ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ
ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Оқу құралы Алматы
«Қазақ университеті»
2014
2
ӘОЖ 94(574)
КБЖ 63.3(5 каз)
М 86
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
тарих факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесінің
шешімімен ұсынылған
Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі
Х.М. Әбжанов тарих ғылымдарының докторы, профессор
Л.Т. Қожакеева тарих ғылымдарының докторы, профессор
С.М. Мәшімбаев Мұхатова О. М 86 Патшалық Ресейдің отарлау саясатының әлеуметтік-экономикалық
салдарлары: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 88 бет.
ISBN 978-601-04-0344-4 Бұл оқу құралында Ресей империясының отарлау саясатының
әлеуметтік-экономикалық салдарлары қарастырылады. Қазақстанның
Ресей бодандығын қабылдауының тарихнамасы, сонымен қатар осы
мәселеге қатысты тың деректер талданады. Дәстүрлі шаруашылықтағы
өзгерістер, қазақ өлкесінің біртіндеп капиталистік қатынастарға енуі,
жаңа кәсіпшіліктердің дүниеге келуі, өнеркәсіптің пайда болуы, темір
жолдардың салынуы баяндалады. Урбанизация үрдістері, тауар-ақша
қатынастары, қаржы жүйесінің пайда болуы туралы мәліметтер
келтіріледі. Сондай-ақ, жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы, қазақ
даласына орыс шаруаларының қоныстануы және оның салдарлары
талданады.
Оқу құралы студенттерге, магистранттарға және тарих пәніне
қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.