Пікір жазғандар



бет1/74
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142588
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
Пікір жазғандар-emirsaba.org


Пікір жазғандар

24 желтоқсан 2019 жыл).


Пікір жазғандар:
Г.М.Қарымбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ф.ғ.к., доцент. «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі.
Л.Т.Мақұлова – Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., деңгейлік курстарды оқыту тренері.
Редакция алқасы:
Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы, төрайым, Б.Х.Тажибаев – облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары, төрайымның орынбасары; А.Н.Иманбекова – Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сарапшы мұғалімі; Ш.М.Жамалбекова – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, редактор; А.Нұрмолдаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, техникалық корректор.


Р.О.Айтбаева, А.Б.Орманбекова, А.С.Танаева – «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» 8-сынып, Қазақ тілі пәні– Тараз, 2020. – 136 бет.
«Қазақ тілі» пәнінен 8-сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары сияқты оқу дағдыларын толық қамтыған.
Жинақта бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар екі нұсқада ұсынылған.
© Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ. 2020
КІРІСПЕ
Жинақ қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бұл жинақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары сияқты оқу дағдыларын толық қамтыған.


Жинақта бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар екі нұсқада ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тапсырмалар кесте, сурет түрінде жасалған. Оқылым мәтіндерінің авторына сілтеме жасалған.
Жинақ пән мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


МАЗМҰНЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ................................ 5

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» .............................. 6


Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» .................... 14
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 22
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» .................................. 23
Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» .................................................... 31
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 39
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» .................................................................................................................. 40
Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң. Синтаксис .............................................................................................................. 48
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 56
Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» ....................................................... 57
Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» ............................... 64
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ............................................... 72
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ............................................... 90
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ............................................. 106
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ............................................ 124
Қорытынды ................................................................................................................. 138
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................................ 139



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет