Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

Танымдық
эгоцентризм 
қабылдау 
мен 
ойлау 
процестерін 
сипаттайды. 
Моральдық
эгоцентризм 
басқа 
адамдардың моральдық әрекеттері мен қылықтарын қабылдай 
алмаудан көрінеді. 
Коммуникативті
эгоцентризм ақпаратты 
басқа адамдарға жеткізуде байқалады және берілген ақпараттың 
басқа мағынасының болуын мойындамайды.
Ж. Пиаже эгоцентризмнің төмендеуі білімнің артуына емес, 
субъектінің өз көзқарасын басқалардыкімен салыстыра алу 
мүмкіндігімен байланысты.-деп санайды.
Эгоцентризмнен 
децентрацияға 
өту 
дамудың 
барлық 
деңгейлеріндегі танымды 
сипаттайды. 
Аталмыш 
процесс 
жалпыға бірдей болғандықтан Пиаже оны 
даму заңы
деп атады.
Эгоценртизмді жою үшін қажет: 1) өз «Менін» субъект 
ретінде ұғыну және субъектіні объектіден бөліп қарау; 2) өзінің 
жеке көзқарасын басқалардыкімен байланыстыру.
Ж. Пиаже бойынша, өзі туралы білімнің дамуы субъектіде 
әлеуметтік өзара әрекеттесу кезінде, яғни, индивидтердің 
әлеуметтік өзара қатынастарының әсерімен ғана туындайды. 
Қоғамды Пиаже әлеуметтік қатынастардың жиынтығы ретінде 
қарастырады, оның ішінен екі түрін бөліп көрсетуге болады: 
мәжбүрлеу қатынастары мен кооперация қатынастары.


Мәжбүрлеу
қатынастары ақыл-ой позициясының алмасуына 
мүмкіндік бермейді. Өз «Менін» ұғыну үшін мәжбүрлеуден 
арылу керек, сондай-ақ, пікірлердің өзара әрекеттесуі қажет. 
Бірақ ересек пен бала бастапқыда мұндай өзара әрекеттесуге қол 
жеткізе алмайды - олардың арасындағы теңсіздік тым үлкен. 
Өздерін бір-бірімен тең санайтын индивидтер ғана «дамушы» 
өзара бақылауды жүзеге асыра алады. Мұндай өзара қатынастар 
бір жас кезеңі өкілдерінің арасында, мысалы, қатынастар 
кооперация негізінде қалыптаса бастайтын балалар ұжымында 
мүмкін болады.
Кооперация
қатынастары өзара құрмет негізінде құрылады. 
Бірден 
басқа 
адамға 
бейімделу 
қажеттілігі 
мен 
басқа 
көзқарастың болуын түсіну қажеттілігі пайда болады. Осының 
нәтижесінде логика мен этиканың рационалды элементтері 
қалыптасады.
Психологиялық көзқарастар жүйесіндегі тағы бір маңызды 
ұғым - әлеуметтену. Ж.Пиаже бойынша, әлеуметтену - бұл 
әлеуметтік ортаға бейімделу процесі. Бала белгілі бір даму 
деңгейіне жете отырып, өз көзқарастары мен өзгелердің 
көзқарастарын ажырату мен байланыстыру нәтижесінде басқа 
адамдармен 
ынтымақтасуға 
қабілетті 
бола 
бастайды. 
Әлеуметтену баланың психикалық дамуында шешуші өзгеріс 
болып табылады - эгоцентрлік позициядан объективтіге өту. 
Бұл 7-8 жасқа қарай жүреді.
Когнитивті даму теориясы (Ж. Пиаже тұжырымдамасы)
Бала психологиясын зерттеу кезінде үнемі ойлау мен 
сөйлеуге ерекше көңіл бөлінді, өйткені олар интеллектінің 
негізін құрайды. Бұл мәселемен Л. С. Выготский, Н. Б. 
Шумакова, Ж. Пиаже, Дж. Брунер және т.б. айналысты.
Ж. Пиаже ойлауды, оның сөйлеумен байланысын, әсіресе, 
көрнекі-әрекеттік пен көрнекі-бейнелік ойлауды айрықша 
зерттеді. Ол ойлау сөйлеуден бұрын қалыптасады деп санады. 
Пиаже ойлаудың логикалық құрылымдарын бөліп көрсетті және 
оны операциялар деп атады. 
Операция
- бұл қайтымдылық 
қасиетіне ие ойлау әрекеті, яғни, егер бала қажетті тапсырманы 
орындаса, ол қайтымды әрекет жасау арқылы оның басына 
орала алады. Пиаженің пікірінше, баланың интеллектуалды 
дамуының мәні операцияларды меңгеруден тұрады.


Білім,
Ж. Пиаже үшін - бұл процесс. Білу - демек, бар 
білімдерге сәйкес әрекет ету деген сөз. Әрекеттер ойша немесе 
практикалық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Саналы мінез-құлықтың немесе ойлаудың негізгі мақсаты -
қоршаған ортаға бейімделу деп санады Пиаже. Бейімделу 
тәсілдерін ол схемалар деп атады. 
Схема
- бұл әрекеттердің 
белгілі бір ситуацияларда қайталанатын құрылымы. Бұл 
қарапайым қозғалыстар, қозғалыс біліктерінің, дағдыларының 
немесе ақыл-ой әрекеттерінің кешені болуы мүмкін.
Баланың 
дамудың 
бір 
сатысынан 
екіншісіне 
өтуіне 
мүмкіндік беретін негізгі механизмдерді Пиаже ассимиляция, 
аккомодация және тепе-теңдік деп атады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет