
(менталитет), тамырын тереңге тартқан (тұтастай алғанда, халық пен «білімді топтар» 
өміріндегі) мәдени дәстүр, қарым-қатынас формасы, тұрмыс-тіршіліктегі әдет-ғұрып 
көркем іс-әрекеттің жемістерінде өрнектеледі. Өнер туындыларында белгілі бір халық пен 
дәуірдің диханшылығы, аң аулау кәсібі, шенеуініктік қызметі мен сауда-сатығы, сарай 
мен шіркеу өмірі; бұқалар шайқасы мен жекпе-жектер; ғылым өрісі мен өнертабыстық 
жетістіктері секілді өмір шындығы таңбаланады. Сондай-ақ, көркем туындыларда ежелгі, 
орта ғасырдағы, біздің заманымызға таяу тұстағы ұлттық төлтума ғұрыптық-жоралғылық 
өмірдің айшығы, оның этикеті мен сән-салтанаты көрініс табады[118], Оның жарқын 
мысалы П.И. Мельников-Печерскийдің роман-дилогиясы мен И.С. Шмелевтің "Лето 
Господне" туындысы.
Өнердегі мәдени-төлтумалық бастау көздің көрініс беруі антика дәуірінің көркем 
құндылықтарын абсолютті және жалпыға ортақ деп танитын классицизм қондырмаларын 
жаратпаушылықтан туындаған романтизм эстетикасының айқын да, байыптамалы 
«бағдарламалығына» тән болып келіп, "халықтық және жергілікті" (О. Сомов) принципін 
ұстанып, ұлттық мәдени дәстүрге қызығушылық тудырды. Ал. Григорьев туынды 
бойында аталған мекен мен уақыттың ауанының болуын органикалық өнердің шынайы, 
өмірдің өзі тудырған бөлінбес қасиеті деп есептеді. XIX ғ. ортасындағы ең беделді 
америка сыншыларының бірі Э.О. Дайкинк[119] халық мәдениетінің бекемденуі мен 
байығуы үшін қаламгерлер өз назарын "ұлттық тақырып" пен «туған өлке» туралы 
ойларға аударуы керек деді. Тура осындай ой түюшілік біздің ғасырымызда ара-кідік 
айтылып қалып жүр. Осылайша, испан жазушысы М. де Унамуно біз "жергілікті мен 
дербестіктің терең қойнауынан"; "әрбір жеке адамға тән <...> тірі де, жемісті 
әмбебаптықты ол оранған ұлттық, діни, тілдік және мәдени жамылғыдан" іздеуге тиіспіз; 
"шексіздік пен мәңгілікті біз тек өз орнымызда, өз сәтінде, өз еліміз бен өз дәуірімізден 
ғана таба аламыз" деп тұжырымдайды. Осы болмыстағы мәдени-тарихи қалыптасқан адам 
төңірегінде пікір өрбіткен Унамуно көркем танымның нысаны турасында төмендегідей 
"Барлық уақыттың ақындары «ұлт, дін, тіл және Отан туралы мәселелерге» құлық қойды. 
Тіпті: "Шекспир – ағылшын, Данте – флорентиялық, Сервантес – кастилиялық, Ибсен – 
норвег болса да, бүкіл адамзаттың ұлы болып табылады "[120]деп қорытынды жасайды. 
Осы айтылғандарға алып қосарымыз, көркем туындыда автор тек қана туған ел мен 
халықты, оның өмірін айшықтап қоймайды. Өнер туындыларында бір дәуірден келесі 
дәуірге қарай әлемдік мәдениеттің ауаны, оның ішінде, суреткерлердің түрлі 
халықтардың, елдердің, аймақтардың тыныс-тіршілігіне қатысты мүддесі өзін таныта 
түседі. Осылайша, әдебиетте бөтен өлкелерге саяхат жанры тамыр жайды, оның кейбір 
белгі-нышандарын гомердің "Одиссейінен" белгілі бір мөлшерде аңғара түсеміз. 


34 
Афанасий Никитиннің "Үш теңізге саяхатын", Н.М. Карамзиннің "Орыс саяхатшысының 
хатын", байрондық "Чайльд Гарольдтің тәу етуін" еске түсірейік. Ұлттық экзотика 
романтизм поэзиясының жасампаздығының бір арнасы болып саналды. Мақсатты, әрі 
бағдарламалық тұрғыда әдебиеттің өз ұлттық тақырыптамасының аясынан шығып, тарих 
қойнауына сүңгуі И.В. Гетенің "Батыс-шығыс диваны" кітабына тән, оның осы жағын 
айқын аңғарған қаламгердің замандастары автор өз жеке бастық дербестігінің тәжірибесін 
байықтыра отырып, бір жақтылықты еңсерген дейді[121]. Белгілі бір ұлттық топырақта 
туындаған Дон Жуан, Фауст, Дон Кихот образдары кейіннен жалпыеуропалық өмірдің 
құндылығына айналды.
Адам болмысын көркемдікпен тану көрініп тұрғандай көбіне алыс пен жақынды 
жуықтастырып, о бастан еректеніп тұратын өз бен өзгені кейбірде туыстастырып жібереді 
(XX ғ. осы турасындағы жарқын мысал көп ғасырлық мәдениеттер тоғысымен 
тыныстаушы Н.К. Рерихтың шығармашылығы болып табылады).
Көркем тақырыптаманың мәнді буыны тарихи уақыт құбылысы болып танылады. Өнер 
дәуірден дәуірге құлашын кеңге жая отырып, халықтардың, аймақтардың және барша 
адамзаттың даму қарқынының тыныс-тіршілігін игереді. Ол өткенге, тіпті кейде жақын 
болашаққа жете ынта танытады. Ерлік туралы аңыздар, былиндар, эпикалық әндер, 
балладалар, тарихи драматургия мен романистика тап осындай болып келеді[122]. Көркем 
танымның тақырыбы да тап осылай, әрі болашақ турасында (утопия мен антиутопия 
жанрлары). Бірақ та, өнер үшін ең маңыздысы автордың заманалығы: "Тірі тек сол ақын,-
деп тұжырымдайды Вл. Ходасевич,-өз дәуірінің ауасымен тыныстап, өз кезеңінің әуенін 
тыңдаған"[123]. Тап осы тақлеттес ойды 1860-шы жылдары мәдени-тарихи мектептің 
көшбасшысы И. Тэн "қоршаған ортаның ойлары мен әдетінің жалпы жағдайы" [124] деп 
өнер туындысына қатысты өжеттілікпен білдірді. Қаламгердің заманалылығы дегеніміз –
Аристофан мен Мольердің пьесаларында және де А. Дантенің "Құдіретті комедиясы" өзін 
танытқан көркемдіктің «бетертақырыбы», бірақ ол ХІХ ғасыр әдебиетінде басым жағдайға 
ие болып, өмірдің кескін-келбетін оны толғандырған мәселелеріне бет бұрып, барынша 
жарқырата аша білу. Оған куә Стендальдың, О. де Бальзактың, Ч. Диккенстің, Г. Флобер 
мен Э. Золяның, А. С. Пушкин мен М.Ю. Лермонтовтың, И.С. Тургенев пен И.А 
Гончаровтың, Л.Н. Толстой мен Ф.М. Достоевскийлердің романдары, сондай-ақ роман 
жанрының аясына еніп кететін көптеген ресейлік классикалық туындылар (Н.В. Гоголдің 
"Өлі жандары", Н.А Некрасовтың "Русьте кім жақсы тұрадысы", М.Е. Салтыков-
Щедриннің сатиралық прозасы).
Өнерде көптеген көркемдік кереғарлықтар орын алғанымен бұл дәстүр өзін ХХ жүз 
жылдықта да түгескен жоқ. Осылайша, символистік және акмеистік бағдардағы әдебиет
біршама деңгейде салондық-үйірмелік, ішкі көркемдік аядағы тұйықтылықта болып келіп, 
көп жағдайда заманалықтан іргесін аулақ салып, халық өміріне төбеден қарайды. Осы 
турасында бір жағы өкіне, бір жағы дабыл қаға 1916 жылы В.М. Жирмунский сөз етті. 
"Символизмді еңсергендер" атты мақаласында ғалым символистердің орын алмастырған 
ақындардың (А.А Ахматова, О.Э. Мандельштам, Н.С. Гумилев) шығармашылығын кең 
көлемде сипаттай отырып, сонымен бір мезетте замана әдебиетіне (символистік және 
акмеистік) деген сыни пікірін жасырып қалмады. Жас зерттеуші ақындардың 
"индивидуалистік құштарлығын" турасында, "олардың лирикаларындағы желімділік" 
турасында сөз ете келе, "олардың жалғыз қалған жан-дүниесі сыртқа шарықтай алмайды"; 
сондықтан "жаңа поэзияға" "эстетизм мен аморализмнің декаденттық сан алуан түрлері" 
енді дейді де; көптеген ақындар өз күй кешуін "ой-өрісінің тарлығы" және 
"миниатюралық, ойыншық характері" арқылы беруде деп жазады.
Жирмунский асып-тасыған осындай шөп-шалам болашақ «жаңа реализм» әдебиетінде 
еңсеріледі деп үміттенді: "... біз жаңа поэзия бұданда кеңге қанатын жайып, бүгінгідей 
индивидуалистік, әдебиет төңірегіндегі, қалалық емес, өз бойына халық бойында 


35 
бұлықсыған сан алуан әлеуетті күштерді сыйдырған, астана маңын ғана емес
провинциядағыны, поместьедегіні, деревнядағыны қамтыған тарихи аңыз-әпсаналар мен 
оның идеялық мақсаттарын барлық халықты жинақтап, барша Ресейді құшағына алған 
жалпыхалықтық, ұлттық болады деп қиялдаймыз"[125].
Ғалымның үміті толық мәнінде ақталған жоқ. Ұлттық тұрмыс-тіршілікті жаппай тас-
талқан ету дәуірі мен «атың өшкір ескілікпен» күрес әдеби шығармашылықтың 
заманалықпен байланысын тар және бұрмаланған ауқымда ұғындырды. Есік қаққан 
дәуірдің шындығы ұлттың талпынысы мен мәдени дәстүріне баса көңіл бөлудің әлдебір 
көп қырлы тұтастығы түрінде емес, әдебиетішілік (формалды мектеп түсінігінде, оның 
ішінде Ю.Н. Тыняновтың ойынша, әдеби күресте кінәлі және кінәсіздер жоқ, тек 
жеңімпаздар мен жеңілушілер ғана бар[126] және әлеуметтік-таптық, партиялық (өзін 
«нақты-тарихи» деп атап, ресми түрде бірден-бір дұрысты деп жариялаған марксистік 
әдебиеттану әдістемесі) қиян-кескі, бітіспес ұрыс алаңы түрінде танытты. Аталған
концепцияларда заманалықпен оның әдебиет пен өнердегі маңызы туралы түсініктер өте 
тар ауқымда өзгертіліп берілді[127].
Төңкерістен кейінгі онжылдықтың әдеби тәжірибесінде үстем идеологияның талабына 
толық жауап беретін романа-эпопея атанған туындылар (Ф.В. Гладковтың"Цементі", АН. 
Толстойдың "Азапты сапар" трилогиясы, М.А Шолоховтың "Көтерілген тыңы", И.Г. 
Эренбургтің "Дауылы" мен "Тоғызыншы толқыны", М.С. Бубеновтың "Ақ қайыңы") 
ресми қолдауға ие болды. Кеңестік шындықты (кейде адам танығысыз) әспеттеген олар 
замана қайшылығын үнсіздікпен айналып өтіп отырды.
Сонымен бірге, осы дәуірдің жазушылары өздерінің көркем шығармашылықтары үшін 
шетіндеу қолайсыз жағдайға қарамай өз тамырын ХІХ ғасырдан алатын дәстүрге сай өз
заманын шынайы да, терең суреттей алды. А.П. Платоновтың хикаяттары мен әңгімелері, 
М.А. Булгаковтың романдары, М.А Шолоховтың "Тынық Доны", А.А Ахматованың 
"Реквиемі", кейінірек А.И. Солженицыннің, Г-Н. Владимовтың, В.И. Беловтың, В.Т. 
Распутиннің, В.П. Астафьевтің, Е.И. Носованың прозалары, кейінгі он жылдықтарда 
қоғамдағы өзгерістерге жауап беретін Б.П. Екимовтің әңгімелері тап осындай еді.
Алуан ел мен дәуірдің көркем туындылары бізді адам болмысының байлығына, сан 
қилылығына, «көп түстілігіне» сенімділікпен куәгер етеді. Өмірдің айнасы сынды өнер біз 
үшін этнография мен тарих секілді ғылыми білімнің саласы да болып табылады. "Көркем 
әдебиет пен өнердің туындылары өзі өмірге келген кезеңінің ділін (менталитетін) 
түсінудің маңызды дерек көзі <... > және де білім үшін, әсіресе, тұрмыстық нақты "тарихи 
жағдай", <...> осы арқылы көркем әдебиет пен өнер тарихнамалық (историографиялық) 
бақылау жасаудағы ең маңызды дерек көзіне айналады"[128]. Беделді тарихшының осы 
айтқан сөзіне алып қосарымыз төмендегідей: көркем туындының тақырыптамасының
мәдени-тарихи 
аспектісі көбіне тұтас кейіптеуді, пішіндік ұйымдастыруды, 
құрылымдылықты 
айқындайтындықтан 
жете 
қарастыратын 
әдебиеттанушылық 
зерделеуге әбден лайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет