жетістікке жету
мотивациясы
айқын көрінеді. Мәртебелі мотивация көбінесе
өзіндік бағалауы жоғары және лидерлікке бейім балаларға тән.
Жетістіке
жету
мотивациясында
екінші
тенденция
-
сәтсіздіктен қашу мотивациясы
көрініс береді. Үлгермеуші
оқушыларда
компенсаторлы мотивация
пайда болады.
Өзіндік бағалау.
Мектептегі бағалау өзіндік бағалаудың
қалыптасуына әсер
етеді.
Тұлғаның толыққанды дамуы
компетенттілік(біліктілік)
сезімінің
қалыптасуына
алып
келеді. Э.Риксон бойынша бұл осы кезеңінің орталық құрылымы
болып табылады. Балада адекватты өзіндік бағалаудың дамуы
үшін сыныпта психологиялық жайлылық және қолдаудың
болуы қажет. Баланың өзіндік бағалауының құрылуы оның
ерекшелгіне
және
мұғалімнің
сыныппен
қарым-қатынас
ерекшелігіне тәуелді. Сондай-ақ отбасылық тәрбиенің де рөлі
үлкен мәнге ие. 7-8 жастағылар мектептегі моральдық нормалар
мен ережелерді дұрыс түсініп, орындай алады.
2.Біріккен оқу процесінде балаларда өзара қарым-қатынас
дамиды. Олардың дос болуы- бірге отыруы, бір жақта тұруы-
яғни мақсаты мен мүдде ортақтығына негізделген. Олар әлі де
болса басқа адамды толық түсіне бермейді. Оқу процесінде
белгілі ережелерді ұстану, ерікті зейіні мен есінің дамуы бала
эмоциясының өзгеруіне де әсер етеді. Эмоция күйлері
тұрақтырақ, өздері ұстамды және саналы әрекет атқарады. 8-10
жастағы балалардың эмоциясы тұрақты (қуаныш, реніш). Кейбір
балаларда аффект жағдайлары болуы мүмкін. Негізгі себеп -
талап
қою
деңгейі
мен
оларды
қанағаттандырушылық
арасындағы айырмашылық.
“Жеке бас” деген ұғымға Мен деген түсінік те кіреді. Бастауыш
мектеп оқушысының жеке
басы деген түсінікке
оның
сыпайылылығы, керісінше осыған қарам-қарсы әдепсіздік
сапалары да жатады.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың жетекші іс-
әрекетіне сипаттама.
2.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
3. Баланың таным үрдістерінің ерекшеліктері, оны дамыту
жолдары.
4.
Балның жеке басының даму ерекшкліктері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Богоявленская Д.Б.Интеллектуальная активность как
проблема творчества.Ростов-н/Д.,1983.
2. Божович
Л.И.Этапы
формирования
личности.М.,Воронеж, 1995.
3. Венгер Л.А.,ВенгерА.Л.Готов ли ваш ребенок к школе?
М.,1994.
4. Вопросы психологии младших школьников / Под
ред.И.В.Страхова.Саратов, 1984.
5. Зак А.З. Развитие теоретического мышления младших
школьников.М., 1984.
6. Коломинский Я.Л., Панько Е.А.Учителю о психологии
детей шестилетнего возраста.М., 1988.
7. Липкина А.И. Самоценка школьника М., 1976.
8. Мухина В.С.Шестилетний ребенок в школе. М., 1990.
Д иагностикалы қ әдістемелері
Оқу мотивациясы н тексеруге арналған сауалнама
Оқу мотивациясы деңгейін скринингті бағалау үшін
H.Г.Лусканов
арнайы
сауалнама
ұсынды.
10
сұрақтың
жауаптары 0- ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап - 0
балл, бейтарап - 1 балл, оң жауап - 3 балл).30- 25 балл жинаған
оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 20- 24 балл
ортаңғы норманы, 15- 19 балл ішкі мотивацияны, 10- 14 балл
және одан төменгі балл- мектепке деген теріс қарым-
қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.
Сауалнама сұрақтары.
I. Саған мектеп ұнайда ма? Немесе ұнамайды ма?
2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың
ба, әлде үйде қалғың келеді ме?
3. Егер мұғалім мектепке ертен барлығыңның келуің шарт емес,
келгісі келген оқушылар ғана келсің десе, сен сабаққа келесің
бе, әлде үйде қаласың ба?
4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма№?
5.Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
6.Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?
7.Саған ата- анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
8.Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?
9.Сенің сыныпта достарың көп пе?
10.Сыныбын саған ұнайды ма?
Оқу
мотивациясының динамикасын бағалау үшін
сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация
деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының
көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оқудағы және дамудағы оң
динамикасын білдіреді.
Жүргізілген
зерттеулер
оқушының
мектепке
бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Жоғары деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң:
берілген талаптарды адекватты қабылдайды: оқу материалдарын
оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің
айтқандарын
мұқият
тыңдайды;
тапсырмаларды
сыртқы
бақылаусыз - ақ орындайды; өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге
қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды;
сыныпта жоғары мәртебиеге ие.
Ортаңғы деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; оқу
материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді;
тапсырмаларды
өзбетінше
орындайды;
тапсырмаларды
орындауда мұқият, бірақ бақылауды талап етеді; сабаққа
қызығушылықпен дайындалады; сыныптағы көп оқушылармен
достық қарым- қатынас жасайды.
Төменгі деңгей - оқушының мектепке қатынасы теріс;
денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; көңіл- күйінің
нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оқу материалдарын
фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық
көрсетпейді; сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен
көмекті, үзілісті қажет етеді; пассивті; класта жақын достары
жоқ.
Проективті әдістеме маған мектепте не ұнайды.(Н.Г.Лусканов
бойынша).
Мақсаты: Әдістеме баланың мектептегі қарым-қатынасын
ашады,яғни мотивациялық дайындығын көрсетеді.
Қолданылуы:Бала мектепте қатты ұнайтын салада өзі
қалағанын салуға болады. Шамасы келгенше салады, оған баға
қойылмайды.Суретке жорамалдап схемалық анализ баға
шығарамыз.
1. Мектепте екі мотивацияның болуы, кейде ойындық та
кездеседі.Осы жағдайда бала машина, ойыншық әскерилерді
бөлініп салады. Жетілмеушілік мотивациясы қоса жүреді.
2. Баланың қырсықтығы бұндай жағдайда бала мектеп
жүйесіне байланысудан бас тартады, өзінің қалауын жүзеге
асырады.
3. Бұнда қойылған мақсат оны түсіну. Бала түсінбесе, салмайды
несесе өзгелерден көшіреді. Ол яғни тақырыпты ашпайды.
Кейде осындай көрсеткіш психологиялық дамуға кедергі
келтіреді. Мектепке деген, мұғалімге деген көзқарасы суреттен
көрінеді.
а) Оқу ситуациясы-мұғалім партада отыр, тақтада тапсырма
жазылса ,онда жоғары мектептік мотивация-оқу белсеңділігі,
яғни онда танушылық мотивация бар.
б) Ғылыми ситуациялық мінездеме-мектеп тапсырмасы,
оқушылар сумкасы салынса , болса онда мектепке қарым-
қатынасы қалыпты, көбіне мектептің ішкі жүйесіне
бағытталады.
в) Ойындық ситуация-мектептің алаңындағы ойын бөлмесі,
ойыншы, онда оларда мектепке деген көзқарасы жақсы, бірақ ол
жерде ойын мотивациясы жүреді.
Суретті алып болған соң баладан оны анықтап тұрып
сұрау керек ,яғни оның әрбір бейнесіне,оны не үшін
бейнелегенін ашу керек.Кейде балалар мектепке қатысты
суретті салады, бірақ ол оған емес,мектептің сырт бөліміне
қатысты болуы мүмкін. Бала мектепке көбіне көзіне түсетінді
белгілейді,яғни оны көрсе мектеп есіне түскендей болады.
Балалар
физикалық
белсеңділікті
қосып
футбол
денешынықтыру сабағын бейнелейді. Олар қоңырауды баланың
төбелесуі, футбол ойынындағы бейнесінде көрсетеді.Оған осы
қызық болып көрінеді. Сентиминтальді сезімтал балалар оқу
ситуациясын, міндеттерін көрсетеді (ескерткіш, гүл, т.б).
Бірінші сыны п оқуш ы лары ны ң оқу мотивациясы н зерттеу
әдістемесі (М.Р. Г инзбург)
Әдістемені
1988
жылы
М.Р.
Гинзбург
өңдеген.
Индивидуалды формада жүргізіледі. Әдістемеге стимулдық
құжаттар пайдаланылады. Әдістеме барысында үш таңдау
жүзеге
асырылады.
Бұл әдістемеде
баланың жауаптары
қадағаланып, қосымша бақылау сұрақтары қойылады.
Әдістеме нұсқауы:
«Мен қазір сендерге әңгіме айтып беремін».
№1 «Ұлдар (қыздар) мектеп жайлы әңгімелесіп отырды.
Бірінші
ұл
бала
айтады:
«Мен
мектепке
анамның
мәжбүрлеуімен келемін. Анам болмаса, мен мектепке келмейтін
де едім». Бала алдына үстелдің үстіне психолог №1 суреттері
бар карточкаларды қояды.
№2
Екінші
ұл
бала
(қыз)
айтады:
Маған
сабақтағы
тапсырмаларды орындау ұнағандықтан, мектепке барамын.
Тіпті мектеп болмаған жағдайда да мен оқуымды жалғастыра
беретін едім. «Психолог №2 - баланың партада отырған
суреттері бар карточкаларды алдына қояды (Оқу мотиві).
№3 Үшінші бала айтады: «Мектепте мен ойнайтын бала көп, әрі
қызықты, болғандықтан барамын».
Психолог баланың алдына №3 - доп ойнап жүрген екі баланың
фигурасының суреттері бар карточкаларды қояды (Ойын
мотиві).
№4 Төртінші бала айтады: «Мен мектепке үлкен болғым
келгендіктен барамын. Мен мектепте жүрген кезімде өзімді
үлкен сезінемін, ал мектепке дейін мен кішкентай болдым».
Психолог №4 бір-біріне теріс қарап отырған екі фигурасы бар
суреттерді баланың алдына қояды, оның біреуінің қолында
жоғарырақ сөмке, екіншісінің қолында төмендеу ойыншық
машина (Позициялық мотив).
№5 Бесінші ұл (қыз) айтады: «Мен мектепке оқу керек
болғандықтан
барамын,
білімің
болмаса
ештеңе
бітіре
алмайсың, ал білімді болсаң, кім болам десең сол боласың».
Психолог №5 қолында сөмкесі бар, мекемеге бағытталып бара
жатқан фигураның суретін көрсетеді (Әлеуметтік мотив).
№6 Алтыншы бала айтады: «Мен мектепке бес алу үшін
барамын».
Психолог №6 қолында ашылған дәптері бар фигураның суретін
көрсетеді (Белгі).
Әңгімені оқып болғаннан кейін психолог сұрақтар қояды:
•
Сенің ойыңша қайсысы дұрыс? Неліктен? (I Таңдау)
•
Осылардың қайсысымен сен ойнар едің? Неліктен? (II
Таңдау)
•
Осылардың қайсысымен сенің оқығың келер еді?
Неліктен? (III Таңдау)
Балалар кезекпен үш таңдауды да жүзеге асырулары керек. Егер
баланың жауабы зерттеушіні қанағаттандырмаса, міндетті түрде
қосымша сұрақ қойылуы қажет:
баланың өз таңдауын
жасағандығына сенімді болу үшін, сол әңгіменің мазмұнынан
«Бұл бала не істеді?» деп сұрау керек.
Нәтижелерді өңдеу. Жауаптарды зерттеуші (белгілі бір картинка
талдауы) кестеге енгізіп, бағалайды.
Таңдаулар
М отивтер №
1
2
3
4
5
6
Iтаңдау
II таңдау
III таңдау
Қосымша
таңдаулар
•
Сыртқы мотив - 0 балл
•
Оқу мотиві - 5 балл
•
Позициялық мотив - 3 балл
•
Әлеуметтік мотив - 4
•
Б елгі- 2 балл
•
Ойын мотиві - 1 балл
Әдістемеде жауаптардың әрбір мотиві бойынша қанша балл
алынғанын санау қажет.
Қ алы п ты топты қ мотивацияны қалы птасты ру (В.А.
Розанова)
Бұл тест семантикалық дифференциал типі бойынша
құрастырылған.
Оны
жалпы
топтық
мотивацияны
қалыптастыруға қатысты факторларды ұжымдық бағалауға
сияқты,
индивидуалды
түрде
де
пайдалануға
болады.
Сауалнаманың әр пунктінің жанында 1 ден 7 балға дейінгі
бағалау шкаласы бар. Тесттің сол жақ бөлігінде топтық
мотивацияны сипаттайтын қалыпты факторлар келтірілген. Оң
жақ бөлігінде топтық мотивацияны жағымсыз сипаттайтын
факторлар келтірілген.
Тестті қолдану жөніндегі нұсқаулы қ: Сіздердің алдарыңызға
25 фактордан тұратын тест берілген (жағымды және жағымсыз).
Бұл факторлар топтық мотивацияның қалыптасу дәрежесін
бағалауға мүмкіндік береді. Сіз мүшесі болып табылатын,
топтық мотивацияның жағдайын сипаттайтын балдарды тауып,
осы факторларды мұқият бағалауыңыз керек. Одан кейін
белгіленген
балдар
суммаланады.
Бұл
тапсырма
топ
мүшелерімен орындалып, бағалаудың орта нәтижесі алынады.
Бұл зерттеу бойынша нәтижелерді бағалау тәртібі төмендегі
көрсеткіш арқылы жүргізіледі:
25-48 балдар - топ қайшы мотивтелген
49-74 балдар - топ баяу мотивтелген
75-125 балдар - топ жағымды нәтижелер алуға жеткіліксіз түрде
мотивтелген
126-151 балдар - топ іс-әрекет жетістігіне жеткілікті дәрежеде
мотивтелген
152-175 балдар - іс-әрекет жетістігіне жақсы мотивтелген
8 тақы ры п . Ж еткінш іктердің психикалы қ даму
ерекш еліктері
1.
Адам
дамуының
осы
жастағы
әлеуметтік
жағдайы балалық шақтан, дербес және жауапты ересек өмірге
өтумен ерекшеленеді. Басқа сөзбен айтқанда, жеткіншектік
кезең балалық пен ересектік кезеңнің арасын қамтиды.
Физиологиялық деңгейдегі өзгерістер жүреді, ересектер және
құрдастарымен қатынастары өзгеше құрылады, танымдық
қызығушылықтарының,
ақыл-ой
мен
қабілеттерінің
деңгейлерінің өзгерістерін бастарынан өткізеді. Рухани және
физикалық дүниелері үйден бөлек сыртқы әлемде орналасады.
Құрдастарымен қарым-қатынастары байсалды бола бастайды.
Жеткіншектер бірлескен іс-әрекетпен айналысып, өмірлік
маңызды тақырыптарды қозғайды, ал ойын болса өткен шақта
қалады. Жеткіншектік шақтың бастапқы кезеңінде үлкендерге
ұқсауға деген тілек пайда болады, психологтар оны ересектік
сезім деп атайды. Олар өздеріне ересектерше қарауды қажет
етеді. Олардың сезімдерін бір жағынан түсінуге болады, себебі
ата-аналары бұрын шек қойған әрекеттерге рұқсат береді.
Мысалы,
бұрын
көруге
болмайтын
көркемфильмдерді
көрулеріне
болады,
қыдыруларына
болады.
Ата-аналары
күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге қатыстырады. Бір
жағынан, жеткіншек ересектерге қойылатын талаптардың
барлығына толық жауап бере алмайды, себебі олар әлі де болса
тәжірибе (дербестік, жауапкершілік, өз міндетіне дұрыс қарау)
жинақтай қойған жоқ. Тағы да бір ерекше маңызды сәт -
олардың отбасымен, мектеппен, құрдастарымен байланысты
құндылықтарында өзгерістер жүреді. Мұның себебі рефлексия
болып табылады. Ол кіші мектеп жасының соңына қарай дамып,
жеткіншектік кезеңде белсенді дамуға ие болады. Ересек адамға
тән қасиеттерге ие болуға кез келген жеткіншек барынша
талпынады. Осының салдарынан ішкі және сыртқы қайта
құрулар жүреді. Ол өз мүмкіндіктерін еліктеумен бастайады. 12
13 жастан бастап өздері үшін маңызды болып табылатын
ересектердің әрекеттері мен сырт келбеттерін өздеріне көшіре
бастайды. Ер балалар үшін өздерін «нағыз еркектер» сияқты
ұстайтын адамдар үлгі болады. Сондықтан 12-13 жастан бастап
ер балалар өздерінің физикалық жақтарына көп көңіл бөле
бастайды: спорттық секцияларға жазылады, күштерін дамытады.
Қыз балалар нағыз әйел сияқты жүретін әйел адамдарға:
әдемі, сүйкімді, өзгелердің арасында танымалдыққа иелерге
еліктейді. Олар бояуға, киімдеріне көңіл бөліп, еркелік
тәсілдерін меңгереді.
Қазіргі
таңда
жеткіншектердің
қажеттіліктерінің
қалыптасуына көбінесе жарнамалар ықпал етеді. Осы жаста
белгілі бір заттардың болуына көп көңіл бөлінеді: жарнамадағы
затты
ала
отырып
жеткіншек
қоғамдық
ортада
және
құрдастарының арасында құндылыққа ие болады. Осыған
байланысты жарнама, теледидар, БАҚ қандай да бір деңгейде
жеткіншектердің қажеттіліктерін қалыптастырады деп айтуға
болады.
2.
Жеткіншектік шақта балалардың мінез-құлықтарын
өзгертуге ұшырататын физиологиялық өзгерістер жүреді.
Бас
миының
қыртыстарының
белсенділік
кезеңі
қысқарады. Нәтижесінде зейін шоғырлануы ұзақ мерзімге
бармай, тұрақсыз болады.
Дифференциацияға деген
қабілет
нашарлайды.
Бұл
баяндалған материал мен мәліметті меңгерудің нашарлауына
әкеледі. Сондықтан да сабақта қызықты, түсінікті материалдар
айтып, көрнекі құралдар қолданған орынды. Қарым-қатынас
барысында мұғалім оқушының материалды дұрыс түсінгендігіне
көз жеткізіп отыруы керек: сұрақ қою, қажет болса анкета,
ойындар жүргізу.
Рефлекторлық
реакциялардың
латенттік
(жасырын)
кезеңдері ұлғаяды. Реакция баяулайды, қойылған сұраққа
жеткіншек бірден жауап бере алмайды, мұғалімнің талабын
бірден орындамайды.
Ситуацияны
өршітіп алмау үшін,
балаларды асықтармауы керек, оларға ойлану үшін уақыт беру
және жәбірлемеу қажет.
Қыртыс
асты
үрдістері
бас
миының
қыртысына
бағынбайды.
Жеткіншектер
жағымды
және
жағымсыз
эмоцияларды
басқаруға қабілетсіз
болады.
Жеткіншектік
жастың
осындай
ерекшелігін
біле
отырып,
мұғалім
шыдамдылық танытып, эмоцияның пайда болуына түсіністікпен
қарауы керек, конфликті пайда болса, зейінін өзге нәрсеге
аударуға тырысуы керек. Балаларды өзін өзі ұстау тәсілдерімен
мақсатты түрде таныстыру керек.
Екінші сигнал системасының қызметі әлсірейді. Сөздері
қысқа, стереотипті болады. Жеткіншектер аудиальді (сөздік)
мәліметтерді нашар түсінулері мүмкін. Оларды асықтырмаған
жөн, қажетті сөздерге байланысты көмек беру керек. Әңгімелеу
кезінде көрнекі құралдарды қолданып, мәліметтерді визуалды
түрде бекітіп, кілттік сөздерді жазып алып, суретін салып алу
керек. Қандай да бір мәліметті хабарлау кезінде сөздерді
жарқын мысалдармен келтіре отырып, эмоциямен айтқан
орынды.
Жеткіншектік кезде жыныстық даму басталады. Ер
балалар мен қыз балалар бір біріне өзгеше қарай бастайды, яғни
қарама-қарсы жыныс өкілі ретінде. Жеткіншек үшін оған деген
өзгелердің қатынасы маңызды болады, өзінің сырт келбетіне зор
көңіл бөле бастайды. өзгелермен өзін салыстырады.
Жалпы жеткіншектік кезең аумалы, күрделі, әсіресе
жыныстық даму кезеңі болып табылады.
3.
Жеткіншектік жастағы психологиялық өзгерістер
келесідей жүреді.
Барлық
танымдық
үрдістер
мен
шығармашылық
белсенділіктердің дамуы жоғары деңгейге жетеді. Естің қайта
құрылуы жүреді. Логикалық ес белсенді түрде дами бастайды.
Біртіндеп бала логикалық, еркін, тікелей есте сақтауды қолдана
бастайды. Мектепте оқу пәндерінің жаңа түрлерінің пайда
болуына
байланысты
балалардың
көптеген
мәліметтерді
механикалық жаттауына тура келеді, ес процесінде қиындықтар
пайда болады. Нашар есте сақтауға шағымдану жиі кездеседі.
Есте сақтау мен ойлаудың арасындағы қатынас өзгереді.
Ойлау есте сақтаумен анықталады. Ойлау - яғни еске түсіру.
Жеткіншек үшін еске түсіру - ойлану болып табылады.
Материалды есте сақтау үшін логикалық байланыс орнату
керек.
Оқуда, монологтық және жазбаша сөйлеуде өзгерістер
жүреді. Сөйлеу баи түседі.
Жеткіншек
ұғымдарды
меңгере
бастайды,
оларды
пайдалану біліктілігін дамытып, логикалық және абстрактілі
түрде ойлана алады. Осының салдарынан ойдау теориялық,
ұғымдық бола бастайды. Жалпы және арнайы қабілеттер, оның
ішінде болашақ мамандыққа қажетті қабілеттер қалыптасады.
Сырт келбетіне, біліміне, қабілеттеріне байланысты
қоршағандардың пікіріне деген қызығушылық танытуы олардың
өзін -өзі тану сезімдерінің дамуына байланысты. Жеткіншектер
өкпешіл болады. Олар бәрінен әдемі болып көрініп, ең жақсы
әсер
қалдырғылары
келеді.
Олар
үшін
айтып
салып,
қателескеннен
гөрі
үнсіз
қалу
тиімдірек
болады,
осы
ерекшеліктерді ескере отырып, ересек адамдар оларға тікелей
баға беруден аулақ болу керек. Олардың инициативалары
орынсыз болған күнде де, оларды қолдауға тырысу керек.
Жеткіншектердің
әрекеттерінен
демонстративтілік,
ересектердің қамқорлығынан арылуға деген талпыныс айқын
көрініп
тұрады.
Олар
ашық
түрде
ережелерді
бұзып,
адамдардың сөздері мен әрекеттерін дұрыс түсінбесе де оларды
сынға алуы мүмкін.
Сенімді қарым-қатынасқа деген қажеттілік пайда болады.
Жеткіншектер өз пікірлерін сыйлауды қажет етеді. Оларды
соңына дейін тындамай, сөздерін бөлсе қатты ашуланады.
Ересек адамдар олармен тен сөйлесуі керек.
Жеткіншектерде қарым-қатынас пен достыққа деген
қажеттілік жоғары болады, олар қажетсіз болып қалудан
қорқады. Олар ұнамай қаламын деген қорқынышқа байланысты
қарым - қатынастан қашады. Осыған байланысты көптеген
жеткіншектерде құрдастарымен, ересек адамдармен байланыс
орнату мәселесі пайда болады. Осы үрдіс жеңіл өту үшін оларға
қолдау көрсету керек және өздеріне сенімсіз жеткіншектерге
адекватты баға беру керек.
Тәуекелге
бейімділік
пайда
болады.
Жеткіншектер
эмоционалдылықпен ерекшеленетіндіктен,
олар
кез-келген
мәселені шеше алатындай сезінеді. Бірақ іске келгенде бұлай
болып шықпайды, себебі олар өздерінің
әлдерін адекватты
бағалай алмайды, өздерінің қауісіздіктері туралы ойланбайды.
Осы жаста достарының ықпалында болу жоғарылайды.
Өздерінің жеке пікірлері жоқ және дербес шешім қабылдау
дағдылары қалыптаспаған жеткіншектер психологиялық және
физикалық жағынан күшті өзге балалармен заңға қайшы
әрекеттерге баруы мүмкін.
Жеткіншектерге
стреске
деген шыдамдылық төмен
болады. Олар ойланбай әрекет етуі мүмкін.
Осы жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерге байланысты
ересектер жеткіншектермен ересек адамдар секілді тендей
қарым-қатынасқа түсе отырып, бірақ олардың әлі де көмек пен
қолдауды қажет ететін балалар екенің естен шығармауы керек.
Жеткіншектік дағдарыс
12-14 жасқа сай келеді.Ол
мерізіміне байланысты өзге дағдарыстардан ұзақ жүреді.
Л.И.Божовичтің
айтуы
бойынша,
бұл
жеткіншектердің
физикалық және ақыл - ой дамуының жылдам қарқынына
байланысты.
Жеткіншектік дағдарыс олардың қоршаған ортамен өзара
әрекетінің өзгеріске ұшырауымен ерекшеленеді.Олар өзіне және
ересектерге жоғары талаптар қоя бастайды, өздеріне бала
ретінде қарауға қарсы шығады.
Осы кезеңде балалардың мінез-құлықтары түбегейлі
өзгереді: олардың көпшілігі дөрекі, басқаруға келмейтін бола
бастайды,
барлығын
ересектерге
қарсы
істейді,
оларға
бағынбайды, ескертулерді елемейді немесе тұйық болып
қалады. Егер ересектер баланың қажеттіліктеріне түсіністікпен
қарап,
бірінші
негативті
көріністерден-ақ
балалармен
қатынастырын қайта құрса, онда осы аумалы кезең екі жаққа да
жеңіл өтер еді. Ал енді керісінше болғанда жеткіншектік
дағдарыс өте қарқынды өтеді. Оған ішкі және сыртқы факторлар
әсер етеді.
Ересектердің бақылау жасауы, тәуелділік пен қамқорлық
ішкі факторларға жатқызылады. Жеткіншек өзін дербес шешім
қабылдауға қабілеттімін деп санап олардан құтылуға тырысады.
Жеткіншек қиын жағдайда қалады: бір жағына ол ересек бола
бастаса, екінші жағынан, оның психологиясы мен әрекеттерінде
балалық ерешеліктер сақталып қалған - ол өзінің міндеттеріне
немқұрайлықпен қарайды, жауапты және өз еркімен әрекет ете
алмайды. Осылардың барлығы ересектердің оларды өздеріне тән
етіп қабылдауларына мүмкіндік бермейді.
Дегенмен де ересектер оған деген қарым-қатынастарын
өзгертуі керек, олай болмаған жағдайда жеткіншек тарапынан
қарсылық пайда болып, ол тұлғааралық конфликтіге, одан кейін
тұлғалық
дамудың
тежелуіне
ұласуы
мүмкін.
Осындай
мәселелерден аулақ болу үшін, ересектер жеткіншектермен
сенімді, сыйлы, достық қарым - қатынас құрулары керек.
Ішкі факторлар жеткіншектердің тұлғалық дамуларын
бейнелейді. Әдеттері мен мінез-құлық сипаттары өзгереді.
Тұлғалық жағынан өзін дамытуға деген талпыныс пайда болады,
ол өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету арқылы жүзеге асады.
Жеткіншек өзінің физикалық және тұлғалық кемшіліктеріне
сынмен қарайды.
Осы кезде организімнің өсуі жылдам жүреді. Оның
салдарынан мінез-құлықта өзгерістер пайда болады: жеткіншек
тез ашуланады, өз әлсіздігі үшін кінәлайды, ол ішкі күйзеліске
әкеледі. Жеткіншектер үшін шек қойылғандардың барлығы
қызықты болып көрінеді. Олардың көпшілігі осы кезде ішімдік
ішіп, нашаны пайдаланып көреді, шылым шеге бастайды.
Осы жас кезеңінде рухани жағынан өсіп, психикалық
статустары өзгереді.
Сонымен жеткіншектік кезең- жыныстық даму және
психологиялық есеюдің күрделі кезеңі. Жеткіншектік кезеңді
зерттеушілердің бір қатары олардың психикалық ерекшеліктерін
биологиялық пісіп-жетілу арқылы түсіндіреді. Олардың бірі -
Ш.Бюлер. Жас дамуының басты факторы деп, ол жыныстық
пісіп-жетілуді айтты. Бұл пісіп-жетілу ерекше психикалық
құбылыстармен қатар жүреді,-деді, Ш.Бюлер, оны психикалық
пубертаттылық деп атады. Бұны келесілер арқылы сипаттады:
-
жоғары сезімталдық;
-
дене немесе жанының мүшкілдігі;
-
өзіне және әлемге қанағаттанбаушылық;
-
әлемге жаушылықпен қарау;
-
тыңдамау, тыйым салған нәрселермен айналысу;
-
пассивті меланхолия және агрессивті өзін-өзі қорғануы;
-
жұмыс икемділігінің жалпы төмендеуі.
Жүректері жиі қағады, қан қысымы артады, басы ауырады,
құлап қалулары мүмкін, қаны азайып сұрлануы мүмкін.
Жыныстық пісіп-жетілудің 2-кезеңінде жыныс мүшелерінің
жұмысы дұрысталады, басқа жыныс өкіліне қызығушылық
туады.
Әдетте, қыздарда пубертатты пісіп-жетілуі 2 жылға ерте
басталады. Жас жеткіншектің портреті, жеткіншектік кезең -
бүкіл балалық кезеңдегі ең қиын кезең, өте қарама-қарсылықты.
Осы кезеңдегі жетекші іс-әрекет - құрбы-құрдастарымен
эмоционалды қарым-қатынас жасау.
Осы кезеңнің басты мазмұны - балалықтан ересек өмірге
ауысу болады. Бозбала теңдік мораліне бағытталады. Ол өзін
сыйлағанды,
ересектермен
теңдескенді
мақсат
етеді.
Психологиялық портреттері келесі сипат - белгілерді көрсетеді:
негізсіз тыйымдарға қарсылық көрсету, өз мүмкіндіктерін асыра
бағалау,
спортқа
жоғары
қызығушылық
тудыруы,
іс-
әрекеттерінің түрлілігі.
Олардың құрбы-құрдастарының қоғамы 3 негізгі функцияны
атқарады: тәрбиелік, ақпараттық, эмоционалды контакт. Осы
кезеңдегі сана сезімінің деңгейі бір жағынан құрбылары мен
қарым-қатынас жасау деңгейіне және мазмұнына, ал 2-жағынан
құрбы құрдастарына қарым-қатынасынан байқалады.
Достарымен қарым-қатынас жасай отырып, бозбалалар
әлеуметтік мінез-құлықтық норма, мақсат-шараларын белсенді
түрде
меңгереді,
сөйтіп,
«әлеуметтену
мектебін»
өтеді.
Әлеуметтенуі келесі кезеңдерден тұрады:
-
адаптация;
-
жекелену;
-
интеграция(рефлексия), (қалпына келтіру, толықтыру);
Ж.Пиаже
11 -15 жас аралығындағы балалар ойлануы
гипотетика-дедуктивті (теориялық ойлау) болады деді. Оқу
материалы ойлау әрекетінің жоғарғы даму деңгейін қажет етуі,
және ең 1-ші кезекте интеллектінің дамуына бағытталған. Ойлау
сапасы ретінде сыншылдығы дамиды - олар мұғалім тілінен
қателер іздеуді жақсы көріп тұрады. Мимикалық әрекетінде
өзгерістер болады, кіші оқушыларда есте қалдыруда - түсіну
орын алады. Олардың есінің өнімділігі жақсарады - есте тез
сақтайтын
болады,
ұзақ
мерзімдік
ес
көлемі
артады.
Л.С.Выготский бозбалалардың қызығушылықтар
мәселесін
ерекше бөліп көрсетті, оларды ол доминанталар деп атады. Ол
келесі доминанталардың болуын атап көрсетті:
- эгоцентрикалық (өз бойына қызығуы);
- алыстық доминантасы (кейде өзін-өзі мамандық йесі деп
көруі);
- романтика доминантасы.
Ж еткінш ектегі мінез акцентуациялары ны ң байқалуы.
Мінез акцентуациялары деп - жекелеген мінез сипаттары
ерекше күшейген, байқалған, акцент жасалған кездерін айтамыз.
Әдетте
акцентуациялар мінездің қалыптасу кезеңінде
дамиды да, ересектенуге қарай басылады. Байқалу дәрежесіне
қарай 2 түрін бөлуге болады:
Мінез
акцентуациялары
кезіндегі
динамикалық
өзгерістерінің де 2 негізгі тобын ерекшелеп бөлуге болады. 1-ші
топты транзисторлы өзгерістер құрайды. Бұның құрамында
аффективті
реакциялар
бар.
олар:
бозбалалар
қиын
жағдайлармен
кездескендегі
пайда
болатын
психогенді
эмоционалды бұзылулар. Ол бірнеше минуттан 1-2 күнге дейін
созылады. Аффективті реакциялардың бірқатарын бөледі:
1. Интропунитивті реакциялар - аутоагрессия жолымен
аффектінің байқалуы. Аутоагрессия деген - өзіне
зиян келтіру, өзін-өзі өлімге итеру;
2. Экстропунитивті реакциялар - сыртқы агрессия
түрінде байқалады. Мысалы, ренжіткендерге бас
салу.
Бұл
реакциялар
гипертимді,
лабильді,
эпилептоидті акцентуацияларға тән болады;
3. Имунитивті реакциялар - тұрақсыз және шизоидті
акцентуацияда кездеседі;
4. Демонстративті реакциялар - спектакль ойнау
сияқты, яғни өзін-өзі өлтіру сияқты көрініс көрсетуі,
т.б.
С.Холл
теориясы
бойынша жеке
бастың
дамуы
(онтогенез) адамзаттың әлеуметтік даму деңгейінің кезеңдерін
қайталайды (филогенез).
Акцентуацияның түрлері мыналар:
1. гипертимді акцентуация;
2. циклоидті акцентуация;
3. лабильді акцентуация;
4. шизоидті акцентуация;
5. эпилептоидті акцентуация;
6. астеноневротикалық акцентуация;
7. сензитивті акцентуация;
8. демонстративті (истероидті) акцентуация;
9. тұрақсыз акцентуация;
10. комформды тип түрі;
11. аралас акцентуация;
Кемістігі артта қалушы мінез-құлық девиантты деп
аталады (девиация - артта қалу). Егер де балалармен әлеуметтік
ортада
жеткіншектер
арасында
олардың
қажеттілігіне,
мүмкіндігіне қарай дұрыс жауап беретін қарым-қатынас орнаса,
бұны дұрыс мінез-құлық дейміз.
Девиациялар
девиантты,
деликвентті,
криминалды
болып бөлінеді. Девиантты мінез-құлықты тәртіпке қарсы десе
де болады. Оған тән сипаттар мыналар: демонстрация, агрессия,
оқудан немесе әрекеттен өз бетімен қашу, үйден жиі кетіп қалу,
қаңғып жүру, ішу, маскүнемдік, ерте нашақорлық және соған
байланысты әрекеттер, жыныстық сипаттағы қоғамға қарсы
қылықтар, өзін-өзі асып өлтіру сияқты әрекеттер.
Деликвентті мінез-құлық заң формаларын бұзатын, бірақ
жас ерекшеліктеріне қарамай қылмыстық жауапкершілікке
тартылуынан көрінетін әрекеттер:
-
агрессивті, зорлық қылықтар (ұру, өртеу, садистік
әрекет, негізінен адамға бағытталған әрекеттер);
-
майда ұрлық, транспорт алып қашу, зорлық жасау, ақша
сұрау, т.б.;
-
есірткілерді сатып-тарату, т.б.;
Деликвентті мінез-құлық жеке деформацияға байланысты
(құндылық
бағдарларының
бұзылуы,
ішкі
реттелуінің
әлсізденуі);
Криминалды мінез-құлық заңға қарсы қылықтар деп
есептеледі де, олар белгілі қылмыстық кодекске жауап береді.
Криминалды мінез-құлыққа девиантты және деликвентті мінез-
құлық формалары қатысты болады.
Мұндай теріс мінез-құлықтарға түрлі өзара тиісті, өзара
байланысты факторлар әсер етуі мүмкін:
1. Биологиялық факторлар;
2. Психофизиологиялық;
3. Жас ерекшелік және жеке ерекшеліктер;
4. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар;
5. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |