Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет73/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Қарсылықты салалас
Қарсылықты салалас сөйлемдерде алдыңғы сыңарында ай-
тылған жайға екінші сыңарында баяндалатын жай қарама-қарсы 
мағынада жұмсалады. Олардың арасындағы синтаксистік байла-
нысты жүзеге асырып, қарама-қарсылық мағынаны айқын біл-
діруге, кейде оны күшейтуге қызмет етіп тұратын жалғаулықтар: 
бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, солай болса да, сөйт се де, 


Қазіргі қазақ тілі
121
әйткенмен, әйтпесе. 
Мысалы: Күңке басында көнбейтін болған 
наразылық білдірген, 
алайда 
сол наразылық үстінде де Ұлжанды 
бақты (М.Ә.). Алдымызда, жүз саржан шамасында, Есімбектің 
үйі тұр, 
бірақ 
Шұға көрінбейді (Б.М.). Бір-екі жас болса да үл-
кен дігін білдіріп әлімжеттік жасайды, 
әйтпесе 
мына түрін мыс-
қылдай мазақ етер ем (С. Мұратбеков). Еламан мұның кеш оянған 
махаббат емес екенін білді, 
сөйтсе де 
кей кезде Ақбаланың жа-
нарынан ықылас сезетін (Ә. Нұрпейісов). Деев пен Жұмабай 
Қарсақбайға дейін енді қайтып ешқандай оқиғаға душар бола 
қойған жоқ, 
әйткенмен 
өлердей шаршап келіп жетті (Ә. Әбішев).
Жоғарыдағы құрмалас сөйлемдер құрамындағы жалғаулық-
тарды алып тастауға болмайды. Олай болғанда сыңарлары ара-
сындағы байланыс әлсірейді не мүлде үзіледі. Мысалы, бірінші, 
екінші сөйлемдердегі жалғаулықтарды алып тастағанда сыңар ла-
ры арасындағы байланыс мүлде үзілмегенмен солғындайды әрі 
мағыналық жағы да басқаша сипат алады. Үшінші, төртінші сөй-
лемдерде синтаксистік байланыс та, мағыналық қатынас та жо -
йылады. Ал соңғы сөйлемде олар үзілмегенмен басқаша си пат қа 
ие болады, сыңарлары өзара мәндестік, ыңғайластық қаты насқа 
түседі.
Бұл жалғаулықтардың кейбірі сыңарларының арасындағы 
қарсылықты қатынасты күшейте түседі. Мысалы: Ол басында 
қатты қарсылық білдірген еді, 
дегенмен 
көптеп-көмектеп көн-
дірдік (М.Ә.). Жоғары қарай өсе алмады
сонда да 
бұтақтар 
көп (Б. Полевой). Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, 
дегенмен 
онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті (Ғ. Сланов). Бұл 
кезде жел бәсеңдеді, 
бірақ 
аяз жел жаққа адам түгіл, малды да бет 
қаратпады (М.Ә.).
Сыңарлары арасындағы қарсылық мәннің күшеюіне шылау-
лардың қабаттасып жұмсалуы да әсер етеді: Ербол ғана сүйеп 
қалып, зорға дегенде буынын бекітті, 
бірақ сонда да 
өзін-өзі 
аңғарып жүрген жоқ (М.Ә.).
Сөйтіп, қарсылықты жалғаулықтардың рөлі салаластың сы-
ңарларын бір-бірімен байланыстыруда болсын, олардың ара сын-
дағы қарсылық мәнді жасап күшейтуде болсын өте-мөте маңызды.
Рас, кей реттерде сыңарларының арасындағы қарсылық мән 
айқын білінгенде, 
бірақ, алайда 
жалғаулықтарын түсіріп айтып, 


Бердібай Шалабай
122
жалғаулықсыз да құруға болады. Ондайда түсірілген жалғау-
лықтардың орнына сызықша қойылады. Мысалы: Елге мойным-
ды созам – көрінбейді (С.М.). Амантайдың даусын естіп Асқар 
құшағын жазайын деп еді, – Ботакөз босатпады (С.М.). Аяғы жоқ 
– жүреді; аузы жоқ – сөйлейді (жұмбақ).
Қарсылықты салаластарға тән мағыналық, құрылымдық 
ерекшеліктер негізінен мынадай болып келеді:
1. Сыңарларында баяндалатын екі не бір тұлғаның (субъек ті-
нің) іс-әрекеттері, ой-ниеттері бір-біріне қайшы болады. Мы салы: 
Абайдың қиналғанын Ділдә сезді, бірақ түк өкінген жоқ (М.Ә.).
2. Екінші сыңарында бірінші сыңарындағы іс-әрекеттің логи-
калық қорытындысы ретінде болуға тиісті іс-әрекет, жай-күй 
бол май шығады немесе басқаша болады. Мысалы: Ана әлдебі-
реу келер деп күтті, 
бірақ
ешкім келмеді (М.Г.). Осы ең ақырғы 
сөзі тәрізді еді, 
бірақ 
айтары әлі таусылмаған екен (Ғ.М.). Олар-
дың сөздерінде бояу аз болады, 
бірақ 
тыңдаушыны еріксіз ерте 
жөнеледі (Қ. Жармағамбетов).
3. Сыңарларының құрамында бір-біріне антоним сөздер жұм -
салады, немесе баяндауыштары болымды-болымсыз тұлға да 
келеді. Мысалы: Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жат-
қандай сезінеді (Ғ.М.). Ол кейін шегінді, 
бірақ 
көзін Нұрым ның 
жыбырлаған ернінен айырмады (Х. Есенжанов). Таяқ тиген жер 
жаныма батып барады, 
алайда 
сыр берген жоқпын (Б.М.).
Салалас құрмаластардың сыңарларының арасында қарсылық 
мән туғызу үшін кейде «ал» жалғаулығы да жұмсалады. Бірақ ол 
таза қарама-қарсылықты, қайшылықты білдірмейді, ал салыстыр-
малы тұрғыдағы қарсылықты қатынасты білдіреді. Мысалы: 
Тоқсан – кішкене денелі адам екен, 
ал 
Ізбасты – ірі денелі кісі 
екен (С.М.). Біздің қонысымыз мына тұста болатын да, 
ал
әлгі 
аталас ағайындарымыз сәл берірек жайлайтын (Ж. Аймауытов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет