Бердібай Шалабай
106
бағдарламаларынан кездестіруге болады. Оларға А. Байтұрсын-
ұлы ның «Тіл – құрал» атты оқу құралы (1925), Қ. Жұбановтың
оқу бағдарламалары (1936) және С. Аманжоловтың 38-39 жыл-
дары шыққан алғашқы оқулықтары жатады. «Құрмалас» де-
ген
атаудың пайда болуы, оның белгілері, түрлері алғаш рет
А. Байтұрсынұлының аталған кітабында сөз болады.
Ол былай дейді:
«Сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық болады. Бірі –
ішкі, бірі – тысқы. Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық.
Мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес
деліп, мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөй-
лемдер құрмалас деп аталады» (А. Байтұрсынов. Тіл тағылы мы.
300-бет).
Осыдан кейін келтірген мысалдарын,
жасаған талдауларын
зер салып қарасақ, А. Байтұрсынұлы сол кездің өзінде мәтін
син таксисі туралы да алғашқы пікірді айтқан екен. Жоғарыдағы
мағына жақындығымен жанасқан іргелес сөйлемдер деп отыр-
ғаны – белгілі бір ой төңірегіне
топтасқан бірнеше сөйлемдер
тобы (Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сасайын
деді).
Ал құрмалас сөйлемді мағына жақындығымен қатар (ішкі
жақындық) қисын жақындығы (тысқы) біріктіретін бірнеше жай
сөйлемдер құрайды екен (Үлкен бастар, кіші қостар. Атаңа не
қылсаң, алдыңа сол келер). А. Байтұрсынұлы құрмалас сөйлемді
құрайтын жай сөйлемдердің ішкі, тысқы байланыстарын кең
ашып сөз етпегенмен, құрмалас сөйлемдердің бірнеше белгілерін
көрсетуі өте-мөте мәнді еді. Ол белгілері: екі және одан да көп
сөйлемнен құралуы, олардың
арасында мағына жақындығы
болуы және сыртқы тұлғалық байланыстардың болуы.
Қ. Жұбанов құрмалас сөйлем туралы арнайы еңбек жазба ған-
мен, оқу бағдарламаларына арналған ескертпелерінде өз пікірін
білдірген. Онда құрмалас сөйлем (ол «күрделі сөйлем» дейді)
болу үшін, әр жай сөйлемнің өз бастауышы да, баяндауышы да
болуы керектігін, құрмалас сөйлемнің түрлері (салалас, сабақ-
тас), олардың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстыратын
амалдар туралы айтады (Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер: 230
және 358-беттер).