Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


Пікір жазғандар:
Тоқсанбаева Н.Қ. 
- психология ғылымдарының докторы, 
доцент
Ермекбаева Л.К. 
- психология ғылымдарының кандидаты, 
доцент
Шайжанова Қ.Ү., Құлымбаева А.К., Уакасова М.Б.
Даму психологиясы негіздері: 
Оқу-әдістемелік құралы.
Алматы: 2015
Оқу-эдістемелік 
құралында 
адамның 
барлық 
жас 
кезеңіндегі психологиялық дамуының теориялық негіздері 
қарастырылады. Талдау сүрақтары. тапсырманы орындауға 
арналған диагностикалық эдістемелер мен оларды практикалық 
іс-әрекетте пайдалану үсынылады.
Құрал жоғарғы оқу орнының студенттеріне, оқытушыларына 
жэне білім беру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін 
көтеру 
факультеттерінің 
тындаушыларына, 
практик 
психологтарға арналған.


Кіріспе
Мазмұны
.. 3
I Тарау. Даму психологиясы негіздерінің пәні мен негізгі 
түсініктері........
1 Тақырып. Даму психологиясы негіздері пәнінің мақсат 
міндеттері
2 Тақырып. Даму психологиясы негіздерінің зерттеу 
әдістері
3 Тақырып. Даму психологиясының негізгі 
тұжырымдамалары
3. 1 Бала дамуының психоаналитикалық теориялары
3.2 Э. Эриксонның тұлғаның эпигенетикалық теориясы
3.3 Әлеуметтік үйрету теориясы
3.4 Ж. Пиаженің алғашқы еңбектеріндегі ойлаудың даму 
мәселесі
3.5 
Когнитивті 
даму 
теориясы 
(Ж. 
Пиаже 
тұжырымдамасы)
3.6 Мәдени-тарихи тұжырымдама
3.7 Д. Б. Элькониннің баланың психикалық даму 
тұжырымдамасы
3.8 Бала дамуындағы конвергенция теориясының екі 
факторы


4 тақырып. Психикалық дамудың қозғаушы күші мен 
заңдылықтары, 
баланың жеке басының қалыптасуы
ІІ Тарау. Әртүрлі жас ерекшеліктік деңгейлеріндегі психикалық 
дамудың ерекшеліктері
5 Тақырып. Нәрестелік кезең
5.1 1 жас дағдарысы
5.2 3 жас дағдарысы
5.3 Тақырып. Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық
даму
7 Тақырып. Бастауыш мектеп жасындағылардың 
психикалық дамуы
8 Тақырып. Жеткіншіктердің психикалық даму 
ерекшеліктері
9 Тақырып. Жасөспірімдік кезең психологиясы
10 Тақырып. Жастық шақ және ересектік кезең
11 Тақырып. Кемел жас (40 жастан-60-70 жас аралық)
12 Тақырып. Қарттық кезең


КІРІС П Е
«Даму психологиясы негіздері» оқу курсы ретінде білім 
беру 
саласындағы 
қызметкерлердің 
біліктілігін 
көтеру 
факультеттеріндегі, практикалық қызметкерлерді қайта даярлау 
мен біліктілігін көтеру шеңберінде Мемлекеттік стандарттың 
жоғары 
кәсіби 
білім 
беруінің 
жаңа 
талаптарына 
сай, 
студенттердің 
жан-жақты 
білімдерінің 
қажеттіліктеріне 
байланысты барлық педагогикалық ЖОО факультеттерінің оқу 
жоспарына енгізілген.
Оқу құралында жастық даму психологиясының теориялық 
негіздері баяндалған. Әрбір жас кезеңдеріне қысқаша сипаттама 
берілген:
• 
Дамудың әлеуметтік жағдайлары;
• 
Жетекші іс-әрекет түрлерінің сипаттамасы;
• 
Таным үрдістерінің даму ерекшеліктері (қабылдау, 
түйсіну, ес, зейін, ойлау, сөйлеу, қиял);
• 
Тұлғаның эмоциялық, мотивация сферасының, өзіндік 
санасының даму ерекшеліктері;
• 
Жас 
кезеңдерін 
сипаттаушы 
дағдарыстардың 
ерекшеліктері.
Ұсынылып отырған құрал тәжірибе-бағдарлық сипатта 
болғандықтан, 
әрбір 
жас 
кезеңі 
бойынша 
тәжірибелік 
тапсырманы талдауға арналған сұрақтар ұсынылған. Әр тарауда 
студентке 
(тыңдаушыға) 
оларды 
тәжірибелік 
іс-әрекетте 
қолданудың 
технологиясын 
меңгеруге 
көмектесетін 
диагностикалық әдістер келтірілген.
Құралда берілген материалдар психология оқытушылары, 
практик психологтар, педагогтар, білім беру мекемелеріндегі 
басшылар және басқа да жас ерекшелік дамуының мәселелері 
қызықтыратындарға пайдалы.


I Тарау. Даму психологиясы негіздерінің пәні мен негізгі
түсініктері
Қазіргі уақытта психология ғылым 
ретінде әлемді,
көбіне адамның өзінде өзгертуге қабілетті күші ретінде
бекітілуде
Қазіргі 
психология 
өз 
алдына 
ғылыми 
пәндер 
жүйесінің тармақтарынан тұрады, солардың ішінде даму 
психологиясы негіздерінің алатын орны ерекше, өйткені ол 
адамзат психикасының жастық динамика дамуын, психикалық 
үрдістердің онтогенезін және уақыт ауысымында адамды 
сапалы түрде өзгертетін, тұлғаның психологиялық сапаларын 
зерттеумен байланысты.
Даму 
психологиясы 
адамның 
бүкіл 
өмір 
ағымындағы 
(туылғаннан қартайғанға дейінгі) тұлғалық және психикалық 
қызметтерінің даму үрдісін зерттейді. Даму психологиясының 
зерттеу пәні адамның, оның өмір жолындағы тұлғалық 
қасиеттері, психикалық үрдістердің қозғалыс күшінің дамуы, 
заңдылықтары мен жастық динамикасы болып табылады.
Даму психологиясы негіздері балалар психологиясы жастық 
шақ психологиясымен қатар тұлғаның акмеология (өмір шыңы, 
тұлғаның кемелдену кезеңі) кемелденген даму психологиясынан 
тұрады. Осыған байланысты даму психологиясы негіздері 
балалар, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы, ересек 
адам психологиясы, геронтопсихологиясы деп бөлінеді. Даму 
психологиясы негіздері психологияның басқа да салаларымен 
тығыз 
байланысты: 
жалпы 
психология, 
әлеуметтік, 
педагогикалық психология. Даму психологиясы негіздерін 
психологияның басқа салаларынан ерекшелендіретін басты 
мәселе - бұл даму динамикасына деген екпін. Сонымен, жалпы 
психологияда психикалық функциялар - қабылдау, түйсіну, 
ойлау, сөйлеу, ес, зейін, қиял зерттеледі; ал жас ерекшелік 
психологиясында әрбір психикалық функцияның даму үрдісі 
мен 
әрбір 
жас 
кезеңіндегі 
функцияаралық 
өзгерістер 
қарастырылды. 
Даму 
психологиясының 
әлеуметтік 
психологиямен байланысы баланың арнайы топқа кіретін:


жанұядағы, балабақша тобындағы, сыныптағы, жеткіншектік 
топтағы мінез-құлқы мен дамуына тәуелділігін бақылауға 
мүмкіндік береді. Баланы ұйымдастырушы және тәрбиелеуші 
ересектердің мақсатқа бағытталған өзара әрекеті педагогикалық 
психология шеңберінде зерттеледі.
Баланың 
даму 
үрдісін 
қарастыра 
отырып, 
даму 
психологиясы «жастық» және «балалық» сияқты түсініктерге 
сүйеніп, әр жас кезеңдеріне сипаттама береді. Жас немесе 
жастық кезеңнің өзіндік құрылымы мен динамикасы бар. «Әрбір 
жас кезеңі өзінше бір сапалы психикалық даму кезеңдерімен 
ерекшелене отырып, баланың сол даму кезеңіндегі өзінше 
тұлғалық құрылымын құрушы, сан қырлы өзгерістермен 
сипатталады» (Л.С. Выготский). Психологияда жас кезеңдері 
жайлы 
екі 
көзқарас 
қалыптасқан: 
физикалық 
және 
психологиялық жас. Физикалық жаста баланың өмірлік уақыты 
жылмен, аймен, күнмен, оның туылған сәтімен сипатталса, ал 
психологиялық жаста сол уақытқа дейін қол жеткізілген 
психологиялық 
деңгейі 
көрсетіледі. 
Психологиялық 
жас 
баланың хронологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. 
Жастық кезеңнің психикалық функцияларының және баланың 
тұлғалық дамуының, 
оның айналасындағыларымен өзара 
қатынасының және ең бастысы іс-әрекет ерекшелігінде өзінше 
бір шекара бар. Бірақ бұл хронологиялық шекаралар қозғалуы 
мүмкін, яғни бір бала жаңа жас кезеңіне ерте өтсе, екіншісі 
кешірек 
өтеді. 
Әсіресе 
баланың 
жыныстық 
жетілуімен 
байланысты, жеткіншектік жастың шекарасы қатты араласады. 
Бастапқы жастық кезеңдер балалық шақты қалыптастырады, бұл 
кезеңде ересектік өмірге, өз бетінше еңбек етуге дайындық 
болады. Советтік психологияда (Д.Б. Эльконин) қабылданған 
кезеңдер бойынша балалық шақ үш үлкен дәуірді қамтиды -
ерте балалық шақ - туылғаннан үш жасқа дейін, балалық шақ - 
үш жастан он жасқа дейін және кемелдік жас. Балалық шақ -
тарихи құбылыс: оның мазмұны мен жалғасы ғасырлар бойы 
өзгеріп отырған. Балалық шақ алғашқы қоғамда қысқа болған, 
орта ғасырларда ұзаққа созылған; қазіргі балалардың балалық 
шағы уақыт бойынша ұзаққа созылып, іс-әрекеттің күрделі 
түрлерімен толықтырылады.


Балалық шақтың өзгешелігі бала өмір сүріп, тәрбиеленіп, білім 
алып жатқан қоғамдағы мәдени, әлеуметтік-экономикалық даму 
деңгейімен анықталады (И.Ю. Кулагина). Л.С. Выготский 
«дамудың әлеуметтік жағдайы» ұғымын енгізді, яғни баланың 
қоршаған ортамен қатынасы әрбір жас кезеңі үшін өзгеше. 
Баланың өз әлеуметтік ортасымен, оны тәрбиелеушілерімен, 
оқытушыларымен өзара әрекеті жастың жаңадан пайда болған 
түріне әкелетін даму жолын анықтайды. Л.С. Выготскийдің 
айтуынша, ортаны «дамудың әлеуметтік жағдайы ретінде емес, 
сонда қорытындыланған баланың дамуын анықтаушы қасиеттер 
ретінде қарастыру қажет; ортаның өзара әрекеті балада бұрын 
пайда болған психологиялық қасиеттердің ұйғарылуы арқылы 
өзгеріп отырады. Л.С. Выготский «басқаларға қарау арқылы, біз 
өзімізді қалыптастырамыз» деген теорияны өңдеп, «барлық 
жоғары психикалық функциялар сыртқы даму кезеңі арқылы 
жүреді, 
өйткені 
функция 
жетекші 
әлеуметтік» 
болып 
табылатынын дәлелдеді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы деп психика дамуының сыртқы 
және ішкі жағдайларының қатынасы түсіндіріледі (Л.С. 
Выготский). Ол балалардың басқа адамдарға, затқа, өз-өзіне 
қатынасын анықтайды. 
Дамудың әлеуметтік жағдайының 
астары әрбір жас кезеңі үшін типтік болып табылатын, және 
сәйкес жас кезеңіндегі психикалық дамудың динамикасы 
ретінде, оның соңына таман пайда болатын жаңа сапалы 
психологиялық білімдерді ескертетін ішкі үрдістер мен сыртқы 
жағдайлардың ерекше сәйкестенуімен түсіндіріледі 
(Л.И. 
Божович). «Дамудың әлеуметтік жағдайы барлық динамикалық 
өзгерістердің алғашқы сәтін көрсетеді... Ол бала дамуының 
негізгі қайнар көзі ретіндегі әлеуметтік шынайылықты көсу 
арқылы жаңа тұлғалық қасиеттерді иемденетін, әлеуметтік 
индивидуалдық болып табылатын тұтас және толық қалыптар 
мен формаларды анықтайды... Дамудың әлеуметтік жағдайы, 
әрбір жастық ерекшелік баланың барлық өмірлік бейнесінің 
қатаң заңдылықтарын немесе оның әлеуметтік болмысын 
анықтайды» (Л.С. Выготский). Л.С. Выготский әлеуметтік даму 
жағдайының екі бірлік талдауын іс-әрекет және әсерлену деп 
бөледі.


Көбіне балалардың сыртқы белсенділігімен, оның іс-әрекетін 
бақылау жеңіл. Бірақ баланың ішкі жоспарынан басқа, 
әсерленушілігі де бар ғой.
Л.С. Выготскийдің көзқарасынша, әсерлену, ол сондай бірлік, 
бір жағынан орта, яғни баланың басынан өткізетіні, екінші 
жағынан - субъект, баланың сол басынан өткізгеніне не 
енгізетіні, ол өз кезегінде психикалық дамудың бұрынғы 
деңгейімен 
қол 
жеткізгендерімен 
анықталатын, 
біріңғай 
бірліктен тұрады (Л.И. Божович).
Дамудың әлеуметтік жағдайы жастық кезеңнің бастапқы 
кезінде-ақ өзгереді. Кезеңнің аяғына қарай жаңа жетілу түрі 
пайда болады, оның ішінде келесі даму кезеңі үшін маңызды, 
орталық жаңа жетілу түрі ерекше орын алады. Даму үрдісінің 
нәтижесінде бала тұлғасының жеке жақтары ғана өзгеріп 
қоймайды, тұлғасы толықтай өзгеріске ұшырайды: баланың 
тұлғасы өзінің ішкі құрылымында өзгереді, және сол тұтастық 
өзгерісінің заңдылығымен оның әрбір бөлігіндегі қозғалыс 
анықталады. 
Осы 
салдардың нәтижесінде 
әрбір жастық 
сатыларда дамудың барлық үрдісі үшін жетекші болып 
табылатын, жаңа негізде барлық тұлғалық қайта құруларды 
сипаттайтын орталық жаңа жетілулер түрі пайда болады. «Жаңа 
жетілу түрінің шеңберінде балалардың жеке тұлғалық жағына 
қатысты, бұрын болып кеткен жастардағы жаңа жетілу түрімен 
байланысты даму үрдістері, бөлшектік жаңа жетілу түрлері 
орналастырылады» (Л.С. Выготский). Негізгі жаңа жетілу 
түрімен байланысты даму үрдістері дамудың орталық сызығы, 
ал сол жаста жасалатынның барлығы - дамудың жанама сызығы 
деп аталады. Бір жас кезеңінде дамудың орталық сызығы болып 
табылатын 
үрдістер басқа жағынан жанама сызық және 
керісінше де болады. Сонымен олардың барлық даму үрдісіндегі 
мән мен үлес салмақтары да өзгереді. Дәл жетекші іс-әрекеттің 
барысында баланың келесі даму кезеңдері үшін маңызды 
болатын сол жастық кезеңіне тән, психологиялық жаңа 
құрылымдар пайда болады.
Жаңа құрылымдардың пайда болуы, бала тұлғасының, оның 
сана 
құрылымының 
өзгеруіне 
алып 
келеді. 
«Тұлғалық 
құрылымын өзгертуші бала, ол мүлде басқаша болады, және


баланың ерте жастағы тұрмыстық бейнесі қазіргі әлеуметтік 
тұрмыстық бейнесінен ерекше болады.» (Л.С. Выготский). 
Сананың 
жаңа 
құрылымы 
ондағы 
іс-әрекетпен 
сыртқы 
шынайылықты қабылдаудың жаңа сипатын, оның психикалық 
үрдісінің ішкі белсенділігі мен баланың өзінің өмірлік жаңа 
сипатын қабылдауын білдіреді.Сананың қайта құрылуына алып 
келетін жаңа жетілу түрі оның шынайылығымен, өз-өзіне 
қатынасының барлық жүйесін өзгертеді. Соған сәйкес дамудың 
әлеуметтік жағдайы да өзгеріске ұшырайды, өйткені ол өз 
алдына сол жастағы бала мен әлеуметтік шынайылықтың 
арасындағы қатынастың жүйесін көрсетеді. Егер бала түпкілікті 
өзгерсе, міндетті түрде сол қатынастар да қайта құрылады, 
сондай-ақ, ол қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнын 
өзгертуге тырысады. Баланың өмірлік бейнесімен, оның 
мүмкіндіктерінің арасында ашық түрдегі қарама-қайшылық 
пайда болады.
«Дамудың бұрынғы жағдайы баланың дамуына сәйкесті 
маңызын жояды, сол дамумен қатар, келесі жас үшін бастапқы 
сәт болатын дамудың жаңа жағдайы қалыптасады» (Л.С. 
Выготский). «Сонымен қатар оның психикалық өмірінде, 
дамудың жаңа кезеңіне өту жүреді», және оның жетекші іс- 
әрекеті де ауысады (А.Н. Леонтьев). Толық даму әрбір иірімі 
жеткілікті түрде тұлғалық қалыптасудың аяқталу кезеңін 
көрсететін, бір жастық құрылымынан басқасына серіппе 
бойынша ауысудың салдарынан жүреді. Демек, психикалық 
даму кезеңі белгілі бір жағдайда өзінің ішкі логикасына бағына 
отырып, бірінен соң бірі жүреді. Кез келген жастық кезең өзінің 
қайталанбас 
құндылығымен 
ерекшеленеді, 
сондықтан 
да 
баланың психикалық дамуындағы қайталанбас мәнінің өзіндік 
құны бар. Кез келген жас кезеңіне дәл сол кезеңдегі психикалық 
дамудың өте маңызды бағытын қамтамасыз ететін жетекші іс- 
әрекет тән (А.Н. Леонтьев). Жетекші іс-әрекеттің дамуы 
психикалық үрдістер мен дамудың сол кезеңіндегі бала 
тұлғасының 
психологиялық 
ерекшеліктерінің 
ең 
басты 
өзгерістеріне себепші болады. Онда сол жасқа тән бала мен 
ересектің қатынасы, ал сол арқылы оның шынайылыққа 
қатынасы келірілген. Жетекші іс-әрекет балаларды сол кезеңдегі 
психикалық дамудың қайнар көзі болып табылатын,қоршаған


ортаның 
заттарымен 
байланыстырады. 
Осы 
іс-әрекетте 
тұлғалық жаңа құрылымдардың негізгі түрлері қалыптасып, 
психикалық үрдістер қайта құрылып, іс-әрекеттің жаңа түрлері 
пайда болады. Мысалы, ерте балалық кезеңде іс-әрекетте «өзінің 
жеке жетістіктеріне мақтаныш», белсенді сөйлеуі қалыптасып, 
ойын және өнімдік іс-әрекет үшін алғышарттар қалыптаса 
бастайды.
Сонымен бір кезеңнен басқасына өтудің белгісі баланың 
болмысқа жетекші қатынасы, іс-әрекеттің жетекші түрінің 
ауысуы болып табылады.
Баладағы жетекші іс-әрекет деп - біз келесі белгілермен 
сипатталатындарды айтамыз. Біріншіден, бұл іс-әрекеттің басқа 
жаңа түрлері дифференцияланатын, ішкі формада пайда 
болатын жаңа іс-әрекет. Мысалы, оқыту алғаш рет мектепке 
дейінгі шақта пайда болады, ең алдымен ойында, яғни сол даму 
кезеңіндегі 
жетекші 
іс-әрекетте.Екіншіден, 
бұл 
жеке 
психикалық үрдістер қайта құрылып, қалыптасқан іс-әрекет. 
Мысалы, ойында алғаш рет баланың белсенді қиял үрдісі, оқуда
- ойлаудың дерексіздік үрдісі қалыптасады. Үшіншіден, бұл 
бала тұлғасындағы психологиялық өзгерістер соған тәуелді іс- 
әрекет (мектеп жасына дейінгілер адамның мінез-құлқына тән 
формалар мен қоғамдық қызметтерді ойын арқылы меңгереді). 
Жастық дамуда ерекше рөлді жетекші іс-әрекет түрі ғана емес, 
қарым-қатынастың жетекші түрі де атқарады. Б.Д. Эльконин 
ұсынған, іс-әрекеттің топтастырылған бірнеше түрлерін жасау 
және толықтыру арқылы Р.С. Немов балалардың жастық даму 
үрдісінде неғұрлым жетекші болып табылатын іс-әрекеттің 
түрлерін және балалардың қарым-қатынасын топтастырып 
төмендегі жүйелілікпен орналастырады:
1. Тікелей-эмоционалдық 
қары м -қаты н ас 
-
туылғаннан бір жасқа дейінгі кезеңдегі жеке заттық іс- 
әрекетті жүзеге асырудағы баланың ересек адамдармен 
қарым-қатынасы.
2. 
Затты қ-м анипулятивтік іс-әрекет - баланың бір 
жастан үш жасқа дейінгі әртүрлі ойыншықтармен, 
айналасындағы 
заттармен 
іс-әрекеті, 
олардың 
әлеуметтік-мәдени мәнділіктерімен сәйкессіз және


ересектердің 
белсенді 
өзара 
әрекеттерінсіз 
іске 
асырылады.
3. 
Сю жеттік-рөлдік ойын - қатысушылардың рөлдік 
мінез-құлықтарының формаларын сипаттайтын белгілі 
бір әлеуметтік жағдайды боямалайтын ойын іс- 
әрекеттерімен қарым-қатынастың сәйкестігі. Мектепке 
дейінгі үш жастан алты-жеті жасқа дейінгі балаларға 
тән.
4. О қу-таны м ды қ іс-әрекет - алты-жеті жастан он-он 
бір жасқа дейінгі бастауыш мектеп жасында үстемдік 
ететін, 
оқу 
іс-әрекеті 
мен тұлғааралық 
қарым- 
қатынастың сәйкестігі.
5. Кәсіби-тұлғалық қары м -қаты нас - он-он бір жастан 
он төрт-он бес жасқа дейінгі жеткіншектердің болашақ 
кәсіби жұмыстарына дайындық тәсілі ретінде қызмет 
ететін, қызығушылықтары бойынша бірлескен топтық 
іс-әрекет пен жеке тақарыптарға арналған қарым- 
қатынас сәйкестігі.
6. М оральді-тұлғалы қ қары м -қаты н ас - он төрт-он бес 
жастан он алты-он жеті жасқа дейінгі жоғары мектеп 
жасындағылардың 
интимді-тұлғалық тақырыптарға 
бағытталған қарым-қатынасы.
Іс-әрекет пен қарым-қатынастың жетекші түрлерінің жас 
кезеңдеріне байланысты осылайша жіктелінуі,бала бір жас 
кезеңінен дамудың жоғарырақ кезеңінен өткенде қарым-қатынас 
пен іс-әрекеттің алдыңғы кезеңге сай түрлері толығымен 
жойылып,оның орнына мүлдем жаңа түрлері пайда болады 
дегенді көрсетпейтінін ескерсһте кетейік.
Ендеше, 
қарым-қатынас 
пен 
іс-әрекеттің 
бұрын 
қалыптасқан түрлері жаңа және қарым-қатынас пен іс-әрекеттің 
әрбір түрінде бір уақытта жүріп жатқан жастық сапалы қайта 
құрылулармен толықтырылып отырады. Сонымен қатар жас 
қосыла келе, бірінші жоспарда біреулері тұрса, екінші жоспарда 
іс-әрекет пен қарым-қатынастың басқа түрлері қойылады, 
сондықтанда олардың жетекшілік ретінде иерархиясы да 
ауысады.Демек, жетекші іс-әрекет дамудың сол сатысының 
нәтижесінде психикалық жаңа 
құрылымдар пайда болатын, 
басты психикалық өзгерістермен байланысты.


Әрбір жас кезеңінде психикалық фнкциялардың өзгерісі 
болып отырады. әр психикалық функцияның құрылуы өзіндік 
ерекше 
шапшаңдық 
пен 
ырғақты 
иемденеді. 
Олардың 
кейбіреулері 
басқаларына 
жағдай 
тудыра 
отырып, 
қалғандарының «алдында» жүреді. Ал содан соң артта қалған 
функциялар дамуда приоритетті иемденіп, психикалық іс- 
әрекеттің ары қарай күрделенуіне жағдай жасайды. Мысалы, 
нәрестеліктің бірінші айында сезім ағзалары қарқынды түрде 
дамыса, 
кейінірек солардың 
негізінде 
заттық 
әрекеттер 
қалыптасады. Өзара әрекеттің белгілі бір түріне сезімтал, 
психиканың сол немесе басқа жақтары үшін қолайлы болып 
келетін кезеңдер 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет