Тұлғаның гедонистік багыттылыгымен
байланысты
онтогенез жолдары өзін-өзі анықтауды білдірмейді. Қарапайым
және жеңіл өмір салтында ол паразиттік өмір сүрумен жүзеге
асады. Оның бір варианты ата-аналарының ақшасымен өмір
сүру. Жүйелі жұмыс істеуге деген қабілеттің болмауы өз өмірін
дербес қамтамасыз етудегі қабілетсіздікке әкеліп соғады. Осы
қабілетсіздіктің салдарынан жұмыс іздеуде олар сәтсіздікке
ұшырайды. Онтогенездің осы жолының тағы бір варианты -
үйленумен байланысты, яғни өз жарының ақшасына өмір сүру.
Бұл вариант көбінесе қыз балаларға тән. Келесі бір вариант -
қылмысты істерге
қатысу.
Бұл вариантқа ішімдік тән.
Онтогенездің жоғарыда келтірілген жолдарының өкілдерінде
нақты өмірлік жоспардың, сонымен қатар еңбек немесе оқу іс-
әрекетіне деген қабілеттің жоқ болуы білім алу мен қандайда бір
мамандық алудағы немқұрайлыққа әкеледі.
Тұлғаның эгоистік багыттылыгымен
байланысты
онтогенез жолы құндылықтардың жеткілікті қалыптасқан
иерархиялық
жүйесімен,
эгоистік
мотивтердің
басымдылығымен ерекшеленеді. Осы жолдардың бірі мәртебелі
мотивацияларға сәйкес келеді. Өмірлік жол карьериялық
жоғарылауға талпыну, техника немесе өнерде жетістікке жетуге
байланысты таңдалады. Отбасындағы материалдық жағдайға,
ата-аналарының кәсіби өзге де байланыстарына, өздерінің
мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қатысты танымал жоғары оқу
орнына баруға тырысады.
Тұлғаның эгоистік бағыттылығының тағы бір варианты
билік, доминанттылық мотивтерімен байланысты. Мотивациясы
дәл осындай жастар өздерінің мінез-құлықтарының, нақты
қызығушылықтарының, оқу және физикалық дайындықтарының
ерекшеліктері мен ата-аналарының мүмкіндіктеріне байланысты
басшы кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарына түсуге
тырысады.
Өмірдің материалдық жағына басым бағдар, тұлғаның
эгоистік бағыттылығымен байланысты онтогенез жолдарының
тағы бір варианты болып табылады. Өмірлік жол таңдауда
материалдық жетістік басты роль ойнайды.
Материалдық жетістік мотивін іске асырудың бір жолы
- тиімді некеге тұру.
Тұлғаның
рухани-адамгершілік
багыттылыгында
мамандық таңдау бейімділікке байланысты таңдалады. Өмірлік
мақсаты бақытты отбасын құру болса да, олар оқу орны мен
жұмыс орнын жақын жерден таңдау принципі бойынша
таңдамайды.
Егер
ол
өзінің
қалауын
тапса,
таңдаған
мамандығын
меңгерудегі
кездесетін
қиындықтарды
шыдамдылық пен қажырлық арқылы жеңіп шығады. Мамандық
таңдау үлкен қиындық әкеледі. Бұл жерде мамандық таңдау
модаға, конъюктураға және өзге де сыртқы жағдайларға емес,
өзінің қызығушылықтарына байланысты.
Сонымен, Ерте жастық шақ - ересектік шақтың, жеке өмірдің
бірінші кезеңі. Өз өміріне деген жауапкершілік осы жас
ерекшелік кезеңнің ерекшелігін анықтайды. Кейбіреулер үшін
өмірлік жоспарларын іске асырып, олардың шынайылығын
практикада сынау басталады. Келесілері өзін анықтау мәселесін
шешуге тырысып, ересектік шақта да өздерін іздеумен болады.
Өмір салты мен оған сәйкес дүниетанымдық бағдарлар алдыңғы
жас кезеңде қалыптасып қойғанмен де, ізденіс барысында
көптеген нәрселер анықталып, саналы түсініледі.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Жасөспірімдік жаста дамудың әлеуметтік жағдайы
(Өмірлік жолын таңдауы).
2. Жастық шақ пен ересектік кезең ерекшеліктері.
3. Жастық шақта құрбыларымен, ересектермен өзара
қатынасы және қарым-қатынасы
4.
Жастық шақ (30 ға дейін )ерешеліктері
Д иагностикалы қ әдістемелері
М отивациялы қ жетістіктердің өлшемі
М.Ш.Магомед-Эминова
ұсынған
тестік
сұрақнаманың
модификациясын А.Мехрабиан жасаған түрткілік жетістік
тесті
өлшеу
(ТЖТ-ТМД),
ТМД
жеке
түрткісі
екі
диагностикалық тұрғыдан қарайды: жетістікке жету түрткісі
және сәтсіздіктен қашу түрткісі ретінде түлғаның екі
тұрақты жалпыланған түрткілерін анықтауға арналған.
Әдістемелік диагностикасы жоғары сынып жасындағылар
мен
студенттердің
түрткі
жетістіктерін
анықтауда
қолданылады. Тест сұрақнама келесі үлгіден тұрады. (А
үлгісі) еркектер және ( Б үлгісі) әйелдер деп бөлінеді.
Нұсқау:
Тест
бірнеше
жеке
мінез-құлыққа және
де
кейбір
жағдайлардағы сезімдер мен пікірлерге байланысты келеді.
Сіз оған келісесіз бе? әлде келіспейсізбе? Соған байланысты
шкалалар көрсетіледі. Сонымен қатар осы екі түрткінің
қайсысы басымдықта екендігі анықталады.
+3 толықтай келісемін
+2 келісемін
+1 келіспегеннен көрі, келісемін
0 нейтралды
-1 келіскеннен көрі, 1 келіспеймін
-2 келіспеймін
-3 толықтай келіспеймін
Сонымен
толықтай
оқып
шығып,
өз
келісіміңіздің
(келіспеуіңіздің) дәрежесін бағалаңыз. Оған қоса цифр
(+3,+2,+1,0,-1,-2,-3) қойыңыз. Сіз өзіңіздің ойыңызға келген
жауапты қойыңыз, оны ойлауға уақыт кетірмеңіз. Бұның
қорытындысы,тек ғылыми мақсатта қолданылады. Егер
сізде кейбір сұрақтар туындаса, оны тестке дейін айтыңыз
сосын тестке көшіңіз.
Тест сұрақнама (А үлгісі)
1. Мен көбіне жақсы баға алуды армандаймын, жаманға
қарағанда.
2. Егер мен белгілі бір жұмысты атқаратын болсам оны
біреумен істеуге тырысамын жалғыз болғанға қарағанда.
3.Мен қиын шешімдер үшін күресемін жеңілге қарағанда.
4.Маған көбінесе артық күш жүмсамайтын жұмыс ұнайды.
5.Егер менің мүмкіндіктерім жақсы көрінбесе онда мен
(оны) келесі жолы бар күшімді салсам да оны жөнге
келтірер едім.
6.Мен көбіне жұмыс істегенде менің қызметім нақты
анықталуын көздеймін және жалақысы жоғары болғанын
қалаймын.
7.Мен көркем әдебиетке қарағанда арнайы әдебиеттерді
оқығанға көп көңіл бөлемін.
8.Мен негізгі маңызды қиын жұмысты қалаймын, онда
жетістікке жету мүмкіндігі 50% болса да.
9.Мен шеберлікті қажет ететін және көп адамдарға таныс
емес сирек кездесетін ойындардан гөрі көпшілікке танымал
ойындарды үйренін алар едім.
10.Менің әріптестеріммен ара қатынасым бұзылса да, маған
көбіне жұмысымның жақсы істелгені маңызды.
11.Егер мен картта ойнайтын болсам онда мен белгілі оңай
бір ойынды ойнар едім. Оған ойланудың қажеті жоқ.
12.Мен көбіне менің жетістігім бәрінен озық болған жерде
ғана жарысқа түскеді қалар едім.
13.Мен жұмыстан бос уақытымда, дем алу немесе ойнау
үшін емес, өз іскерлігімді дамыту үшін бір ойын техникасын
меңгерер едім.
14.Мен жұмысты өзімше істегенді қалаймын, мейлі ол
қатемді 50% болсын яғни ол өзгеге ұқсамау керек.
15.Егер маған жұмыс ұсынса онда 100- мың төлейтін жерді
таңдаушы едім.
16.Мен командада жарысқанды қалар едім, жекпе-жекке
қарағанда.
17.Мен жұмыста толық түрде күш жұмсап оны реттегенді
қалаймын.
18.Мен емтиханда өткен тақырыптағы нақты сұрақтар
болғанын қалаймын, талап еткен сұраққа өзімнің ойымды
айтар едім.
19.Мен менің жағдайым нашарламайтын, бірақ онша
жақсармайтын
да
істі
таңдағаннан
гөрі,
сәтсіздікке
мүмкіндік бар, бірақ қандай да жетістік болатын істі таңдар
едім.
20.Емтиханда сәтті жауаптан кейін жақсы бағадан бұрын,
одан өткеніме қуанар едім.
21.Егер маған аяқталмаған екі істі берсе, онда мен ең бірінші
қиынын бастар едім, жеңіліне қарағанда.
22.Бақылау жұмысын орындағанда, оны дұрыс шешуді
ойлағаннан гөрі, қандай да бір қателік жібермеу туралы
көбірек мазасызданамын.
23. Егер шешімдерім шешілмесе, мен өзім ары қарай
іздестіргеннен гөрі, біреуден көмек сұраймын.
24.Сәтсіздіктен кейін мен көбіне өзімді жинақтап, келесі
мүмкіндігімді жібермеуге тырысамын.
25.Егер жетістікке деген сенімсіздік туса, онда мен
тәуекелге бармаймын.
26.Қандай да бір қиын жұмысты алғанда, оны жасаймын
деген сенімімнен гөрі, оны жасай алмаймын ба деп
қорқамын.
27.Мен біреу басқарып отыратын жұмысты істегенде, өз
жауапкершілігіме алудан гөрі, тиімді істеймін.
28.Мен көбіне білмейтін күрделі жұмыс істегенді ұнатамын,
жетістікке сенімділіктен гөрі.
29.Менің
алдыма
жалпы
жағдайдағы
тапсырманы
қойғандағыдан гөрі, нақты түрде не істеу керектігін
нұсқағанда өнімдірек істеймін.
30.Егер мен қандай да бір тапсырманы орындасам, басқа
типтегі
тапсырмаға
көшуден
гөрі,
алдағыға
ұқсас
тапсырманы жасауға көшер едім.
31.Егер жарысу керек болса онда менде қызығушылық пен
құмарлық пайда болады, мазасыздықтан гөрі.
32. Сірә, мен болашақ жоспарларымды іске асыруға
тырысудан гөрі, олар туралы көбірек армандаймын.
Тест сұрақнама (Б үлгісі ).
1.Мен жаман баға алудан қорыққаннан гөрі, жақсы баға
алуды көбірек ойлаймын.
2.Мен қиын мәселені алғанды қалаймын, мейлі мен оны
шеше алмасам да.
3.Маған артық күш жұмсамайтын жұмыс ұнайды.
4.Егер де мен бір нәрсені жасай алмасам, өзім жасай
алатыныма көніккеннен, жасай алмайтынымды жасауға бар
күшімді салар едім.
5.Мен орташа жұмыстан көрі екі есе төлейтін және нақты
қызметтік функциялары анықталған жұмысты қалар едім.
6.Менде жетістікке деген үміттен гөрі, сәтсіздікке деген
қорқыныш басым.
7.Оңай жанрдағы әдебиеттен гөрі, ғылыми-көпшіліктік
әдебиетті қалаймын.
8.Мен көбіне маңызды қиын жұмысты қалар едім, ол
жердегі сәтсіздік 50% болса да.
9.Мен белгілі ойындарды жаттап алар едім (еш белгісіз)
мейлі оның жетістігі 50% болсада.
10. Менің әріптестеріммен ара қатынасым бұзылса да, маған
көбіне жұмысымның жақсы істелгені маңызды.
11. Емтиханда сәтті жауаптан кейін жақсы бағадан бұрын,
одан өткеніме қуанар едім.
12. Егер мен картта ойнайтын болсам онда мен белгілі оңай
бір ойынды ойнар едім. Оған ойланудың қажеті жоқ.
13.Мен өзім күшті болатын жарысты ұнатамын, күштері
шамамен бірдей қатысушылар болғаннан гөрі.
14.Сәтсіздіктен кейін мен одан әрі шешімді сенімді
боламын.
15.Сәтсіздік
жетістікке
қарағанда
менің
өмірімді
қиындатады.
16.Белгісіз
жағдайлар
маған
қызығушылықтан
гөрі,
мазасыздық тудырады.
17.Мен өзім әдетте жақсы даярлайтын астан көрі, мүмкін
нашар шықса да, жаңа сирек кездесетін тағам дайындауға
тырысар едім.
18.Мен маңызды болса да, бірақ қызықтырмайтын нәрсені
жасағаннан көрі, өзіме ұнайтын және көп күшті талап
етпейтін нәрсемен айналысар едім.
19.Мен белгілі бір істі жасау үшін өзімнің бар уақытымды
кетіремін, осы уақыт ішінде екі-үш нәрсені тез жасағаннан
көрі.
20.Мен егер ауырып үйде қалсам, онда дереу демалуға
тырысамын.
21.Егер мен бірнеше қыздармен бір бөлмеде тұрсам онда
дереу ойын-сауықты өзім ұйымдастыратын едім.
22.Егер менің шешімім дұрыс емес болса, онда біреудің
көмегіне жүгінер едім.
23.Егер жарысу керек болса онда менде қызығушылық пен
құмарлық туады, мазасызданудан көрі.
24. Қандай да бір қиын жұмысты алғанда, оны жасаймын
деген сенімімнен гөрі, оны жасай алмаймын ба деп
қорқамын.
25.Мен біреудің басқаруымен жақсы жұмыс істеймін, өзіме
жауапкершілік алғаннан көрі.
26. Мен көбіне білмейтін күрделі жұмыс істегенді ұнатамын,
жетістікке сенімділіктен гөрі.
27. Егер мен қандай да бір тапсырманы орындасам, басқа
типтегі
тапсырмаға
көшуден
гөрі,
алдағыға
ұқсас
тапсырманы жасауға көшер едім.
28.
Менің
алдыма
жалпы
жағдайдағы
тапсырманы
қойғандағыдан гөрі, нақты түрде не істеу керектігін
нұсқағанда өнімдірек істеймін.
29.Егер де маңызды істі орындағанда қате кетсе, көбіне
сасқалақтаймын, өзімді жинақтап, жағдайды дұрыстауға
тырысудан көрі.
30.Мен өзімнің болашақ жоспарларымды көп армандаймын,
оларды шын мәнінде іске асыруға тырысудан көрі.
Қ оры ты нды баллдарды санау.
Балды анықтау үшін келесі мүмкіндікті пайдаланамыз
жауаптары (кілті «+» деген белгімен берілген).
-3 -2 -1 0 1 2 3
1 2 3 4 5 6 7
Кері әрекетте сұраққа («-» белгілермен) келеді.
-3 -2 -1 0 1 2 3
7
6 5 4 3 2 1
Ерлер форматының кілті:
Әйелдер форматының кілті
Қорытынды бойынша 27%-жетістікке жету, 27%-сәтсіздіктен
қашу-деп екі топқа анықтайды.
Ж О О оқыту мотивациясы
(Т.И. И льина)
Бұл әдістемені құруда автор басқа бірнеше әдістемелерді
пайдаланған. Әдістеме үш шкаладан тұрады: «білімді меңгеру»
(білімді меңгеруге талпыныс, білуге құмарлық); «мамандықты
игеру» (кәсіби білімді игеруге талпыну және маңызды кәсіби
қасиеттерді қалыптастыру); «диплом алу» (жалған білімді
меңгеру барысында диплом алуға талпыну, емтихан және сынақ
тапсыруда жанама жолдарын іздестіруге талпыну). Сауалнамаға
маскировка үшін, әдістеме авторы болашақта өңделмейтін
бірнеше
фондық
тұжырымдамаларды
енгізді.
Бірнеше
формулировкаларды оқулық авторы еш мәнін өзгертпестен
түзеткен (О.Б.Дервиш. Возрастная психология)
Нұсқау
Келісіміңізді «+» белгісімен, келіспесеңіз «-» белгілеңіз.
Сауалнама мәтіні
1. Сабақ барысындағы ең жақсы атмосфера - ойын еркін
жеткізу атмосферасы.
2. Әдетте мен үлкен күш жұмсаумен жұмыс істеймін.
3. Менің қобалжулардан және келеңсіздіктерден кейін
басым сирек ауырады.
4. Менің ойымша, менің болашақ мамандығыма қатысты
деген пәндерді өз еркіммен оқимын.
5. Бойыңыздағы қандай қасиетті ең жоғары деп
бағалайсыз? Жанына жауап жазыңыз.
6. Менің ойымша, өміріңді таңдалынған мамандыққа
арнаған дұрыс.
7. Мен, сабақта күрделі мәселелерді қарастырғаннан ләззат
аламын.
8. Мені жоо-да жасап жатқан жұмыстарымыздың көбінің
маңыздылығын көріп тұрғаным жоқ.
9. Мен болашақ мамандығым жайлы таныстарыма айтудан
ләззат аламын.
10. Мен деңгейім орташа студентпін, ешқашан жақсы бола
алмаймын, сондықтан жақсы болу үшін ерекше күш
жұмсаудың қажеті жоқ.
11. Менің ойымша, қазіргі уақытта жоғары білім алу
міндетті емес.
12. Мен мамандығымды дұрыс таңдағаныма кәміл
сенімдімін.
13. Өзіңізге тән қандай қасиеттерден құтылғыңыз келеді.
Жанына жауабын жазыңыз.
14. Жағдайға байланысты емтихандарда қосымша
материалдарды пайдаланамын (конспекттер,
шпаргалкалар, жазбалар, формулалар).
15. Өмірдегі ең қызықты кезең - студенттік кезең.
16. Менің түнгі ұйқым сондай мазасыз.
17. Меніңше, мамандықты толық игеру үшін, оқу
пәндерінің барлығын, біркелкі тереңдетіп оқыған дұрыс.
18. Мүмкіндік болғанда, мен басқа жоо-ға түсетін едім.
19. Әдетте мен, басында жеңіл тапсырмаларды орындап,
күрделі тапсырмаларды кейінге қалдырамын.
20. Мен үшін мамандық таңдауда, бір тоқтамға келу қиын
болды.
21. Кез келген келеңсіздіктерден кейін мен тыныш
ұйықтаймын.
22. Мен мамандығымның маған моральдық қанағат пен
өміріме материалдық жетістік беретініне толық
сенімдімін.
23. Меніңше, маған қарағанда, менің достарым оқуға
қабілетті сияқты.
24. Мен үшін жоо-ның дипломын алу өте маңызды.
25. Кейбір практикалық пікірлерден, мен үшін бұл ең
қолайлы ЖОО.
26. Менің әкімшіліктің ескертуінсіз оқуыма күш жігерім
жеткілікті.
27. Мен үшін өмір әрқашанда кереметтей күйзелістермен
байланысты.
28. Емтиханды минимум күш жұмсай отырып, тапсыру
керек.
29. Мен қызығушылық таныта оқитын, ЖОО көп.
30. Сізге тән қандай қасиеттеріңіз оқуыңызға кедергі
жасайды? Жанына жауабын жазыңыз.
31. Мен көп қызығатын адаммын, бірақ менің барлық
құмарлықтарым болашақ жұмысыммен байланысты.
32. Емтиханның немесе жұмыстың уаөытында
орындалмағандығы жайлы мазалану, менің ұйқыма
кедергі болады.
33. ЖОО бітіргеннен кейінгі жоғары жалақы мен үшін аса
маңызды емес.
34. Мен топтың ортақ шешіміне қолдау көрсету үшін,
жақсы көңіл-күйде болуым керек.
35. Мен ЖОО-ға қоғамда беделді орын алу, әскери
қызметтен босатылу үшін түсуге мәжбүр болдым.
36. Мен материалды емтихан үшін емес, кәсіби маман болу
үшін оқимын.
37. Менің ата-анам өз істерінің маманы, менің де соларға
ұқсағым келеді.
38. Қызмет бабымен өсу үшін маған жоғары білім қажет.
39. Қай қасиетіңіздің, сіздің оқуыңызға көмегі болды?
Жанына жауабын жазыңыз.
40. Менің болашақ мамандығыма қатысы жоқ пәндерді оқу
мен үшін қиындық туғызады.
41. Мені мүмкін болатын сәтсіздіктер өте алаңдатады.
42. Көп жағдайда мен, мені стимулдағанда ғана іспен
айналысамын.
43. Осы ЖОО-ны таңдауым тұрақты шешім.
44. Менің достарым жоғары білімді, менің олардан қалғым
келмейді.
45. Топты қандай да бір нәрсеге сендіру үшін, маған
қарқынды жұмыс істеуге тура келеді.
46. Әдетте менің көңіл күйім бір келкі, әрі жақсы.
47. Мені болашақ мамандығымның жеңілдігі, қолайлығы,
тазалығы қызықтырады.
48. ЖОО түспестен бұрында бұл мамандық мені
қызықтырды, ол жайында көп оқығанмын.
49. Мен меңгеретін мамандық ең маңызды және беделді
мамандықтардың бірі.
50. Осы жоо сенімді түрде таңдауым үшін, бұл мамандық
жайлы білімім жеткілікті болды.
Нәтижелерді өңдеу. Сауалнама кілті.
«Білімді меңгеру» шкаласы - келіссеңіз (+) п. 4 мақұлдауы
бойынша 3,6 балл; п. 17 бойынша - 3,6 балл; п. 26 бойынша 2,4
балл; келіспесе («-») п. 28 мақұлдауы бойынша - 1,2 балл; п. 42 -
1,8 балл. Максималды түрде - 12,6 балл.
«Мамандықты игеру» шкаласы - келісім бойынша п.9 - 1 балл;
п.31 бойынша - 2 балл; 33п. - 2 балл; 43п. - 3 балл; 48 п. - 1
балл және п.49 - 1 балл. Максималды түрде - 10 балл.
«Диплом алу» шкаласы - келіспесе п.11 - 3,5 балл. Келіссе п. 24
- 2,5 балл; п.35 - 1,5 балл; п. 38 - 1,5 балл және п. 44 - 1 балл.
Максималды түрде - 10 балл.
5, 13, 30, 39 с. Бойынша сұрақтар сауалнаманың мақсатына
бейтарап және өңдеуге қосылмайды.
Қ оры ты нды
Бірінші екі шкала бойынша мотивтерді меңгеру студенттің өз
мамандығын адекватті таңдағандығын және оған
қанағаттанатындығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |