Пікір жазғандар


Тапсырмалар және балл қою кестеcінің үлгісі



бет33/74
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142588
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
Байланысты:
Пікір жазғандар-emirsaba.org

Тапсырмалар және балл қою кестеcінің үлгісі
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография. Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика
2-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1.Берілген дәйексөзге сүйеніп, мәтінде қозғалатын мәселеге болжам жасаңыз.
2.Жұбыңыздың дәйексөз бойынша жасаған болжамын тыңдап, түпнұсқамен салыстырыңыз. Қандай тұстардың сәйкес келгендігіне дәлелдермен кері байланыс беріңіз.
[10]
1-мәтін
Дәйексөз:
Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.
Құндылық — мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуіші іспетті.

Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп – адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн.


Қорыта айтқанда ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді. (182 сөз.) https://kk.wikipedia.org/wiki/
2-мәтін
Дәйексөз:
Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан көріну мақсатын қойып отыр.
Қай елдің болмасын дамуында ұлттық мәдениетті өркендетудің маңызы орасан зор. Қазақ елі де осы жолмен жүріп келеді. Мәдениеті дамымаған халықтың келешегі де жоқ. Тек ұлттық мәдениетін өркендеткенде ғана дамудың жолына түсетіні хақ. Мәдениеттің ауқымы өте кең. Оның аясында сан ғасырлық ата-баба дәстүріне сай қалыптасқан мәдениет жатады

Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан көріну мақсатын қойып отыр. Бұл орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек», — деп атап көрсеткен-ді. Яғни қазіргі қазақ қоғамының көпшілігі жастар. Кез-келген жағдайда жастар қауымы бұқаралық күш. Осындай жағдайда жастар тәрбиесі, мәдениеті алдыңғы орындағы мәселе болып саналады. Мәдени өсу, білім, тәрбие болмай қазіргі жастардың өзін кемелдендіруі, қоғамды алға бастыруы мүмкін емес. Қазақ ұлтын алға бастыру да, артта қалдыру да жастардың қолында. Сондықтан кез - келген адам әр ісі мен пікірінде адамгершілік, парасаттылық танытып, мәдениетті жолды таңдағаны жөн.



3-мәтін
Дәйексөз:
Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз жан-дүниеміздің құндылықтарына назар аудара бермейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет