Пікір жазғандар



бет18/74
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142588
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74
Байланысты:
Пікір жазғандар-emirsaba.org

Бағалау критерийі


Тапсырма


Дескриптор


Балл


Білім алушы

Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің типтерін, тақырыбын, құрылымын салыстырады




1

Мәтіндердің тақырыбын
анықтайды;
Мәтіндердің стильдерін
көрсетеді;
Мәтіндердің құрылымын
анықтайды;
Мәтіндердің жазылу сипатын
анықтайды;

1
1

1
1

Құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады


2

Тақырыпты ашады;
Тақырып бойынша субъективті
көзқарасын білдіреді;
Көзқарасына дәлелдер келтіреді;
Эссе құрылымын сақтайды;
Жалпы сауаттылық нормаларын
сақтайды.

1
1


1
1

1




Барлығы


9


«Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң. Синтаксис» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Білім алушының аты-жөні ____________________________________



Бағалау критерийі


Оқу жетістігі деңгейі


Төмен


Орта




Жоғары

Ғылыми және публи цистикалық стильдегі мәтіндер дің типтерін, тақырыбын, құрылы мын салыстырады




Мәтіндерді тақырыбы, стильдері, типі, құрылымы бойынша салыстырып, кестені толтыруда қиналады


Мәтіндерді тақырыбы, стильдері, типі, құрылымы бойынша салыстырып, кестені толтыруа қателеседі


Мәтіндерді тақырыбы, стильдері, типі, құрылымы бойынша салыстырып, кестені толтырады




Құрылымы мен даму желісін сақтап, аргу ментативті эссе жазады


Тақырып бойынша құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазуда қиналады




Тақырып бойынша құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазуда қателеседі


Тақырып бойынша құрылымы мен даму желісін сақтап, аргумен тативті эссе жазады





4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» бөлімі


1-нұсқа



Оқу мақсаты:

8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау






Бағалау критерийі:


Білім алушы
Тыңдалған мәтінді түсіндіреді
Мәтіннің астарлы ойын анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі:


Қолдану



Орындау уақыты:

15-20 минут






Тапсырма


1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
  1. Сұхбат берушінің пікірінше, қазақстандық сықықшылардың ресейлік сықақшылардан қандай кемшілігі бар?


  2. Сықақшылардың «аш бәледен қаш бәле» деп ойлауының себебі неде?


  3. Пародия жанрының тоқырау себебі неде болуы мүмкін?


Аға, күлкі күнінің қарсаңында сізбен қазіргі сатираның жай-күйі туралы әңгімелесуге келіп тұрмын. Осы сізді визиткасына «Көпен Әмірбек атындағы сыйлықтың лауреаты Көпен Әмірбек деп жазып алған» дейді. Сықақшыларға ешбір атақ, мемлекеттік сыйлық берілмейтінін меңзегеніңіз бе?



– Өзімнің атымдағы сыйлықты өзіме жазып жүргенім атаққұмар пенделерге астарлап айтқан пародиям ғой. Оны біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Кеше ғана көз алдымызда жүрген көкелерiмiз Оспанхан Әубәкiров, Шона Смаханұлы, Қалтай Мұхамеджановтардың қайсысы қай лауреаттан кем? Тiптi, жыл сайын берiлетiн Президент стипендиясының тiзiмiнен де тiрi сықақшы таппайсыз. Бір жағы соны әзілдеп жазған түрім.
Кеңес үкіметінің кезінде сатираға цензура қойылды. Соның өзінде Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкiровтер қоғамдағы келеңсіздіктерді ебін тауып сынап, сатира тілімен түйреп жататын. Ал қазір ешбір цензура да, шектеу де жоқ. Бірақ қоғамдағы келеңсіздіктерді түйрейтін, шымшитын, уытты саяси сатира жоқ. Неге?
– Сықақшылардың көбі «аш бәледен қаш бәле» деп ойлайды-ау деймін. Тыныш жатқан жыланның құйрығын басудан да қорқатын болуы керек.. Ресейде сатириктер президентінен бастап, билік басындағыларды аямай сынайды. Жемқорлық, ұйымдасқан қылмыс, парақорлық - мұның барлығы Ресейде уытты тілмен сахнадан айтылады. Ал біздің сықақшылар мұндай тақырыптарға бара бермейді.
Сайыпқыран сықақшының бірісіз ғой. Өзіңіз неге осы тақырыптарды жазбай жүрсіз?
– Сыбайлас жемқорлық, парақорлық, мафиямен күресу мәселелері құқық қорғау органдарының құзіретінде қалып қойды. Шіркін-ай, сол мафиялардың атын атап, түсін түстеп жазайыншы дейсің-ау. Қазір сенің жазғаныңды ешкім шыбын шаққан құрлы көрмейді. Бұрын не жазсаң, кімді түйресең, содан қорытынды шығатын, жауап берілетін.
Аға, біздегі пародия жанрының жағдайы да мәз емес-ау. Пародист Олжас Сыдықбек о баста Иманғали Тасмағамбетовтің, Жүрсін Ерманның, Бекболат Тілеуханның дауысын салып танылып еді. Басқа әзіл-сықақ театрларының да пародияны қатырып жатқаны шамалы. Ә десе бәрі Мақпал Жүнісоваға, Нұртілеу Иманғалиға, Жанар Айжановаға пародия жасайды. Пародия жанры тоқыраудың үстінде ме қалай?
– Сен Олжас Сыдықбек, Аманғали, Дәркендер, таусылды дейсің. Олар таусылған жоқ. Бізде пародияға ілігер тұлғалар таусылды. Кезінде мен пародия жасаған Шерхан Мұртаза қария болды. Мұхтар Шаханов та шал тартып бара жатыр. Олжас Сүлейменов өзінің тіршілігімен шет елде жүр. Пародия аты алты алашқа мәлім, бүкіл халық білетін тұлғаларға жасалуы керек. Ал біздің тұлғалар кәрістің еккен пиязы секілді маусымдық тұлғалар ғой. Бір маусымнан соң таусылады. Тұлға болмаған соң пародия да жоқ. Сондықтан жағдай осындай болып тұр.
Әңгімелескен: Қарлыға ИБРАГИМОВА
«Халық сөзі» газеті


2-тапсырма. Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.


Клише:
Менің ойымша негізгі ойы ... . Оған ... дәлел бола алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет