81
құптамаушылық т.б. белсенуі." орын алады [326]. Гуманитарлық ая тұлғалық сипатқа ие
"тіл қатушы тіршілікке" қол жеткізеді.
Басқа бір мәселе, деп түйіндейді Бахтин, - жаратылыстану мен математика
ғалымдарында "үнсіз заттарға (ғаламзат, құбылыс, мәнділік, заңдылықтарға) қол жеткізеді
деп тұжырымдады. Бұл арадағы ең бастысы гуманитарлық іс-әрекеттегідей "дендей ену
емес", қайта білімнің дәлдігі болып табылады. Болмысқа
бұндай қатынасты ғалым
монологтық деп атады. Монологтық белсенділікті ол "аяқтаушы, кейіптеуші, каузалды
(лат. causalis - себепші), түсіндіруші және өлтіруші" деп сипаттады[327]. Монологизм
гуманитарлық аяға, әсіресе, өнерге баса көктеп енгенде
өзінің жақсы жемістерін
әкелмейді, не болмаса, өзге адамның аузына қақпақ қойып, үнін өшіреді деп есептеді.
Бахтиндік сұхбаттылық қатынасы концепциясы көп жағдайда батыс еуропалық
"диалогшылардың" (М. Бубер және т.б.), сондай-ақ, А.А. Ухтомскийдің сұхбаттылық
жоғары құндылық
жайындағы ілімімен ұқсас болып, олар тарапынан ары қарай
дамытылды. Бұл идеялар (бахтиндік сұхбаттылық қатынасы концепциясы сияқты)
дәстүрлі герменевтиканы дамыта түсті.
Достарыңызбен бөлісу: