Пікір жазғандар



бет63/74
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142588
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74
Байланысты:
Пікір жазғандар-emirsaba.org

Барлығы


40


30


«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1.Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің мазмұнындағы астарлы ой мен көтерілген мәселе бойынша дәйексөздерді анықтаңыз. Мәтіндегі ақпаратқа сай перифраз түрінде құрастырылған сұрақтардың жауабын кестеге жазыңыз. Жұбыңыздың жауабымен салыстырып, ойыңызды тұжырымдаңыз.
2.Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтаңыз. Мәтіннің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Театр – ұжымдық өнер

Театр – ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектаклі драматург, актерлер, қоюшы-режиссер, сценограф, композитор мен хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілер, жарық берушілер секілді, театрдағы т.б. көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады.


Театр өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыка, ән мен бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халықтың ойын-сауықтарынан айқын көрініс тапты. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түрі қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды.
Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді. Театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық - әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді. (176 сөз) https://kk.wikipedia.org/wiki/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет