Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

Топтық бірдейлік
(идентичность) өмірінің алғашқы 
күнінен бастап баланы тәрбиелеу оны аталмыш әлеуметтік 
топқа 
енгізуге 
және 
осы 
топқа 
тән 
дүниетанымды 
қалыптастыруға бағытталғандығына негізделеді.
Эго-бірдейлік топтық бірдейлікпен қатар қалыптасады 
және адамда даму мен өсу процесінде болатын өзгерістерге 
қарамастан, 
субъектіде 
өз 
«Менінің» тұрақтылығы 
мен 
үздіксіздігін сезінуді туғызады.
Өз еңбектеріне сүйене отырып, Эриксон тұлғаның 
өмірлік жолының кезеңдерін бөліп көрсетті. Өмірлік циклдің 
әрбір сатысына қоғам ұсынатын спецификалық міндет тән. 
Қоғам сондай-ақ, өмірлік циклдің әр кезеңдеріндегі даму 
мазмұнын да анықтайды. Дегенмен, міндетті шешу Эриксон 
бойынша, индивидтің психомоторлық дамуының қол жеткен 
деңгейіне де, осы индивид өмір сүріп отырған қоғамның жалпы 
рухани атмосферасына да тәуелді.
Даму дағдарысы бірдейліктің барлық формаларының 
қалыптасуына ұласады. Э. Эриксонның пікрінше, негізгі 
бірдейлік дағдарысы
жасөспірімдік шақта болады. Егер даму 
процестері сәтті өтсе, 
«есею бірдейлігін»
меңгеру жүреді, ал 
дамуда қиындықтар туындаған жағдайда бірдейліктің тежелуі 
байқалады.
Жастық пен ересектік арасындағы интервалды Э. 
Эриксон «психоәлеуметтік мораторий» деп атады. Бұл кезде 
жасөспірім сынақ және қате әдісінің көмегімен өмірден өз 
орнын табуға тырысады. Аталмыш дағдарыстың өту қарқыны 
алдыңғы жас кезеңдеріндегі дағдарыстардың (сенім, тәуелсіздік, 
белсенділік және т.б.) қаншалықты сәтті шешілгендігіне және 
қоғамның рухани атмосферасына байланысты болады. Егер 
дағдарыс ерте кезеңдерде сәтті түрде шешілмесе, бірдейліктің 
тежелуі байқалуы мүмкін.
Э.Эриксон психологияға ритуализация ұғымын енгізді. 
Мінез-құлықтағы ритуализация - бұл екі немесе одан да көп 
адамдардың келісімге құрылған, белгілі бір уақыттан кейін 
қайта басталуы мүмкін (өзара тану, сәлемдесу,сынау рәсімдері 
т.б.) өзара әрекеттесулері. Пайда болған рәсім (ритуал) кейінгі 
кезеңдердің бөлігі бола отырып, анағұрлым жоғары деңгейлерде 
пайда болатын жүйеге енеді.


Э.Эриксонның 
тұжырымдамасы 
тұлғаның 
өмірлік
жолының эпигенетикалық тұжырымдамасы
деп аталады, бұл 
тұжырымдамаға сәйкес өсетіннің барлығының жалпы жоспары 
болады. Осы жалпы жоспарға сүйене отырып, жекелеген 
бөлімдер дамиды, әрі олардың әрқайсысының даму үшін 
анағұрлым қолайлы кезеңі бар. Барлық бөлімдер дами отырып, 
функционалды тұтастықты құрғанша осылай жалғаса береді.
Эриксон кезеңдердің жүйелілігі - бұл биологиялық 
жетілудің нәтижесі, ал даму мазмұны қоғамның адамнан не 
күтетіндігімен анықталады деп санады. Ол өзінің кезеңдерге 
бөлуін тұлға теориясы деп қарастыруға болмайтындығын, бұл 
тек осындай теорияны құруға жол сілтейтіндігін мойындады.
Ә леуметтік үйрету теориясы
Әлеуметтік үйрету тұжырымдамасы баланың осы әлемге 
қалай бейімделетіндігін, оның қазіргі қоғамның әдеттері мен 
нормаларын қалай меңгеретіндігін көрсетеді. Бұл бағыттың 
өкілдері классикалық шартталыну мен оперантты үйренумен 
қатар имитация және еліктеу арқылы да үйренудің бар екендігін 
айтады. Мұндай үйрену американдық психологияда үйренудің 
жаңа, үшінші формасы ретінде қарастырылады. Әлеуметтік 
үйрету теориясында даму мәселесі бала мен қоғамның 
бастапқыдағы антогонизмі тұрғысынан қарастырылады.
Ғалымдар әлеуметтену ұғымын енгізді. 
Әлеуметтену
-
бұл 
индивидтің 
қарым-қатынас 
пен 
іс-әрекетте 
жүзеге 
асырылатын әлеуметтік тәжірибені меңгеру және белсенді түрде 
өндіру процесі мен нәтижесі. Әлеуметтену тұлғаға әр түрлі 
бағыттағы факторлар сипатына ие қоғамдағы өмірдің әр түрлі 
жағдайларының стихиялық әсер етуі нәтижесінде, сондай-ақ, 
тәрбиенің, яғни, тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудың 
нәтижесінде жүруі мүмкін. Тәрбие әлеуметтенудің жетекші 
және анықтаушы негізі болып табылады. Аталмыш ұғым 
әлеуметтік психологияға 1940-1950 жылдары А. Бандураның, 
Дж. Кольманның және т.б. еңбектерінде енді. Әртүрлі ғылыми 
мектептерде 
әлеуметтену 
ұғымы 
түрліше 
түсіндірілді: 
необихевиоризмде ол әлеуметтік үйрену ретінде; символдық 
интеракционизм мектебінде әлеуметтік өзара әрекеттесудің 
нәтижесі 
ретінде; 
«гуманистік 
психологияда» 
«Мен- 
тұжырымдамасын» өзіндік өзектілендіру ретінде түсіндірілді.


Әлеуметтену құбылысы көп аспектілі, сондықтан да көрсетілген 
бағыттардың әрқайсысы зерттелетін феноменнің бір жағына 
ғана көңіл аударады.
Әлеуметтік 
үйрету 
мәселесімен 
американдық 
психологтар А. Бандура, Р. Сирс, Б. Скиннер және басқа да 
ғалымдар айналысты. Олардың ұсынған кейбір теорияларын 
нақтырақ қарастырайық.
А. Бандура (1925) жаңа мінез-құлықты қалыптастыру 
үшін мадақтау мен жазалау жеткіліксіз деп санады. Сол себепті 
ол жануарлардан алынған нәтижелерді адам мінез-құлқын 
талдауға қолдануға қарсы шықты. Ол балалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет